Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 12 мамыр –
Халықаралық мейірбикелер күніне орай, «Үздік мейірбике - 2017» конкурсы өтті.
Кәсіби конкурсқа 10 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, бірінші немесе жоғары
біліктілік санаты бар мейірбикелер қатысты. Мейірбикелер екі кезеңдік
байқауға қатысты. І кезең бойынша барлық мейірбике қатысып, үздік 8 мейірбике
ІІ кезеңге өтті.
ІІ кезең бойынша, конкурсанттар өздерін таныстыра отырып, ситуациялық есептер
мен практикалық дағдылар бойынша кәсібилігін көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша І орынды Жанар Байулова, облыстық медицина
орталығының кардиореабилитация бөлімінің мейірбикесі, ІІ орынды Замира
Аукенова, қалалық №6 емханасының күндізгі стационар мейірбикесі, ІІІ орынды
Маржан Ашимова, облыстық онкология орталығының мейірбикесі, Дана Бисембаева,
теміржол ауруханасының әйелдер бөлімінің мейірбикесі иеленді. Жүлдегерлерге
«Денсаулық» шипажайына тегін және жеңілдетілген жолдамалар берілді.
http://syrboyi.kz/zedelnews/11152-zdk-meyrbike-2017-konkursy-tt.html |