Емхана терапевттері
Терапиялық аймақ дәрігері Сейдахметова Перизат Серікқызы 5 жыл еңбек өтілі бар 2-ші санатты дәрігер. Аймақ мейірбикесі Далиева Жеңіскүл 35 жыл еңбек өтілі бар 1-ші санатты мейірбике және Орымбетова Сұлу Нұрғалиқызы 5 жыл еңбек өтілі бар 1-ші санатты мейірбике.
ҚР ДСМ-нің №175 бұйрығы бойынша нысаналы топтағы халық тегін медициналық тексеруден өткізіледі. Обыр ауруының дер кезінде алу атқарылады. ҚР ДСМ-нің №452 бұйрығына сәйкес жүкті, босанатын, босанған, ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер тегін медициналық тексеруден өткізіледі. ҚР ДСМ-нің №885 бұйрығы бойынша созылмалы ауруы бар науқастар диспансерлік есепке алынады, уақытылы тексеріліп тегін дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Халықты жылына 1 рет флюорографиялық тексеруден өткізу жүргізіледі.
2-ші жалпы тәжірибелік аймақ дәрігері
Қазалы теміржол емханасында 2-ші жалпы тәжірибелік аймақ өзіне қарасты тұрғындарға қызмет атқарып келеді.
Аймақ дәрігері Оразымбетова Сая Дуйшембіқызы 1-ші санатты дәрігер. Еңбек өтілі – 12 жыл. 2009-2013 жылдар аралығында Қазалы аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде фтизиопедиатр болып қызмет атқарған.
2014 жылдан бастап Қазалы темір жол емханасында жалпы отбасылық дәрігер болып қызмет атқарып келеді.
Қарамағында 1-ші санатты 2 мейірбике,1 фельдшер жұмыс істейді.
Аймақ ересектер мен балаларға медициналық қызмет көрсетеді. 14 жасқа дейінгі балаларға алдын–ала егу жұмыстары ұйымдастырылып, жыл сайын скринингтік тексеруден өткізіледі. Ересектерге науқастардың алдын-ала белгілі-бір ауруларын ерте анықтау мақсатында скринингтік тексерулер жүргізу, туу жасындағы әйелдерді жылына бір рет профилактикалық тексеруден өткізу, екіқабат әйелдерді бақылау, қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау мақсатында 60 жастан асқан адамдарға жылына бір рет медициналық тексеру жүргізу, диспансерлік есепте тұратын науқастарды емдеу және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету, флюорографиялық тексеруден өткізу, ауырып келген науқастарға дәрігерлік қызмет көрсету, үйге шақыртуларға бару күнделікті атқарылатын жұмыстар.
Денсаулық - зор байлық. Әр адамның денсаулығын нығайтуға үлес қосу біздің мақсатымыз.
Аймаққа көрінуге келген науқастар тексеріліп, қаралып, қан қысымы және температурасы өлшенеді. Одан соң «Д» есепке алынған науқастар тексеріліп, қан қысымы өлшеніп, анализ тапсырып белгіленген диагнозы бойынша керекті дәрі-дәрмегі беріледі. Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қамтамасыз етілуі, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарының амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен қамтылуы бойынша атқарылады. Науқасқа берілген дәрі-дәрмек компьютерге енгізіледі.
ҚР ДСМ №174/2020 бұйрығына сәйкес 0-18 жас аралығындағы балаларды профилактикалық байқаудан өткізу жоспарын орындауды қадағалау және олардың бағдарлама бойынша компьютерлік базаға түсіру бойынша жұмыс атқарылады. Скрининг - бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың дамуының алдын-алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық-медициналық тексерулерден өткізу.
Скрининг науқастардын белгілі бір ауруларын ерте анықтау мақсатында жүргізіледі. Яғни 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ересектер жүрек қан-тамыр жүйесінің, қант диабеті ауруларын табу мақсатында медициналық байқаудан өткізіледі.
40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдер сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында маммографиялық тексеруден; 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдер жатыр мойны ісігін алдын-алу мақсатында медициналық тексеруден өткізіледі.
40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ересектер глаукоманың алдын-алу мақсатында медициналық тексеруден өткізіледі.
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ересектер тоқ және тік ішек қатерлі ісігінің алдын-алу мақсатында медициналық тексеруден өткізіледі.
Профосмотрдан анықталған науқас диспансерлік есепке алынып, тиісті емі беріліп және бақыланады.
Дәрігерге дейінгі кабинетте антропометриялық өлшемдерін тексеру, шкала Кетлені анықтау, көз қысымын өлшеу, экспресс әдіспен қаннан холестерин, қантты анықтау мақсатында жұмыс жүргізіледі.
ҚР ДСМ №452/2012 бұйрығына сәйкес жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары бойынша жұмыс атқарылады және 15-49 жас арасындағы әйелдер өткізіледі. Бұл бұйрық белгіленген топтар бойынша жұмыс атқарылады.
