Тарихы
ғасырдан асқан темір жол ауруханасы 90-шы жылдардағы қиындықтарға да мойымай,
заман көшіне ілесе білді. Бойын тіктеп облыс деңгейіндегі медициналық қызмет
көрсете алатын денсаулық сақтау кешеніне айналды. Оның басты себебі ұжымның
бірлігі, алға қойған мақсатқа бір кісідей жұмылуы деп ойлаймын.
Басқасын
айтпағанда соңғы үш жыл көлемінде аурухананың материалдық-техникалық базасы
жақсарып қана қоймай, жаңа заманауи медициналық әдістер енгізілді.
Аурухана
кейбірі тек облыс орталықтарында ғана бар қуаты мықты компьютерлік томография,
аса жоғары дәлдіктегі ультрадыбыстық, рентгендік аппараттармен, гемодилиз,
барокамера, офтальмологиялық саңылаулы шам, нейрохирургиялық, стоматологиялық
құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ сумен емдеу, сүлік салу, «алтын ине», түрлі
физиотерапиялық аппараттар арқылы емдеу жолымен ем ықпалдылығы артуда.
Аурухана
көптеген қызметін Қазалы ауданының тұрғындарына ғана емес, көршілес Арал және
Қармақшы аудандарының тұрғындарына да көрсетеді.
Жылма-жыл
«Денсаулық» поезы арқылы кіші станциялар мен разьезд тұрғындарына білікті
мамандар арнайы барып, күрделі медициналық қондырғылар арқылы тегін кеңес
беріп, тексеруден өткізеді.
Кезінде
менің Испания және Үнді елдеріне сапар
шегуіме тура келді. Сол жердегі озық тәсілдерді көзбен көріп, ойыма
түйіп шама шарқым келгенше ауруханаға енгізуге тырыстым.
Ауыз
толтырып айтарлық жаңалықтардың бірі ауруханада жамбас буынына, миға күрделі
операциялар жасалады. Осы жылда «Телемедициналық» байланыс іске қосылды. Бұл
арқылы күрделі науқастар еліміздің іргелі клиникаларынан кеңес ала алады және
дәрігерлер білімін жетілдіреді.
Аурухананың
бюджеті жылма-жыл артып келеді.
Басты міндет
Елбасы Жолдауларынан туындайтын тапсырмаларға ұжымының үн қосуы және денсаулық
сақтау саласына қатысты тұстарына көңіл бөлуі. Мұны мен аурухана басшысы
ретінде сеніммен айта аламын.
Құбыл РШЫМБЕТОВ,
директор