» «Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


«Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Аурухананың толық атауы:

ХХ ғасырдың басында, яғни 1904 жылы Қазалы уезінде халыққа медициналық қызмет көрсету мақсатында амбулатория ашылып, онда ең әуелі фельдшер және акушер жұмыс істеген. Ал Ұлы отан соғысы кезінде теміржол ауруханасы  госпитальге айналған, яғни әртүрлі жарақатпен түскен солдаттарды қабылдап ем жасаған, осылайша аурухана Ұлы Отан cоғысындағы жеңіске өз үлесін қосқан. Ғасырдан астам тарихы бар теміржол ауруханасы заманына сай атауын өзгертіп отырды.  2018 жылдың 12 сәуірінен бастап «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС болып өзгертілді. 
Ауруханада жалпы саны 477 маман, оның ішінде 64 дәрігер (4 жоғары санатты, 25 бірінші санатты, 18 екінші санатты), 220 орта медициналық қызметкер (3 жоғары санатты, 87 бірінші санатты, 40 екінші санатты), 74 тазалықшы, 83 өзге қызметкер және қосымша қызметтілікте 36 маман еңбек етеді. 
Жыл сайын жоспар бойынша дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері білімін жетілдіреді. 
Аурухана әкімшілігі өз күшімен демеушілік көрсетіп оқытылған мамандар:
- бірінші курстан бастап 8-маман мына мамандықтарды алып шықты -невропатолог, терапевт, хирург, акушер гинеколог, анестезиолог реаниматолог, 3 жалпы тәжірибелі дәрігер
Қайта даярлықтан 30-маманды откізген: қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау менеджменті, сәулелі диагностика, отоларингология, гирудотерапия, анестезиология реаниматология, балалар стоматологі, нейрохирургия, УЗИ, кардиология, балалар невропатологі, трансфузиология, ересек невропатологі, ВОП, мед.реабилитация, травматолог, трансфузиология, пульмонология (ересек), ангиохирург (ересек, балалар), эндокринолог (ересек, бала).
2021-2023 жыл аралығында Резидентурада оқуын бітіріп мамандық алған 11 маман (травматология-Ы.Әскербек, терапия-Ашыкбаева А, жұқпалы аурулар -П.Сейдахметова, сәулелі диагностика- Ш.Қуантаев, Ф.Кемали, гастроэнтерология-Балдақ А, акушер-гинекология- Ахмедов А., анестезиология реаниматология- Тулегенов Б., Бекеев А., Ескермесов Е., хирургия-Абибулла И.)
Жалпы аурухана кешені   үш қабатты ғимаратта орналасқан. Тәулікті стационар 108, күндізгі бөлім 50 төсекке есептелген (аурухана-32, емхана-18). Аурухана терапиялық, кардиологиялық, хирургиялық, неврологиялық, педиатриялық, инсультттік, ерте-кеш оңалту, гинекологиялық профильдері бойынша медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, параклиникалық бөлімдер – клинико-диагностикалық, бактериологилық, биохимиялық, серологиялық, иммуно-ферменттік зертхана, ПТР зертханасы, функционалдық  диагностика жүргізу (рентгенологиялық, рентгеноскопиялық зерттеулер, маммография, рентген, компьютерлік томография, радиоизотоптық диагностика (МРТ), «С-дуга» рентгенодиагностикалық аппарат, доплерография, барокамера, УДТ-диагностика, эхо-энцефаллоскопиялық,  фиброгастроскопиялық, эхоэнцефаллографиялық, доплерографиялық зерттеулер), физиотерапиялық бөлім  (емдік денешынықтыру, соққылы толқын терапиясы, үгу столы, мойын массажын жасау аппараты,  парафин, емдік массаж, емдік тұзды және дәрілік ванналар (10 түрлі),  кедр саунасы, су асты массажы, джакузи, мануалдық емдеу, Айрезольді копрезорлық небулайзер, Су-Джок емдеу, барокамера) жұмыс істейді. 
Аурухана   құрылымында   консультациялық-диагностикалық қызмет көрсету үшін бір ауысымда 350-400 адамды қабылдауға арналған теміржол емханасы жұмыс істеп тұр. Консультациялық-диагностикалық бөлім екі мекен жайда орналасқан Айтеке би №2, Ерімбет Көлдейбекұлы №92  29 тарбуынды маман және 14 жалпы тәжірибелік дәрігер қызмет етеді. Емханаға қарасты жеті медициналық бекетте 7 фельдшер жұмыс істейді. Айтеке би кентінде орналасқан 5 кварталда тұратын елді мекендегі халыққа медициналық қызмет көрсету мақсатында 1 медициналық бекет ашылды. 
2025 жылдың ақпан айында Рентген -эндоваскулярлы хирургия бөлімшесі ашылып жұмысын бастады.
2025 жылдың шілде айында Госпитальдық фармация бөлімшесі ашылып жұмысын бастады.
Ауруханада толық қажетті медицина саласындағы заманауи озық үлгідегі аппаратуралармен жабдықталған.
2023 -2024 жылы ауруханаға алынған заманауи аппараттар:

  1. ЛОР комбайн XU1Smart, жұмыс жасайтын дәрігер Тақтаболатұлы Қ.

  2. Автоматты гематологиялық анализатор  МЕК-1305, жұмыс жасайтын зертхана мамандары,  бөлім меңгерушісі Исаева А.

  3. Өкпені жасанды желдету аппараты VG70 BeiJing Aeonmed Cj Ltd, реанимация бөлімінің дәрігерлері, бөлім меңгерушісі Қуанышпаев Ж.С.

