» » Үшем сәбилер дүниеге келген отбасы үйсіз жүр

Үшем сәбилер дүниеге келген отбасы үйсіз жүр

Үшем сәбилер дүниеге келген отбасы үйсіз жүр 03 04 2014 07:28

Қызылорда облысы Қазалы ауданында жуырда үшем дүниеге келген. Қуаныш иелеріне облыс әкімі темір тұлпар сыйға тартты. Бұдан бөлек аудан әкімдігі кәсіпкерлердің басын қосып, демеу көрсеткен екен. Бірақ бір сәтте торсықтай үш ұлды болған отбасы үйсіз жүр. Олардың әзірге бас сауғалайтын жері болмағандықтан аудандағы темір жол ауруханасының басшылығы қарауына алған. Бір ай бұрын ғана жұмысқа орналасқан нәрестелердің әкесі алатын еңбекақы пәтер жалдауға да жетпейді. Перзентханадан шыққалы әр жерде көшіп-қонып жүргенде Диас, Мирас және Манас есімді бөбектер салқын тиіп, ауырып қалғандығын айтты анасы Кенжегүл Ембергенова.

Кенжегүл Ембергенова, үшемнің анасы: - Тұрып жатқан пәтеріміз салқындау болды. Жағдай жоқ. Сондан да болған шығар, балалар шамалы ауырып қалды. Күйеуім осы 1 айдай бұрын жұмысқа орналасты. Өзінің мамандығы бойынша ветеринария саласында. Бірақ оның айлығы балаларды қамтамасыз етуге жетінкіремейді. Мен - жұмыссызбын.

Құбыл Ршымбетов, Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері: - Соңғы кезде кішкене қиындықтар туындап, оларды ауруханада ұстап отырмыз. Жағдайлары жаман емес. Әлде де күнделікті сол бақылауда болады.

Дереккөз: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/1181-usha
 
4-07-2014, 23:44
2 419 просмотров
Нашли ошибку?