Медициналық «Жәрдем» пойызы
«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының бастамасымен ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, емдеу-диагностикалық пойыздарын құру жобасын іске асырды. Жобаны жүзеге асыру 2010 жылы «Денсаулық» емдеу-диагностикалық пойызын іске қосудан бастау алды. 2011 жылдың басында «Жәрдем» екінші медициналық пойызы өз жұмысын бастады. Жобаның негізгі мақсаты-еліміздің шалғай аймақтарының тұрғындарына медициналық жәрдемді қол жетерліктей ету және ірі көлемдегі төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге мамандандырылған медициналық жәрдем көрсету болып табылады.
Жақында осы «Жәрдем» пойызы Арал ауданы, Сексеуіл кентіне келген болатын. Медициналық «Жәрдем» пойызының басшысы - Бокубаев Аяпберген Жеткергенұлы. Жалпы пойыздың қызмет көрсету құрамында 15-жолсерік, 2-дизелист, 1-электро-механик, пойыз мейрамханасында 6-аспазшы, 2-ішкі және 2-сыртқы күзетшілер қызмет атқарады. Арал ауданы бойынша медициналық «Жәрдем» пойызының бас дәрігері –Артықбаев Сейлхан. Пойыздың медициналық қызмет көрсету құрамында барлығы 27 қызметкер жұмыс жасады, оның ішінде 11-дәрігер,15-мейірбике және 1-компьютер бағдарламашысы /программист/бар. Сонымен бірге, медициналық пойызда невропатолог, терапевт, хирург, кардиолог, гинеколог, флюрография,
эндоскопия, ЛОР, педиатр, окулист, стоматолог, УЗИ дәрігерлері және биохимиялық, клиникалық лаборатория қызмет атқарды.
Ағымдағы жылдың 28-31 наурызында Арал ауданы Сексеуіл кентінің 933 тұрғынына медициналық қызмет көрсетіледі. Тұрғындар, негізінен, қан қысымы, жүрек ауруы және көз ауруы туралы көбірек шағымданған.
Аталмыш пойыз 1 сәуірден бастап аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті. 5-6 сәуір аралығында Арал ауданы, Көнту елді-мекенінің тұрғындарына қызмет жасады. Осы ретте елді мекеннің 130 тұрғынына пойыздың медициналық қызмет түрлері тегін көрсетілді. «Жәрдем» кеңес беру-диагностикалық пойызының бас дәрігері Сейлхан Артықбаевтың айтуынша, ондағы дәрігерлер осы уақыт аралығында жалпы Арал ауданы бойынша 1849 адамға медициналық көмек көрсеткен.
Айгүл Нұрманова Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
"Ел тілегі" газеті |
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Біздің мақтаулы дәрігер Еркін Ескермесіміздің әкімнен алған алғыс хаты құтты болсын.
Біздің мақтаулы дәрігер Еркін Ескермесіміздің әкімнен алған алғыс хаты құтты болсын.Еркін қандай марапатқада лайықты деп
Теміржол емханасында узиге тустім
Теміржол емханасында узиге тустім .Доктор Наурызбек Сырымбаев алдына барсаң кішпейіл ,мейірімді дәрігер .Риза болып