Ақ халатты абзал жандар балаларды мерекемен құттықтадыОблыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгінде жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлуде. Осы орайда басқарма басшылары медицина орталығында емделіп жатқан бүлдіршіндерді аралап, хал-жағдайын біліп, айтулы мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарын ұсынды. 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні барлық жерде мерелік шаралар өткізіліп, түрлі атракциондар балалар үшін жұмыс жасайды. Алайда, дәл осы күні кейбір бүлдіршіндердің ауруханада болатыны тағы бар. Осы орайда Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылары ауруханаларда ем алып жатқан балаларды құттықтап, сыйлықтарын ұсынды. Біраздан бері ауырып жатқан балалардың бірі Гүлназ Серік. Өмірге құштар, белсенді қызды қуанту үшін басқарма басшылары арнайы үйіне барып, жылы лебіздерін білдірді. Айтулы мерекені балалар ауруханасындағы емделушілерде ұмыт қалдырған жоқ. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шарада әсем әуендер айтылып, мың бұралған бишілер өнер көрсетті. Балаларға ұйымдастырушылар тарапынан тәттілер таратылып, сыйлықтар табысталды. Бүгінде сәбилер үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз тәрбиеленіп жатқан балалардың саны 60 қа жеткен. Басшыларымыз оларды да назардан тыс қалдырмады. «Әрбір баланың қуанышты жүзін көру бәрімізге бақыт сыйлайды»-дейді облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің бас дәрігері. http://kogamtv.kz/aқ-xalatty-abzal-zhandar-balalardy-merekemen-құttyқtady/
|