» » Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді - Қызылорда облысы (ФОТО)

Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді - Қызылорда облысы (ФОТО)

Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді - Қызылорда облысы (ФОТО)ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 19 маусымда Қазалы ауданында Медицина қызметкерлері күні қарсаңында денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, ардагер-дәрігерлер және жаңашыл медиктерге арналған мерекелік шара өтті, - деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Салтанатты шарада аудан әкімі Бахыт Жаханов: «Медицина саласындағы өзгерістерді, тың жаңалықтарды халыққа кеңінен түсіндіріп, насихаттай білуіміз керек. Ол үшін барлық күш жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Ауру азабының дертіне шипа табу, көкейіне үміт отын жағу тек сіздердің ғана қолдарыңыздан келеді. Сондықтан халық денсаулығын сақтау мен нығайтуда, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеуде сіздерге артар сенім мен жауапкершілік жүгі аса жоғары. Осы қиын да жауапты еңбектегі толымды табыстарыңыз үшін баршаларыңызға зор алғысымды білдіремін», - деп бірқатар сала қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.
Бұл мақсатта былтырғы жылы аудандық ауруханаға 2 млрд-тан астам қаржы қаралған. Осы бөлінген қаржылардан материалдық техникалық жабдықтар, 8 санитарлық автокөлік және жаңа заман талабына сай медициналық аппараттар алынды. Сонымен қатар емханалардың ішкі, сыртқы жөндеу жұмыстары, абаттандыру, су жинау, жылу жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Денсаулық сақтау саласын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында көптеген істер қолға алынды. Осы бағытта ауданымызда биылғы жылға дейін 12 дәрігерлік емхана, 7 медициналық пункт заман талабына сай жаңа ғимарат салынып,  құрал-жабдықтармен жаңартылды. Сондай-ақ, әр түрлі деңгейде эндовидеоскопиялық хирургиялық аппаратпен көптеген ота жасалып, қаншама науқастардың өмірін сақтап қалуға қол жеткізді. Сондай-ақ, компьютерлік томография бөлімшелерін ашудың арқасында ауруды ерте анықтауға мүмкіндік туды. Осы жаңа жүйе бойынша аурудың алдын алу, халықаралық стандарттарға сай емдеу тәсілдерін енгізу нәтижесінде жалпы аурушаңдық көрсеткіші 2,9 пайызға төмендесе, ана өлімі мүлдем тіркелмеген. Және туберкулез аурушаңдығы азайып, індеттік ахуал жақсара түсті.
Келер жылы ауданда заманауи 150 орындық аурухана салу жоспарлануда. Сондай-ақ, барлық емдеу нысандарына жаңадан материалдық-техникалық құрал-жабдықтар, заман талабына сай медициналық аппараттарымен қамтамасыз етілу жоспарлануда.

Автор: Елубай Әуезов
http://inform.kz/kaz/article/2788391
 
Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді - Қызылорда облысы (ФОТО)
Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді - Қызылорда облысы (ФОТО)
Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді - Қызылорда облысы (ФОТО)
20-06-2015, 14:24
1 967 просмотров
Нашли ошибку?