» » МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА

Қазалы ауданында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрме­сін насихаттау мақсатында медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай спорттық ойын түрлерінен спартакиада өтті.

Спартакиаданың ашылу салтанатына қатыс­қан аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев «Экспо – 2017» көрмесінің маңыздылығынатоқтала келе, спартакиадағақатысушы ақ халаттыларғасәт­тілік тіледі. Аудандық аурухананың бас дәрігері К.Әбілов шараның өткізілу мақсаты медицина қызметкерлерінің спортқа ынталылығын арттыру, олардың негізгі кәсіби жұмысымен қатар спортты да қатар алып жүретінін таныту екендігін жеткізді.

Спартакиадаға орталық аурухана, орталық емхана, Қазалы қаласының емдеу мекемелері, «Жетес би» мен «Болат жол» емханалары, перзентхана, ауылдық емханалар, барлығы 7 команда қатысты. Жарысқа қатысушылардың арасында хирургтар, жас мамандар, бас дәрігерлер де бар. Екі күнге созылған жарыс­та дәрігерлер қауымы арқан тарту, дойбы, қол күрес, волейбол, жүгіру, эстафеталықжарыс, мини футболдансынға түсті.

Жоғары деңгейде өткен жарыс қорытындысымен жалпы командалық есепте аудандық аурухана ұжымы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қазалы қаласының емдеу мекемелерінен құралған команда иеленсе, аудандық емхана ұжымы үшінші орынға тұрақтады.

Барлық жеңімпаз командаларға диплом мен арнайы кубоктар табысталды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

http://qazaly.kz/meditsina-yzmetkerleri-arasynda-y-spartakiada/
13-06-2017, 16:10
1 713 просмотров
Нашли ошибку?