» » ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ ҰСТАУ ҚАЖЕТ

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ ҰСТАУ ҚАЖЕТ

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ ҰСТАУ ҚАЖЕТ

Қызылордада Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов және Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы Ақмарал Сермағанбетованың қатысуымен брифинг өткізілді. Онда су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және суға шомылу маусымында адамдардың қаза болуы туралы жедел ақпарат берілді.

Бақыт Сағынбекұлы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Облыс су айдындарында 2017 жылдың басынан бері 15 адам, оның ішінде 4 бала, 1 кәмелетке толмаған жасөспірім суға батып кетті. Барлық оқиғада адамдар су айдындарының жабдықталмаған орындарында суға шомылған, балалар ата-аналарының қарауынсыз болған. Сондықтан Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары Қызылорда облысы ТЖД мамандары және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін барлық жағдайларды жасап, облыс су айдындарында күн сайын рейдтер мен патруль жүргізеді.

Құтқарушылар жаздың ерекше уақыт екенін біледі, өйткені ол кезде бір секунд көзден таса қылмайтын сәт, шын мәнінде су қоймаларында демалушылардың қауіпсіздігі сол құтқарушыларға байланысты. Сондықтан ағымдағы қауіпті шомылу кезеңінде басқа демалыс түрлерінен суда демалуды жөн көретін жерлестерімізге бірнеше кеңес бергілеріміз келеді. Еш уақытта адам баласына үлкен толқынмен келе жатқан суға қарсы шығуына және мас күйінде суға түсуге болмайды. Сонымен қатар, отбасыларымен демалушыларға еске салатынымыз, үлкен адамның рұқсатынсыз және олардың көмегінсіз балаларыңызды суға шомылдыруға қатаң тыйым салынады! Ең алдымен рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз (алдын ала жағажай түбі тексерілген жерлерде және төтенше жағдай кезінде көмекке келетін адам бар жерде). Ешқашан қараңғы уақытта және масайған күйде суға түспеңіз. Егер жалғыз шомылсаңыз – жақсылап ойланыңыз, ойламаған кезде төтенше жағдай болса, сізге кім көмектеседі?

Сөз сөйлеушілер су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша, бірқатар ұсынымдар беріп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

http://aqmeshit-aptalygy.kz/shomylu-mausymynda-sa-ty-sharalaryn-ata-stau-azhet/
17-07-2017, 21:53
1 507 просмотров
Нашли ошибку?