“Қазалы теміржол ауруханасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры РШЫМБЕТОВ ҚҰБЫЛ

РШЫМБЕТОВ Құбыл 1948 жылы 13 қарашада  Қызылорда облысы Арал ауданы, Қасқа-Құлан ауылында дүниеге келген, ұлты - қазақ, білімі – жоғары. 1967 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, осы оқу орнының емдеу ісі факультетін 1973 жылы бітіріп шықты.

          Сол жылы Қазақ теміржолына қарасты Жамбыл теміржол ауруханасында біржылдық интернатурадан өтті.

          1974 жылы Қызылорда теміржол ауруханасына жолдамамен жұмысқа орналасты.

          1974 жылдан 1977 жылға дейін осы ауруханада терапевт дәрігер болып және инфекция бөлімінде бөлім меңгеруші болып қызмет атқарды.

          1988 жылдан қосымша инерефлексотерапевт қызметін атқарды.

          1977 жылдың қаңтар айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасында дәрігер терапевт, дәрігер инфекционист болып қызмет атқарды.

          1979 жылы Қазалы теміржол ауруханасына бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды, 1994 жылдың тамыз айынан 1997 жылдың ақпан ай аралығында осы аурухананың бас дәрігері қызметін атқарып келді.

          1997 жылдың ақпан айы мен қыркүйек айы арасында Қазалы орталықтандырылған аудандық ауруханасының бас дәрігерінің қызметін атқарды.

          1997 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері қызметін осы уақытқа дейін атқарып келеді, қазіргі қызмет атауы директор.

Бұл уақытқа дейін, теміржол ауруханасы да затына сай атын өзгертті, 2000 жылдың 17 қантардан бастап «Көліктік медицина қызметі» ААҚ басқарма төрағасының №1 бұйрығына сәйкес «Көліктік медицина қызметі» ААҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы құрылды. 2005 жылдың 25 мамырдан бастап «Көліктік медицина қызметі» АҚ басқарма төрағасының №39/17 бұйрығына сәйкес қайтадан тіркеуден өтуіне байланысты «Көліктік медицина қызметі» АҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы болып өзгертілді. 2010 жылдың 12 қантардан бастап «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ директорлар кенесінің №1 хаттамасына сәйкес «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта ұйымдастырылды. Және «Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасының міндетін атқарушысының 2018 жылғы 09 сәуірдегі №332 бұйрығы негізінде бекітілген Жарғысына сәйкес бөліну жолымен «Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта ұйымдастырылды.

          1981 жылдан І санаттағы дәрігер терапевт.

          1996 жылдан жоғарғы санаттағы дәрігер терапевт, 2006 жылы І санаттағы дәрігер ұйымдастырушы. 2013 жылдан  жоғары санатты қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушы.

1987-1991 жылдары халық депутаттары поселкелік кеңесінің депутаты болды. 2003 жылы уудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды.

          Төмендегідей салалар бойынша білімді жетілдірді:

          Алматы қаласында 1976 жылы (жұқпалы аурулар), 1980 жылы Алматы қаласында (гастроэнтерология), 1988 жылы (рефлексотерапия)

          1986 жылы Ташкент қаласында «Емдік-профилактикалық көмекті басқару мен ұйымдастыру» циклы,  1987 жылы Қызылорда қаласында кардиология жөнінде семинар, «Миокард инфаркті мен стенокардияның қарқынды терапиясы» 2001 жылы Қызылорда қаласында денсаулық саласын реформалау жөнінде, 20001 жылы Қызылорда қаласында (терапия, кардиология, гастроэнтерологияның өзекті мәселелері)

          1989 жылы Юрмала қаласында (электропунктура)

          1994 жылы Ақтөбе қаласында (сақтандыру медицинасын жоспарлау)

2001 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында «Анестезиологии, реаниматология және қарқынды терапияның таңдаулы мәселелері» тақырыбы бойынша Қызылорда қаласында өткен 1 ай көшпелі циклы. 

2004  жылы Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебінде  “Тұрғындарға көрсетілетін стационарлық көмектің өзекті мәселелері”тақырыбы бойынша - 144 сағат,

2005 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының “Терапияның қазіргі мәселелері ”- 144 сағат тақырыбы бойынша Қызылорда қаласында өткен 1 ай көшпелі циклы. 

2006 жылыАлматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебінде “Денсаулық сақтаудың ресурстарын басқарудың өзекті мәселелері” тақырыбы бойынша – 144 сағат.

01.03.-30.03.2006 ж. аралығында Ақтөбе ГМИФУВ "Медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастырудың өзекті мәселелері ". 

2007 жылы Қызылорда ҚР ДСМ ДСҰЖМ "Жүйені реформалау кезіндегі денсаулық сақтау ісін басқару мен экономикасының өзекті мәселелері" - 144 сағат.

16.11.-21.11.2009 жж Қызылорда қаласында "Денсаулық сақтау саласындағы басшылар мен мамандарға арналған стационарлық (стационарды алмастырушы) көмекке ақы төлеудің мәселелері" - 42 час.

