2017 жылдың 13-маусым күні Арал
ауданы Сексеуіл кентінде ҚР Ішкі істер министрлігінің №903-904 мамандандырылған
құрамында 10 дәрігер және 16 медбике және 53 қызмет көрсетуші персоналы бар
«Денсаулық» поезды келді.
2017жылдың 14 маусымынан бастап Сексеуіл кентінің азаматтарын қабылдап,
медициналық көмек көрсетуді бастады.
«ҚТЖ-жүк тасымалы» АО-ның атқарушы директор президенті О.Кулаковтың бекіткен
«Денсаулық» поездының қозғалыс кестесіне сәйкес,
Арал ауданында аталған поезд 13-маусым айының 13-і мен 30-ы аралығында
төмендегідей елді мекендерді аралау жоспарлануда:
1.Арал ауданы,Сексеуіл кентінде маусым айының
13-18-і күндері аралығы
2. Арал ауданы Қарақұм ауылдық округі Абай ауылында
– маусым айының18-21-і күндері аралығы
3.Арал қаласында – маусым айының 21-25-і күндері
аралығы
4.Арал ауданы Сапақ ауылында – маусым айының
25-26-сы күндері аралығы
5.Арал ауданы, Шөміш ауылында – маусым айының
26-28-і күндері аралығы
6.Арал ауданы, Бекбауыл ауылында маусым айының
28-30-ы күндері аралығы
Сая
Ералиева