» » «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тегін қызмет көрсетуге аттанды

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тегін қызмет көрсетуге аттанды

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тегін қызмет көрсетуге аттандыАСТАНА. ҚазАқпарат - 15 ақпанда Қарағандыдан шағын стансылар мен оларға жақын маңдағы ауылдарға қызмет көрсету мақсатында «Саламатты Қазақстан» консультациялық-диагностикалық медициналық пойызы аттанды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

Биылғы жылдың алғашқы сапарында пойыз дәрігерлері Қарағанды облысының 19 стансасын аралайтын болады. 15 ақпан мен 16 наурыз аралығында денсаулық пойызы Қарағанды облысының елді мекенінде мына кесте бойынша болады:

Теректі стансасы (16 ақпан 00.28), Түйемойнақ (17 ақпан, 00.10), Шұбаркөл (18 ақпан 04.20), Қызылжар (20 ақпан, 01.00), Жеңіс (22 ақпан, 06.50), Жомарт (23 ақпан, 21.25), Мыңадыр (25 ақпан, 21.50), Қаражал (27 ақпан, 00.47), Атасу (28 ақпан, 23.15), Жарық (2 наурыз, 00.37), Дәрия (3 наурыз, 20.48), Қарамұрын (5 наурыз 22.55), Қарабас (6 наурыз, 20.24), Шоқай (9 наурыз, 05.56), Көкпекті (9 наурыз, 21.32), Ащысу (10 наурыз, 23.55), Саумакөл (12 наурыз, 01.30), Бүркітті (12 марта, 23.00), Қарағайлы (13 наурыз, 23.30).

Пойыздың стансалардағы аялдамасы 18 сағаттан кем болмайды. Бұдан бөлек, ұйымдастырушылар пойыз кестесін елді мекендерге алдын ала хабарлап, жұртшылықты ақпараттандырып тұратынын алға тартады.

Медициналық пойыз қажетті барлық диагностикалық аппаратуралармен жабдықталған, онда халыққа жоғары білікті медициналық 18 дәрігер маман қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар, ауыл халқына кепілдендірілген медициналық көмекке жатпайтын тегін стамотологиялық көмектер де қарастырылмақ.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы екі маңызды әлеуметтік міндетті шешеді. Бұлар медициналық қызметтің жалпыға қолжетімділігі және азаматтардың тұрған өңіріне қарамастан сапалы медициналық қызметтер ұсыну», - деді Руслан Иманқұлов.

Автор:Қанат Мәметқазыұлы

http://inform.kz/kaz/article/2870135

15-02-2016, 22:40
1 915 просмотров
Нашли ошибку?