 01.10.-29.10.2009 жыл аралығында РГКП АГИУВ "Кәсіби кеселдердің алдын алу" - 144 час.

Астана қаласы Ұлттық медициналық холдинг 08.-09.09.2010 жж "Болашақ госпиталі ".

Қызылорда қаласы ҚР ДСМ ДСҰЖМ 27.09.-08.10.2010 жж "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық-құқықтық және экономикалық негіздері" (куәлік ПК№14708). 

ИМТ ПППЭ мекемесі 01.11.-20.11.2010 жж "Профпатология (еңбек медицинасы) мен өнеркәсіптік мекемелердің жұмысшыларына медициналық көмекті ұйымдастыру"- 162 час.

Алматы ҚР ДСМ ДСҰЖМ 07-12.05.2012 жж "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекемені ықпалды басқару "- 54 сағат.

Алматы РУМЦГЗ  03-07.09.2012   повышение "Азаматтық қорғаныс аумағы "

01.08.-29.08.2018 жыл аралығында Алматы қаласындағы дипломнан кейінгі білім беру медициналық академиясы «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару» 216 сағат.

Марапаттаулар:

          2001 жылы “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл” мерекелік медалі.

2003-2007 жылдары Аудандық маслихатының депутаты. 

2004 жылы Денсаулық сақтау ісінің үздігінің иегері.

2005 жылы “Теміржолға 100 жыл” мерекелік медалі.

          2006 жылы Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментінен “Аудан деңгейінде емдеу-диагностикалық жұмыстарына жаңа технологияларды белсенді енгізу” номинациясы бойынша дипломы. 

          2006 жылы Қазалы ауданының әкімінің денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізіп, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетудегі қызметі үшін “Жыл дәрігері” номинациясы.

          2007 жылы Астана қаласында өткен “Қазақстанның провизорлар мен дәрігерлердің ІІІ-съезіне” қатысқан.

          2011 жылы  «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі.

          2011 жылы Гонконг қаласына тәжірибе алу үшін «медициналық мекемелерін басқару» мамандандырылған іскерлік бағдарламасына қатысу.

          2012 жылы  «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға    қосқан үлесі үшін» кеуде белгісі.  

          2013 жылы Барселона қаласында Барселонадағы Менеджменттің Жоғары мектебі Graduate Schoolof Managementin Barcelona мамандандырылған  іскер бағдарламасына қатысу.

          2013 жылы «Жақсы адамдар» құрмет белгісі.

2013  жыллғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша «Шапағат» медалі.

2014 жылы  «Денсаулық сақтаудың әлемдік тенденциялары. Индия тәжірибесі»  көшпелі тәжірибиелік семинарына қатысу.

2015 жылы ҚР Президентінің  сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін, ҚР Президентінің Алғысы.

2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталу (куәлік №0034 28.05.2015 бұйрық №400).

2015 жылы Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы қоғамдық бірлестігінен «Сыр медицинасының үздігі» медалі (куәлік №2 19.06.2015).

2016 жылы ҚР халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сінірген абыройлы еңбегі үшін «Алтын дәрігер» төсбелгісі.

2016 жылы Қызылорда облысының әкімінің Құрмет Грамотасы.

2016 жылы Қазақстан Республикасының қоғамдық наградалар және атақтар жөніндегі комитетінің шешімі бойынша «Қазақстанның Құрметті азаматы» ордені.

2019 жылы Қазалы аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымы «Көп жылғы қоғамға сіңірген еңбегі үшін» Қазалы ауданының «Қызылорда облысының құрметті ардагері» медалі.

          Жалпы жұмыс өтілі - 47 жыл, аурухана басшысы қызметінде - 26 жыл.

          Отбасылы, 5 баласы бар. 

 











 
 

 
3-02-2021, 12:47

Бас дәрігер

Құлмағамбетова Айгүл Жанарыстановна Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген.
1988-1998 жж аралығында С.Сейфуллин атындағы орта мектепті бітіріп, Семейдегі мемлекеттік медициналық академияға оқуға түсіп, оны 2004 жылы терапевт мамандығы бойынша тәмамдаған. 
2005 жылдан бастап «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС-де аймақтық терапевт дәрігері, 2010 ж бастап кардиолог маманы қызметін атқарған. Сонымен қоса «Холтер» және «Тредмил» аппаратымен жұмыс істеген. 
2019 жылдан бастап емхана меңгерушісі бойынша жұмыс атқарды. 
2021 жылдан бас дәрігердің қызметінде. 
I-cанатты дәрігер, еңбек өтілі – 17 жыл.
Хабарласу үшін – Ұялы байланыс: +7 701 300 2732, жұмыс телефоны: 30664.



