» » «Денсаулық» пойызы Алматы облысы тұрғындарын қабылдауда

«Денсаулық» пойызы Алматы облысы тұрғындарын қабылдауда

«Денсаулық» пойызы Алматы облысы тұрғындарын қабылдауда

2017 жылғы 15 қараша

ҚазАқпарат - Бүгін «Денсаулық» медициналық пойызы Алматы облысы тұрғындарын қабылдауды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дәрігерлер 15 қарашадан бастап Қопа бекетінің халқын қабылдай бастады. Кесте бойынша «Денсаулық» медициналық пойызы осы өңірде 35 күн болады. Осы уақыт ішінде келесі 20 темір жол бекетінің тұрғындары дәрігерлер көмегіне жүгіне алады. Олар: Қопа, Достық, Жайпақ, Бескөл, Ақтоғай, Лепсі, Егінсу, Көксу, Айнабұлақ, Малайсары, Жоламан, Дала, Қосқұдық, Іле, Алтынкөл, Құндызды, Айдарлы, Тасқарасу, Шелек, Жетісу. 20 желтоқсанға дейін Алматы облысының елді мекендердің тұрғындары тегін тексеруден өтіп, ауруын анықтайды және сала мамандарынан қажетті алғашқы көмек пен кәсіби кеңеске қол жеткізіп, қажет болса, ары қарай емделуге жақын жердегі медицина орталықтарына жолдама алады. Медицина пойызының дәрігерлеріне келгенде, жеке куәлігіңізді ала келу керек. «Денсаулық» медициналық пойызының 8 вагонында науқастарды жан-жақты тексеруге, амбулаториялық ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған. Медицина бригадасының құрамында келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, тіс дәрігері.

Марлан ЖИЕМБАЙ

Сілтеме:http://www.inform.kz/kz/densaulyk-poyyzy-almaty-oblysy-turgyndaryn-kabyldauda_a3085860
15-11-2017, 19:20
1 369 просмотров
Нашли ошибку?