» » САЛА АРДАГЕРЛЕРІНЕ САУЛЫҚ ТІЛЕДІ

САЛА АРДАГЕРЛЕРІНЕ САУЛЫҚ ТІЛЕДІ

САЛА АРДАГЕРЛЕРІНЕ САУЛЫҚ ТІЛЕДІ


 

«Қарты бардың қазынасы бар» деген қағиданы мықтап ұстанған теміржол ауруханасының ұжымы халықаралық қарттар күнін атап өтті. Бұл күні аға буын өкілдеріне тиісті құрмет көрсетіліп, ас мәзіріне толы дастархан жайылды.

Айтулы мерекені алғы сөзбен ашқан Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетов емдеу орталығынан зейнетке шыққан қарияларды мейрамдарымен құттықтап, ауруханадағы жаңалықтармен бөлісті. Яғни, «Апаттар медицинасының теміржол госпиталдары» акционерлік қоғамынан жауапкершілігі шектеулі серіктестікке өткендігін айтып, әрқайсысы 35-40 жылдан жұмыс істеген ардагерлердің аман-саулығын тіледі. Сонымен қатар, зейнеткерлікке ұжым атынан сый-сияпат тарту етті.

Қуанышты басқосуда Ә.Сейтенов, Қ.Сәрсенбаев, Н.Матығұлова, Ж.Мылтықбаева, А.Прешова, Б.Сейтенова теміржол ауруханасының басшылығына шексіз алғыстары мен жылы лебіздерін жеткізді. Құрмет пен мейірім мерекесінде дәрігерлер: А.Дәрібай, С.Адаев, Ж.Қуанышбаев қонақтарға ақжарқын тілектерін білдірді.

САЛА АРДАГЕРЛЕРІНЕ САУЛЫҚ ТІЛЕДІ

 

 

 

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА,

«Қазалы» газеті, 3 қазан 2017 жыл. 
4-10-2017, 16:39
1 630 просмотров
Нашли ошибку?