ЖЕР СІЛКІНГЕНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?Апат айтып келмейді. «Сақтансаңсақтайды» деген сөз бар. Соңғы кезде әлемде ғана емес, Қазақстандада жер сілкінісіжиілеп кетті. Арыға бармай-ақ,9 тамыз Алматы облысында таңғы сағат алтылар шамасында бірнеше жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.Осындай төтенше жағдай кезінде не істеу керегін назарларыңызға ұсынамыз. Ең бірінші – сабырлы болыңыз, үрейге бой алдырмаңыз. Бірақ жылдам қозғалуыңызқажет. Ретсіз іс-қимыл жасағандаосындай үрей туындайды. Үйдің ішінде: Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуды пәтеріңіздіңқай қабатта орналасқанынақарай шешесіз. Егер көп қабатты тұрғын үйдің бірінші немесе екінші қабатындатұратын болсаңыз, сыртқа шығуға мүмкіндігіңізбар. Ал үшінші және одан жоғары қабаттардатұрсаңыз далаға шығу өте қауіпті. Сол себепті сілкініс кезінде үй ішіндегі қауіпті және қауіпсіз жерлерді анықтап алған жөн. Үй ішінде қалып қойсаңыз алдымен газ, су және жарықты сөндіріңіз; Алдын ала таңдалған орынға тығылыңыз (мысалы, мықты қабырға, босаға есік жақтауы, ванна, тоңазытқыш, парта, кереует); Терезеге жақындамаңыз; Жиһаздардан аулақ тұрыңыз; Лифт қызметін пайдаланбаңыз. Далада: Биік ғимараттармен биік ағаштарданаулақ болыңыз; Үзілген сымдардан абай болыңыз; Жер асты өткелдерімен жүрмеңіз; Ғимараттарға кірмеңіз. Көлікте: Сілкініс басталғанда дереу ашық жерге тоқтаңыз; Дүмпу аяқталғанша көліктен шықпай, бір орында отырыңыз; Ал қоғамдық көлік жүргізушісі мұндай жағдайда есікті ашық қалдыруы тиіс. Жер сілкінісінен кейін: Сабырлы болыңыз, зардап шеккендерге көмектесіңіз; Радиоқабылдағышты қосып, жергілікті билік пен азаматтық қорғаныс органдарының нұсқаулықтарына құлақ түріңіз; Қираған ғимараттарға кіруші болмаңыз; Жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіз; Құтқару жұмыстарына атсалысу керек болса, қалыс қалмаңыз; Бастысы, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ! Baq.kz http://qarmaqshy-tany.kz/zher-silkingende-ne-isteu-kerek/ |