  4. Бауыр фиброзының дәрежесін инвазивті емес анықтауға арналған Аппарат  FibroScan 530 Compacr жұмыс жасайтын дәрігерлер, Сырымбаев Н.У., Опабекова И.А.

  5. Сутегі асқын тотығының төмен температуралы плазмалық стерилизаторы 50л және ауа компрессоры (медициналық құралдарды ауамен кептіру) жұмыс жасайтын залалсыздандыру бөлімінің мейіргерлері.

  6. 2023 жылы Үш өлшемді оптикалық когерентті томографияға арналған құрал, Операциялық микроскоп ОМ-9 жиынтығы, Оптикалық Биометр OA-2000 моделі, TOMEY GmbH, Офтальмологиялық хирургиялық жүйе Centurion Vision System аппараттары алынып, 2023 жылдың 28 шілде айынан бастап офтальмологиялық ота жасау жұмысы басталды. Отаны бірінші квалификациялық санаты бар дәрігер офтальмолог Жадырасын Берік Балдақұлы жасауда. Маман білімін жетілдірген, офтальмологиялық қызметке лицензия бар. 2024 жылдың 15 мамырдан бастап Қызылорда обласынан дәрігер офтальмолог Байхадамов Мурат Махсутовичпен және Алматы офтольмология институтының маманы Жолдасов Бекболат Маратовичпен бірігіп аурухана дәрігер офтальмологі Жадырасын Берік Балдақұлы алғаш рет көзге «Катарактаға» ота жасалды. Осы уақытқа дейін жасалған ота саны 211, оның ішінде: 

-13.73 - «Факоэмульсификация катаракты с имплантацией» - 81 науқас 
-11.39 - Птерегиум -     49 науқас 
-14.9001 –Интраветриальное введение ингибиторов ангиогенеза -  81  - науқас

  1. 2023 жылы Ультрадыбыстық диагностикалық медициналық жүйе   Logig P  орындау нұсқалары Р7 жұмыс жасайтын дәрігерлер, Сырымбаев Н.У., Опабекова И.А.

  2. 2023 жылы ауруханаға CHEVROLET COBALT маркалы қызметтік автокөлігі, Халыққа уақытылы медициналық көмек көрсетуде мақсатында JAC Sunray (N209G)  маркалы жедел жәрдем автокөлігі, 2024 жылы Hyundai Santa Fe MX5 маркалы қызметтік автокөлігі, екі секциялы нан пісіретін газ пеші (бір секцияда 15 нан пісіріледі) алынды. Арухана бөлімдеріне ішкі ағымдағы жөндеу жұмыстары және ғимараттын сыртқы қабырғасы фасадтық панельмен қапталып, қабырғасына түнгі мезгілде жарықтандыруға арналған гирлянда жүргізілді. Емхана бөліміне ішкі ағымдағы жөндеу жұмыстары және ғимараттын сыртқы қабырғасына рестоврация жасалып, қабырғасына түнгі мезгілде жарықтандыруға арналған гирлянда жүргізілді.

  3.  2024 жылы Рентген эндоваскулярлы хирургия бөлімі ашылып, Ангиография аппараты іске қосылып (ми тамырларының диагностикалық ангиографиясы, жүрек тамырларының каранарлық артерио графикасы), лицензия алынды.

  4. 2024 жылы ақпан айында ауруханаға ЭЭГ, ВП және ЭМГ Нейрон-Спектр-4 (компп) зерттеу үшін көпфункционалды ком кешені алынып, жұмыс жасауда. жұмыс жасайтын дәрігерлер Н.С.Балдаков. Осы уақытқа дейін 137 диагностиика жасалды, оның ішінде 59 ересек, 78 бала.

  5. 2024 жылдың наурыз айында модульдік құрылғы объективті аудиологиялық скрининг және диагностика есту функциясы сериясы Sentiero моделі advanced, өндіріс PathMedicalGmbH, Германия, жұмыс жасайтын дәрігер Тақтаболатұлы Қ.

  6. 2024 жылы мамыр айында емхана бөліміне жаңадан new Oriental 1000nc медициналық рентген, флюорографиялық радиографиялық құрылғы және 2025 жылдың маусым айында Маммография AIDIA РА25101-396 алынып іске қосылды. 

  7. 2024 жылы жаңадан   NeuViz 128 көп тілімді Компьютерлік томография аппараты алынып іске қосылды.

  8. 2024 жылы  сәуір айында қанның стерильдігін және антибиотикке сезімталдылығын анақтау мақсатында жаңа бактериологиялық Scan-10 және D2 mini анализаторы алынды.

  9. 2025 жылдың 16 шілдеде Магнитті-резонансты томография i_Vision 1.5Т plus MR -  MRI-SC150-1313 іске қосылды.

  10. 2025 жылдың шілде айында «Сөмкедегі құрғақ көмірқышқыл газы CO2» ваннасы   іске қосылды (жүрек,қанайналым ауруына ем).

  11. 2025 жылдың шілде айында Бейне гастроскоп VGT-Q30/VGT-Q30J аппараты алынды. Маман Балдакова А.Ә. Ақтөбе  қаласында қыркүйек айынан бастап екі апталық білімін жетілдіруде (асқазан, ішек ауруларын қарайтын диагностика).


 
Құрметті емделушілер мен қонақтар!
«Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілігі
Науқасты қабылдау уақыты таңғы 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін белгіленген.



 






































































25-02-2021, 11:41
7 900 просмотров
Нашли ошибку?