Бұйрық мақсаты:
1. Ана және бала өлімін болдырмау.
2. Перинаталдық өлім көрсеткішті азайту.
3. Түсік тастау деңгейін төмендету.
4. Экстрагенитальды ауруы бар әйелдерге жүктілік уақытын анықтау.
ҚР ДСМ №618 бұйрығы бойынша асқазан және өңеш жолдарының қатерлі ісігін ерте сатыда анықтау мақсатында жылына 1 рет медициналық тексеру жүргізіледі.
Күндізгі стационар
Емхананың күндізгі стационары 20 төсек-орынға арналған. Бөлімше емхананың жаңа типті ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан. Бөлімшеде 5 палата, егу бөлмесі, дәрігерге арналған бөлме бар. Бөлімше әр тақырыптағы үнпарақтармен безендірілген. Ауруханада «Күн тәртібі» туралы, «АҚТҚ/ЖҚТБ сақтану туралы», «Ішек инфекциясы», «Обаға қарсы киімнің киініп шешінуі», «Туберкулездің алдын-алу», « Салауатты өмір салты» ақпараттары ілінген.
Бөлімшеде 1-ші санатты, көпбейінді терапевт дәрігер Ақбергенова Үміт жұмыс істейді. Ол 2018 жылдан бастап күндізгі бөлімнің дәрігері.
Бөлімшеде 1-і санатты тәжірибелі мейірбике Жазира Кеңесбаева, кіші буын медицина қызметкері Ембергенова Гулбану жұмыс істейді.
Бөлімшеге түскен науқастар тез арада қаралып, қажетті ем-домы тағайындалады. Науқастарға қосымша кеңестер беріліп, ем жүргізіледі. Күндізгі стационар дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген.
Әйелдер кеңесханасы
Қазалы темір жол емханасының әйелдер консультациясы - қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмекті, қабылданған стандарттар негізінде отбасын жоспарлау және ұрпақ өрбіту денсаулығын қорғау жөніндегі қызметтерді қамтамасыз ететін диспансерлік үлгідегі емдеу-профилактикалық мекеме.
Әйелдер консультациясының жұмысы учаскелік принцип бойынша құрылады.
Әйелдер консультациясы (кабинеті) жүктіліктен тыс және жүктілік кезінде, босанғаннан кейінгі кезеңде білікті акушерлік-гинекологиялық көмекті, отбасын жоспарлау және ұрпақ өрбіту денсаулығын сақтау бойынша қызметтерді:
1) жүкті әйелдерді диспансерлік бақылау, оның ішінде жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің асқынуларының алдын алу және ерте анықтау мақсатында "қауіп тобындағы" әйелдерді бөліп шығару;
2) күндізгі стационарларға, перзентханалардың жүктілік патологиясы бөлімшелеріне және экстрагениталдық аурулар бейіні бойынша емдеу-профилактикалық ұйымдардың басқа бөлімшелеріне уақтылы емдеуге жатқызуды қажет ететін жүкті әйелдерді анықтау;
3) жүкті әйелдерді босануға физикалық және психопрофилактикалық дайындау;
4) жүкті және босанған әйелдерге патронаж жүргізу;
5) отбасын жоспарлау, ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша консультациялар беру және қызметтер көрсету қағидаттарына негізделеді;
6) гинекологиялық және онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында әйелдерге профилактикалық қарап-тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу;
7) гинекологиялық науқастарды қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, оның ішінде күндізгі стационар жағдайында тексеру және емдеу;
8) мамандандырылған емдеу-профилактикалық ұйымдарына емдеуге жатқызуға дайындау үшін гинекологиялық науқастарды анықтау және тексеру;
9) оңалтуды және санаторий-курорттық емдеуді қоса алғанда, гинекологиялық науқастарды диспансерлеу;
10) қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, шағын гинекологиялық операцияларды орындау;
11) Әйелдер консультациясы (кабинеті) мен басқа да емдеу-профилактикалық ұйымдары (балалар емханалары, аумақтық амбулаториялық емдеу ұйымдары, тері-венерологиялық, онкологиялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлер және т. б.) арасында жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді, гинекологиялық науқастарды тексеру мен емдеуде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету);
12) гинекологиялық ауруларға байланысты жүктілігі, босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу, жұмыскерді денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша немесе тұрақты ауыстырудың қажеттілігі мен мерзімдерін айқындау, еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айырылу белгілері бар әйелдерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға белгіленген тәртіппен жіберу;
13) салауатты өмір салтының түрлі аспектілері бойынша халықты ақпараттандыру және санитариялық мәдениетін арттыру, жасөспірім қыздар мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау, ана болуға, емшек сүтімен қоректендіруге, отбасын жоспарлауға, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, оның ішінде АИТВ инфекциясының алдын алуға дайындық саласында іс-шаралар жүргізу.