23-01-2021, 09:04

Директордың емдеу жөніндегі орынбасары

Дәрібай Алтынгуль Асхатқызы 1954 жылы 3 сәуір ҚР Ақтөбе қаласында туған. 1971 жылы орта мектепті алтын медальмен бітіріп, сол жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институты, педиатриялық факультетіне түсіп, 1977 жылы «қызыл дипломмен» бітіріп, Қызылорда қаласында теміржол ауруханасында бір жылдық интернатурадан өтеді. 1978 жылы Қазалы теміржол ауруханасына аймақтық дәрігер есебінде жұмысқа қабылданды. 1980 жылдан бастап 2000 жылға дейін осы аурухананың балалар бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
 2000 жылдың сәуір айынан бастап ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің ме
ңгерушісі болды.
 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап кәзіргі кунге дейін дирктордың емдеу жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
 2006 жылға дейін жоғарғы санатты дәрігер педиатр, ал содан кейін 2-ші санатты дәрігер-ұйымдастырушы, 2009 жыл
ы 1-ші санатты дәрігер-ұйымдастырушы, 2019 жылы қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша бірінші санатты біліктілік санаттылығы бар.
 Өз білімін бірнеше рет жетілдіріп, бала дәрігері және дәрігер-ұйымдастыруші ретінде біліктілігін к
өтеріп әр саладан оқыған.
 2002 жылы еңбегі бағаланып "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды. 2015 жылы 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
 Қәзіргі таңда аурухана  бойынша емдеу жұмыстарына жауапты, жаңа бағдарламалармен жұмыс жасап және жас мамандармен тәрбиелеу жұмыстарын жүргізіп отырады. Сонымен қатар мамандарды уақытылы білімін жетілдіруді ұйымдастырады.
 Емдеу барысында жаңа технологиядағы аппараттармен жұмыс жасауды және дәрі-дәрмектерді пайдалануды күнделікті қадағалап отырады.

Отбасылы, жұбайы- Дәрібай Ерболат Тәжібай ұлы осы ауруханада дәрігер-рентгенолог қызметін атқарады, балалары, немерелері бар.


 
 
 
 
22-01-2021, 13:01

Директордың медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары

Серік АДАЕВ

1954 жылы туған.  1976 жылы Актөбе мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірді.
 
1976-1977 жылы  Қызылорда облыстық ауруханасында интернатурадан өтті.
 1977-1981 жылға дейін Қазалы теміржол ауруханасында аймақтық балалар дәрігері, 1981-1989 жыл аралығында балалар консультациясының меңгерушісі,
 1990 жылдан бастап невропатолог, 1994-1997 жылға дейін бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары, 1997-2018 жж директордың емхана жөніндегі орынбасары.

2018 ж директордың медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары.
 Волгоград, Ташкент, Алматы  қалаларында бірнеше рет өз саласы білімін жетілдірген.
 «Денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төсбелгісінің иегері, денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша 1-ші санатты дәрігер.
 
 


15-01-2021, 08:13

Есеп бөлімі

Сырымбаева Фатима Утебалиевна білімі жоғары, 2001 жылы Халықаралық Москва Бизнес және Информациялық Технология Университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» факультетінің «Экономист» мамандығын алып шықты.
 1997 жылдан бастап «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС-нің жалақы есептейтін есепшісі есебінде орналасқан.
2019 жылдың 11 наурызынан бастап бас есепшінің орынбасары.
2021 жылдың 6 қазан айынан бастап аурухана бас есепшісі
.
Аурухана есеп бөлімі толық  компьютермен жабдықталған, жоғары білімді есепшілер қызмет атқарады. А.Тұрманова- материалдық есепші, Е.Ршымбетов- Мемлекеттік сатып алу есепшісі. Барлық компьютерге бір желілік  1С –Предприятия 8.1 версиясы  құрылып, барлық  бухгалтерлік есептер  осы программа арқылы  жүргізіліп жатыр.
Бас есепші аурухана жоспарын соңғы шыққан «441 программамен» жасап жоспарлайды, ал тоқсандық және жылдық  бухгалтерлік есебін  «302-программамен»  Астана қаласына  АҚ «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» электрон жүйесімен  немесе "Skype" жүйесімен жібереді. Ауруханада электронды жүйе өте жоғары дамыған. Аурухана жаңалықтары ай сайын жаңартылып  сайтта көрсетіліп тұрады. Аурухана бюджеті АҚ «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары»  мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан  ақылы қызмет кірісінен қаржыландырылады. Ақылы медициналық қызмет бағасы Қазалы, Арал ауданы тұрғындарына тиімді жасалған.

 

17-01-2020, 13:45

Бас мейірбике

Үміт Амиржанқызы ЖҰМАБАЕВА 1962 ж Арал ауданы «Аралқұм» стансасында дүниеге келген. 1978 жылы Аралқұм стансасындағы №62 орта мектептің 8-ші класын бітіріп, Қызылорда медициналық училищесінің акушерлік бөлімшесінде 1982 ж дейін оқыды.

Алғашқы еңбек жолын 1982 ж Қазалы теміржол ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде күзет мейірбикесі болып бастады. 

1996-2015 жж ауруханада медициналық статист болып жұмыс істеді. 

2015 ж бері аурухананың бас мейірбикесі.

1990 ж медстатистің бірінші санатын, 2011 ж жоғары санатын және 2016 ж мейірбикенің жоғары санатын иеленген. 

Өз кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып тұрады. Еңбектегі жетістігі «ТЖМ-нің құрылғанына 20 жыл» мерейтойлық медалімен атап өтілген.  

15-01-2020, 09:58