» » ПЕШТІ ҚОЛДАНҒАН КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

ПЕШТІ ҚОЛДАНҒАН КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Әдетте, күн суытып, жылыту маусымы басталған кезде электр жылыту құралдары мен пештердің ақаулығы немесе оларды орнату және пайдаланудағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылық салдарынан орын алатын өрттердің саны күрт өседі.

Тілсіз жаудың алдын аламын десеңіз, келесі қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыз. Жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, жөнделуі керек. Жарамсыз пештер мен басқа от жағу құралдары пайдалануға жіберілмейді, жеке меншік үйлерде жылту кезеңінің алдында және 3 ай сайын түтіндіктер мен мұржаларды күйеден тазарту қажет.
Пештің алдындағы еденге көлемі 50×70 см темір қаңылтыр қағылмаған жағдайда, пешті пайдалануға болмайды. Пештерді қатты қыздыруға және қатты отынмен жағылатын пештерді жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез жанатын сұйықтарды пайдалануға болмайды.
Пеште от жағу кезінде тиым салынады:
от жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сонымен қатар кішкентәй балаларға қарауға тапсыруға;
отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды оттық алдындағы қаңылтырға қоюға;
пешті шамадан тыс қыздыруға жол берілмейді.
Егер сіз электр жылыту пешін пайдалансаңыз, мына қағидаларды білуіңіз қажет:
электр жылытқыштар тек зауытта жасалған болуы қажет.
Электр жылытқыштарды жанғыш заттар мен жабуға, олардың үстіне кір кептіруге болмайды.
Қосылған құралдарды үнемі бақылау қажет, үйден кеткен кезде оларды міндетті түрде өшіру керек.
Уақытша металл пештерді орнатқанда келесі өрт қауіпсіздігі талаптары толық орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Металл пештердің аяқтарының ұзындығы 0,2м аз болмау керек.
Пештің астындағы жанғыш едендер саз балшықпен жапсырылған кірпіш қатарымен немесе үстіне болат қаңылтырмен жабылған қалыңдығы 12 см, асбест қатты қағазымен оқшаулануы керек.
Металл пештері ағаш құрылымдар мен жиһаздан 1м, жанудан қорғалған құрылымдардан 0,7 м қашықтықта орнату керек.
Пеш жағумен байланысты өрттердің себептері, мұржада жиналатын күйенің жануынан қабырғаларының қызуы нәтижесінде мұржаның кірпіш қалауында пайда болатын жарықтар болып табылады.
Айтылған ережелермен жеңіл және оңай іске асырылады.Осыларды бұлжытпай орындау Сіздің үйіңізді өрттен, жанұяңызбен туысқандарыныздың және жақын адамдарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды.
Орын алған Төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде «101», «102» телефондарына хабарласуларыңызды сұрайды.

Сырдария ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі

http://tirshilik-tynysy.kz/peshti-oldan-an-kezdegi-auipsizdik-erezheleri/
10-01-2017, 12:33
1 024 просмотров
Нашли ошибку?