ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТІЛДІТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және
профилактикалық басқармасы мен қалалық ТЖБ-ның қызметкерлері және Апаттар
медицинасы орталығының мамандары бірлесе отырып, №187
М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінде ата-ана мен мектеп
мұғалімдеріне «Жазғы демалыс кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау» және
«Суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында
түсіндірме сабақ өткізілді. Онда ата-аналарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау және су айдынында зардап шегушіні құтқару тәсілдерімен таныстырды.
|