» » Аймақ медицинасы алға басты

Аймақ медицинасы алға басты

Адамзатүшінасабағалыекіқұндылықбар. Бірі - уақыт, екіншісі - денсаулық. Бүгініміздіңбүтін, келешегіміздіңкемелболуыұлтденсаулығынатікелейбайланысты. Бүгінбізосыбағыттаоблыстаатқарылыпжатқантындырымдытірліктөңірегіндесөзқозғамақпыз.


Серпінгебастайтынстатистика


Қазіргі кезде аймақ басшылығы денсаулық сақтау саласының дамуына айрықша көңіл бөліп отыр. Сөзіміздің дәлелін облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған соңғы 5 жылдың статистикасынан көреміз. Заман талабына сай жаңа технологияны қолданысқа енгізу, материалдық-техникалық базаны күшейту, профилактикалық, диагностикалық және емдік шаралар мақсатындағы қаржыландыру көлемі осы аралықта 39,8%-ке артты. Елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының 63%-і жаңартылды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 9 дәрігерлік амбулатория, жергілікті бюджет есебінен 4 фельдшерлік-акушерлік, 5 медициналық бекет қызметін пайдалану мүмкіндігі туды. Денсаулық сақтау ұйымдарын талапқа сай техникамен жабдықтау көрсеткіші 34,9%-ке өсті. Соңғы 2 жылдың өзінде 25 нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында облыстық балалар ауруханасы, Қазалы аудандық орталық ауруханасы, Жаңақорған аудандық емханасы, 14 дәрігерлік амбулатория мен 11 медициналық бекет бар.

Бір жыл бұрын облыстық медициналық орталықтың Байқоңыр филиалында Қазақстан азаматтарына арналған емхана жұмысын бастады. Оған 25 мыңнан астам отандасымыз тіркеліп, қызметін пайдалануға көшті. Бұған Қармақшы ауданына қарасты Ақай мен Төретам елді мекендерінің тұрғындары қатты қуанды. Өйткені ауылдағы ағайын басы ауырып, балтыры сыздаса, 90 шақырым қашықтықта орналасқан Жосалы кентіне қатынауға мәжбүр еді.

– Жедел жәрдем қызметін жаңғырту жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. 14 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымында арнайы медициналық көмек бөлімшелері ашылды. Жаңадан 28 топ іске қосылып, бір топтың орташа тәуліктік жүктемесі 2 есе төмендеді. Нәтижесінде жедел жәрдем бригадаларына шақыру түскен сәттен бастап айтылған мекен-жайға жету уақыты орта есеппен 11,5 минуттан 9,8 минутқа қысқарды, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

Сыр өңірінде санитарлық авиация жұмысы жақсы жолға қойылған. Аталған қызмет түрі технологиялық тұрғыдан жетіліп, медициналық көмек сапасы едәуір артты. Арнайы автокөліктерге қондырылған GPS құрылғылары реанимобильдердің қозғалысын бақылап қана қоймай, межелі жерге жедел жетуге мүмкіндік береді.


Біліктікадр - сапалықызмет


Аймақ медицинасында маман тапшылығы мәселесі біртіндеп оң шешімін тауып келеді. Бұған атқарылып жатқан ауқымды жұмыс септігін тигізіп отыр. 2016 жылдан облыс әкімінің гранты негізінде еліміздің 5 жоғары оқу орнында 42 жас даярлана бастады. Олардың алғашқы легі биыл оқуды аяқтап, туған жерге келіп қызмет етуге әзір. Атап айтқанда, 2019 жылы – 16, 2020 жылы – 15, 2021 жылы – 10, 2022 жылы 1 дәрігер резидентураны бітіреді. Тәжірибелі 30 дәрігерді даярлау үшін биыл тағы облыс әкімінің арнайы гранты бөлінді.

Республикадағы жетекші медициналық оқу орындарымен жасалған меморандумдар шеңберінде маман әзірлеу, олардың біліктіліктерін көтеру көзделіп отыр. Бұл – саланы қажетті маманмен қамтамасыз етудегі игі қадамдардың бірі. Ақ халаттылардың білімін шыңдап, кәсібилігін арттыру үшін жергілікті бюджеттен қомақты қаражат бөлініп келеді. Соның есебінен өткен жылы 767 маман білімін жетілдірсе, 720 дәрігер шеберлік дәрістеріне қатысып, құзыреттіліктері мен біліктіліктерін жоғарылатты.

Алыс-жақын шет елдерде болып, тәжірибе алмасып, көрген-білгенін жұмыс барысында кәдеге асырып үлгергендер аз емес. Солардың бірі – облыстық балалар ауруханасының бас мейірбикесі Гаухар Әбенова. Ол былтыр сәуірде Финляндия елінде тағылымдамадан өткен 16 адамның қатарында болып, мейіргерлік қызметті жаңа қырынан танып қайтты.

– Ол жақтағы әріптестерімнен көп нәрсені үйрендім. Орта буынды медицина қызметкерлерінің жекелей де, команда құрамында да пациенттерге сапалы қызмет көрсете алатынына көзім жетті. Дәрігерге дейінгі көмек сапасы айтарлықтай жоғары. Медицина ұйымдары қажетті аппаратпен, техникамен қамтылған, – дейді Г.Әбенова.