Әйелдер консультациясы (кабинеті) перзентхананың акушерлік-гинекологиялық стационарымен, отбасын жоспарлау және репродукция орталығымен, жедел және шұғыл медициналық көмек станциясымен және басқа да емдеу-алдын алу ұйымдарымен (медициналық-генетикалық қызметтер, консультациялық-диагностикалық орталықтар, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлер және басқалар) бірлесіп жұмыс істейді.
Кабинет айтарлықтай жұмыс көлемін орындайды, сондықтан кабинет гинекологиялық креслолармен, айналармен, стерилизаторлармен, сантиметрлік лентамен, акушерлік стетоскоппен, тазомермен,жағындыларды алу үшін барлық қажеттіліктермен, қан кету, эклампсия, анафилактикалық шок кезінде шұғыл көмекке арналған бикстермен жарақтандырылуы тиіс.
Кабинетте 16 жыл өтілі бар бірінші санатты дәрігер Ізбасарова Гүлназ Разаховна және бірінші санатты акушер Ізбасарова Жаннат Разаховна жұмыс істейді.
Ресурстық орталық
Ресурстық орталықта 1-ші санатты мейірбике Нарегеева Гулшат жұмыс істейді. 8 жыл еңбек өтілі бар мейірбике 6 айға толған балалардың ата- аналарына қосымша тамақ дайындау әдісін үйретеді. Балаларды дұрыс тамақтандыру бойынша тамақтану пирамидасын ата-аналарға түсіндіреді.
Алдын-ала егу кабинеті
Қазалы теміржол емханасында алдын-ала егу кабинеті жұмыс атқарады.
Алдын-ала егу бөлмесі балаларға, жасөспірімдерге, ересектерге жұқпалы ауруларға қарсы екпелер жүргізеді.
Екпелер ҚР ДСМ 24.09.2020 жылғы № 612 бұйрығына сәйкес жас ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Алдын-ала егу бөлмесі мейірбикесі екпеге келген ата-аналар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізіп отырады.
Алдын-ала егу бөлмесінде екпелер жоспар бойынша жүргізіледі.
Екпелерді аймақ дәрігерлері 1 жылға жоспарлап отырады. Сол бойынша аймақ мейірбикелері балаларды екпеге шақырады.
Екпе кабинеті барлық керекті заттармен жабдықталған. Анафилактикалық шокқа қарсы дәрі-дәрмектер топтамасы бар.
Екпе кабинетінде 1 санатты мейірбике Мұстафаева Кулзипа 1999 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Еңбек өтілі - 22 жыл.
Патронаж кабинеті
Патронаж кабинеті 2018 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді.
Патронаж кабинетіне аға патронаж мейірбикесі болып Байсалбаева Айнұр Майқықызы бекітілді. Ол 27 жыл еңбек өтілі бар 1-ші санаттағы мейірбике. Жалпы 11 патронаждық мейірбике, 2 әлеуметтік қызметкер және психолог оқытылып жұмыс істеуде. Қауіпті топтағы 0-3 жас аралығындағы балалармен, жүкті әйелдермен және тұрмысы төмен отбасылармен әмбебап, прогресивті пакетпен жұмыс атқарылады.
Отбасын жоспарлау кабинеті
Отбасын жоспарлау кабинетінде 10 жыл еңбек өтілі бар Турғанбаева Гулназ Жылқамановна мейірбике болып жұмыс істейді. ҚР ДСМ-нің №452 бұйрығы бойынша жас аналарға бала күтімі және тамақтану пирамидасы түсіндіріліп, қауіпті жағдайда тез арада хабарласу туралы кеңес беріледі. Сонымен қатар ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерді предгравидарлық дайындықтан өткізеді.
Акушер-гинеколог
Емхананың 1 қабатында орналасқан әйелдерге кеңес беру бөлмесінің акушер гинекологы Ахметова Аманкул Казиқызы 5 жыл еңбек өтілі бар 2-і санаттағы дәрігер. Акушерка Турдукулова Улбосын Базарбайқызы 30 жыл еңбек өтілі бар 1-ші санаттағы акушерка.
Өмірге ұрпақ әкелетін әйелдерге, бар ынта-жігерімен тынымсыз қызмет көрсетуде. Диспансерлік есептегі әйелдерді уақытылы қабылдауға шақырып ем жүргізіледі.
Еркектерді қарау бөлмесі
Еркектерді қарау бөлмесі емхананың 1-ші қабатында орналасқан.
Кабинеттің негізгі міндеттері - дәрігерге дейін еркектерді алдын-ала тексеріп, зерттеп-қарау.
Созылмалы, қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау мақсатында жыл ішінде емханаға бірінші рет келген еркек адамдарды тексеру.
Профилактикалық тексеру: теріні және көзге көрінетін шырышты қабаттарды, шеткі лимфа түйіндерін қарау, сыртқы жыныс мүшелерін тексеру және пальпациялау, қуық асты безін тексеру мен тік ішектің ректалды тексеру.
Ерлер қарау бөлмесінің мейіргері Сундетов Арман Айгалиевич 2010 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жұмыс өтілі - 10 жыл.