» » Озық 30 елдің қатарына ену үшін ауыл медицинасының әлеуеті жоғары болуы керек

Озық 30 елдің қатарына ену үшін ауыл медицинасының әлеуеті жоғары болуы керек

Озық 30 елдің қатарына ену үшін ауыл медицинасының әлеуеті жоғары болуы керек1 сәуір 2014, 19:43

Енді Арал маңы тұрғындары компьютерлік томография арқылы ішкі ағзадағы дертті анықтау үшін облыс орталығына сабылмайды. Сәулелі диагностиканың жетілген түрі Қазалы теміржол ауруханасында орнатылды. Көп уақыт жоғалтпай диагнозды тез қоятын құрылғының көмегіне алғаш болып жүгінгендердің бірі – Аман Дінахметов.
 
Аман Дінахметов, Қазалы ауданының тұрғыны:
- Бұл аппаратты бұрын біз облыс орталығы, Астана немесе бөтен жерлерге барып іздеуші едік, қазір бұл өзімізде келгеніне өте қуаныштымыз. Менің омыртқамды, бөтенемді, талақ жолын тексеріп берді. Осы уақытта сол емді алып жүрмін.
 
Алтынкүл Дәрібай, бас дәрігердің орынбасары:
- Осы арқылы диагнозды уақытылы қойып, медициналық орталықтан нейрохирург шақырып, 3 операция осы жерде келіп жасап, сол инсульттарға операция жасаған жетістіктеріміз бар.
 
Аудан бойынша 20 мыңнан астам тұрғын осы емдеу орнының есебінде тұр. Олардың ішінде жүрек қан-тамырларының кінараты бар жандар сырқатының себебін анықтау үшін Қызылорда қаласындағы клиникаларға ағылатын.
 
Нұрлан Кәрібаев, ультрадыбысты зерттеу дәрігері:
- Енді біз Қызылорда қаласынан 340 шақырым жерде тұрамыз. Кейбір жүрек-қан тамырлары ауратындарға өте қиын. Соның ішінде айтатын болсақ, мысалы, біз экологиялық апат аймағы Арал, Қазалы, Төретам, оның ортасында орналасқан бекеттер бар. Соның арасындағы халықтар қазір келіп жатыр. Уақытында көрініп жатыр. Қолымыздан келгенше сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз.
«Қоғамның құнды байлығы – адам саулығы» деген қағидаға берік дәрігерлер біліктілік арттыруға ерекше мән береді. Еліміз бойынша санаулы жерде ғана қолға алынған жамбас ұршығына гемипротез орнату сынды күрделі операциялардың ауданда жасалуынан-ақ мамандардың бүгінгі деңгейін аңғаруға болады.
 
Елеу Жолдасбай, хирург-дәрігер:
- Ауданымызда жасалатын операциялардың 60 пайызы ургентті болып жатса, 35-40 пайызы плановый. Асқазан, шек, эндокренологиялық операциялар жасаймыз. Травматологиялық операциялардың барлық түрін жасап жатырмыз.
Бүйрегі істен шығып, алмастыруды көздеп отқан науқастарға гемодиализ аппаратының маңыздылығы баршаға мәлім. Арал, Қазалы, Байқоңырдың 14 тұрғыны тұрақты түрде осы құрылғыдан ем қабылдап жүр. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында серпілген емдеу орны мемлекет пен жеке-меншік әріптестікті дамыта отырып осындай озық технологияға қол жеткізуде. Ең бастысы, заманауи үлгідегі құрылғылар шалғайдағы халықтың сапалы ем-дом қабылдауына қалтқысыз қызмет етуде.
 
Тілші: Нұрлан Жақыпбеков
 
Оператор: Руслан Айтманбетов

    "Хабар" телеарнасы


1-04-2014, 23:19
1 808 просмотров
Нашли ошибку?