Салаға қадр тарту, олардың біліктілігін көтеру жұмысы әлі де жалғасады. Бұл өз кезегінде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, халықтың медициналық көмек деңгейіне қанағаттануына әсер ететіні анық.


Дәрігерүшінде, 

пациентүшінде

тиімді


Биылдан бастап емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды цифрлық нұсқада жүргізуге көшіп, қағазбастылықтан құтылуға қадам жасады. Елбасы атап өткендей, бұл 2020 жылға қарай ел тұрғындарының электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезекті жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Осы орайда денсаулық сақтау саласын цифрландыру мақсатында бекітілген жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыс ауқымы кең. Қалалық, аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар толықтай интернет, компьютерлік техника және ақпараттық жүйемен қамтылды. Аталған жүйеде пациент туралы дерек көрсетіледі, ал бұл клиникалық шешім қабылдау үшін дәрігерлердің қолдануына ыңғайлы әрі тиімді.

– Облыс былтыр шілдеден бастап медициналық құжатты электронды жүйеге көшіру бойынша пилоттық жобаға қосылды. Қазіргі таңда 94 түрлі құжат электронды жүйеге көшірілді. Тұрғындарға ақпараттық және электронды көмек көрсету мақсатында «DamuMed» мобильді қосымшасы қолданысқа енгізілді. Ол арқылы дәрігер қабылдауына алдын ала жазылуға, дәрігерді үйге шақыртуға, рецепт, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, зертханалық талдау нәтижесі туралы мәлімет алуға болады. Бүгінде оның қызметін пайдаланушылар үлесі 41,7%-ке жетіп отыр, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің бас маманы Ғайни Ерғали.

Жыл басынан бері жаңа жүйенің қызметіне жүгінгендер саны 10 есе көбейді. Оның көмегімен дәрігердің онлайн қабылдауына 122 мыңнан астам адам жазылып, 9 мыңға жуығы дәрігерді үйіне шақыртқан. Одан бөлек, халықтың белгілі бір тобы үшін скринингтік, флюроографиялық тексеруден өту керектігі туралы sms-хабарлама жіберілуде.

Мамандар цифрлық технология амбулаториялық деңгейде диагностика жүргізуге, ауру түрлерін дер кезінде анықтауға, пациенттерді уақытылы емдеуге, сауықтыруға ықпал етеді деп есептейді. Қазіргі кезде клиникалық-диагностикалық зерттеудің барлық түрі электронды түрде КМИС бағдарламасына түсірілуде. Ол арқылы дәрігер жұмыс орнында отырып-ақ мәліметпен таныса алады.

Сонымен қатар, деректерді мұрағаттау мүмкіндігі бар электронды флюротека модулі іске қосылды. Бұл облыстық мекемелердегі мамандардың қорытынды нәтижені екінші рет оқуына мүмкіндік береді. 2018 жылдың маусымынан бастап барлық медициналық ұйым еңбекке жарамсыздық парағын электронды форматта беретін болды.

Қазіргі таңда облыс тұрғындарын электронды төлқұжатпен қамту көрсеткіші 95,3%-ті құрап отыр. Дәрігер оның көмегімен пациенттің денсаулығы жөніндегі толық ақпаратқа қаныға алады. Көмек көрсету орны мен медициналық ұйымдардың ақпарат жүйесіне қарамастан, адам денсаулығына қатысты мәлімет бір базада жинақталады. Бұл шаралардың барлығы уақыт үнемдеуді, қағазбастылықтан құтылуды, халықтың медицинаға сенімін нығайтуды көздейді.


2018 жыл: көрсеткішпеннәтиже


* Сырбойылықтардың өмір сүру ұзақтығы 1,9 процентке артып, 72,6 жасқа жетті.

* 1000 адамға шаққанда өлім-жітім көрсеткіші 1,8%-ке;

* Қан айналым жүйесінен болатын өлім-жітім көрсеткіші 10,4%-ке;

* Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 0,9%-ке төмендеді.

* Қатерлі ісіктерді алғашқы сатысында анықтау көрсеткіші 15%-ке жоғарылады.

* Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 9,2%-ке;

* Одан болатын өлім-жітім деңгейі 12,5%-ке азайды.


2019 жыл: мақсат пен міндет


* Жалағаш аудандық орталық ауруханасының;

* Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде емхананың;

* Көппрофильді 300 төсек орынды аурухананың құрылысын бастау.

* Шиелі ауданындағы орталық аурухана құрылысын аяқтау.

* Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қызылорда қаласында №1 қалалық емхананы іске қосу.

* Қазалы аудандық ауруханасының базасында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына арнап кардиологиялық орталық;

* Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығының базасында аллергологиялық, chek-up орталық ашу.

* Балаларға кардиохирургиялық және офтальмохирургиялық көмек көрсетуді жаңадан енгізу.

* Арал, Жаңақорған аудандық орталық ауруханаларын ІІІ деңгейге өткізу, облыстық медицина орталығының Байқоңырдағы филиалын перинаталды көмекті өңірлендірудің І деңгейіне өткізу.

* Облыстық медицина орталығының Байқоңыр қалалық филиалының төсек қорын 30-ға көбейтіп, жансақтау бөлімшесі бар хирургия бөлімін ашу. 

* Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 1,7 млрд теңгеге құрал-жабдықтар алу (одан бөлек 500 млн теңгеге санитарлық автокөліктер алу).


Назерке Саниязова.

31-01-2019, 13:25
841 просмотров
Нашли ошибку?