» » Адам жанына араша жандар

Адам жанына араша жандар

Салауатты әрі бақытты өмірді дәрігердің көмегінсіз елестету мүмкін емес деуге боладыҚазақтың “Бірінші байлық – денсаулық” деген тәмсілі де осыны меңзесе керек


Қазіргі күні елдегі ақхалатты жандардың біліктілігін медицинасы дамыған елдердің мамандарының қабілетімен теңестіруге әбден боладыСебебі күн өткен сайын алдына көмек сұрап келген адамның сырқатын жазыпкөңілін көншітіп жіберетін дәрігерлердің саны артып келедіҚазалы ауданындағы Құбыл Ршымбетов басшылық ететін теміржол ауруханасының қызметкерлері де бүгінде сапалы қызмет көрсету жағынан көш бастап тұр. 


Ұлт жоспарында қойылған басты міндеттердің бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу болатын. Сондай-ақ, жаңа жүйе бастапқы медициналық-санитарлық көмекті бірінші кезекте қаржыландыруға басымдық бермек. Бұл бағытта аурухана ұжымы қызу дайындық жұмысын жүргізуде.


Ағымдағы жылы аурухана ұжымы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен Қызылорда облысының әкімдігі арасындағы облыс тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі меморандумының негізінде нысаналы көрсеткіштері бойынша біршама табыстарға қолжеткізді. Мәселен, аймақта ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 68,8-ден 72 жасқа өсті. Онколог және аймақтық қызметкерлер онкоқырағылыққа оқытылуының нәтижесінде қатерлі ісік сырқаты бойынша 5 жыл өмір сүру ұзақтығы индикаторы бойынша 9,3-тен 10,8 процентке жоғарылады. Жазатайым оқиғалардан және уланудан болатын өлім-жітім нөлге дейін төмендеген. Емхананың жұмыс кестесінде созылмалы аурулары бар науқастарға шақырулардың үлесі 15 процентке, стационарлық көмекті тұтыну 1000 халыққа шаққанда 145-ке дейін төмендетіліп, жоспарлы емдеуге жатқызу 50,1 процентке ұлғайтылған. 


Аурухана бойынша кешенді медици¬налық ақпараттық жүйесі толық іске қосылды. Емделушілердің уақытын үнемдеу мақсатында «Терминал» электрон¬дық кезек жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысымен мемлекеттік қызмет «электронды үкіметінің» egov.kz веб-порталы арқылы «дәрігердің қабылдауына жазылу мен үйге шақыру» 86 және 40,7 процентке, бірыңғай халық тіркелімі бойынша (РПН) 25 процентке жеткізілді. Ал жүкті әйелдердің кезек күтпеуі үшін «жасыл дәліз» арқылы қабылдау жалғасын таппақ.


Бала шақтағы ауруларды ықпалдастыра енгізу бағдарламасы кеңінен қолданылуда. “Денсаулық” бағдарламасына сәйкес 2018 жылы 7-ші жалпы тәжірибелік дәрігер аймағы ашылып, барлық аумақта халқы 1650-1700 адамға теңестірілді. Ауруханаға ИФА аппараты, элетрокардиограф, рентген кабинетке көпқатпарлы рентгендік компьютерлік томограф пен цифрлық флюороаппарат, офтальмология кабинетіне компютерлік тонометр, афторефрактокератометр, компьютерлік периметрия алынды. Емхананың гастроэнтеролог, пульмонолог мамандары қайта оқыту курсынан өткізіледі.


Аурухананың материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Мекеме басшылығының күш салуымен аудандық перзентханадан босаған 3 қабатты ғимарат емханаға беріліп, оған күрделі жөндеу жүргізілді. Онда 20 төсектік нейроинсульт орталығы, 12 төсектік неврология және 25 төсектік стационар алмастырғыш, 2 төсектік ауызбен суландыру бөлімшелері іске қосылған. Сондай-ақ жалпы тәжірибелік дәрігер, 2 аймақтық терапевт, 2 педиатр кабинеттері, әйелдер консультациясы, ана мен бала, ресурстық кабинет, дәріхана, емдік денешынықтыру және басқа да қосымша бөлмелер ашылып, жұмыс істеуде. Материалдық база үшін өткен жылы бағасы 10 млн 201мың теңге, биыл құны 1 млн 582 мың теңге тұратын медициналық құрал-жабдықтар әкелінген. 


Серіктестікте қызмет істейтін дәрігер¬лер мен медбикелер сапалы қызметтері үшін алғыс-марапаттан да кенде емес. Биылғы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай акушер-гинеколог И.Опа¬бе¬кова мен есепші Ф.Сырымбаеваға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Ал 12 мамыр – Мейірбике мерекесі қарсаңында физиотерапия бөлімінің аға мейірбикесі А.Абжанова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен, емхана бөлімінің мейірбикесі Г.Әлжанова облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.


Бұдан бөлек, жақында медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне орай аурухананың бас есепшісі К.Жақсылықова қоғамдық марапаттар жөніндегі Респуб¬ликалық Кеңес Төрағасының «Еңбек үзді¬гі» медалін иемденді. Сонымен қатар дәрігер рентгенолог Е.Дәрібай, терапия бөлімінің мейірбикесі А.Игілікова, дәрігер анестезиолог, реаниматолог Б.Төлегенов, емхана мейірбикесі К.Ешмұратова, хирургия бөлімінің аға мейірбикесі Г.Жәрімбет облыстық денсаулық сақтау басқар¬масының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Осында аянбай тер төгіп жүрген анестезиолог-реани¬матолог А.Бекеев, акушер-гине¬колог А.Ах¬медов, емхана мейірбикесі Г.Артықбаева және аймақтық мейірбике К.Жанқали аудан әкімінің Алғыс хатын алды.
 Осы ретте аталған мерекеде ұжым¬ның көптеген мамандары аурухана әкімшілігінің марапаттауы мен қаржылай сыйлығына ие болғанын айта кеткен жөн. 


Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

«Қазалы» газеті

15-06-2019, 19:05
965 просмотров
Нашли ошибку?