» » МӘМС: АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТОЛЫҚ АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

МӘМС: АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТОЛЫҚ АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

МӘМС: АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТОЛЫҚ АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі өз жұмысын бастайды. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ төрайымы Е. Бахмутова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Әлназарова аймақта атқарылған жұмыстарды саралады.

Акционерлік қоғам басшысының сөзінше қор жұмысын жасақтау үшін шамамен 8,5 млрд. теңге қажет. Қоғам шоты Ұлттық банкте болады және қаржы тек медициналық қызметтерге жұмсалады. Қор қаржыны бақылайды, қажет болған жағдайда тексерік жүргізе алады.

–Осы жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енетін Заң талаптарына орай жұмыс берушілер қызметкерлер үшін олардың жалақысының 1% мөлшерінде аударымдар төлейтін болады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап оларға мемлекет қосылады. Ал 2019 жылдан жалдамалы жұмысшылар да бұл жарнаны төлеуді бастайды, – деді Е. Бахмутова

Аймақта міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды түсіндіру жұмыстары облыс басшысы бекіткен жоспар бойынша жүргізіліп, бүгінде оның бірінші кезеңі аяқталды. Облыс көлеміндегі барлық медициналық ұйымдарда кездесу өткізіліп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Әлназарова екінші кезең бойынша да облыстық, қалалық және аудандық штаб мүшелері тұрғындар арасында түсіндірме жасап жатқанын жеткізді. Бүгінге дейін аймақтағы 736 247 тұрғынның мәліметі жиналып, 156 096 отбасына ақпараттық парақшалар таратылған.

http://syr-media.kz/news/m-ms-ajma-t-r-yndaryna-toly-a-parat-berildi/
30-06-2017, 15:15
1 254 просмотров
Нашли ошибку?