Қазалыда жаңа медициналық аппарат іске қосылады

Қазалы аудандық ауруханасында «Ангиограф» медициналық аппараты наурыз айында нақты іске қосылады. Қазір арнайы бір бөлме дайындалып, аппаратты бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.Оның айтуынша тиісті мамандар оқытылып, облыстық медицина орталығында толық тәжірибеден өткізілген. Көп ұзамай ел-халық медициналық аппараттың игілігін көретін болады.

«Қазалы ауданындағы жаңа ауруханаға орнатылып жатқан бұл қондырғы жедел және сапалы ота жасауға септігін тигізбек. Нәтижесінде Қазалыдан бөлек, көршілес Қармақшы, Арал аудандары мен Байқоңыр қаласы тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Қазір ауданаралық аурухана мәртебесі беріліп отыр», - деді аудан басшысы.

https://syr-media.kz/news/7769-azalyda-zhaa-medicinaly-apparat-ske-osylady.html 
3-02-2019, 14:06

«Медициналық пойыздар» әлеуметтік жобасы кезінде 3000 кіші хирургиялық ота жасалды

«Медициналық пойыздар» әлеуметтік жобасы кезінде 3000 кіші хирургиялық ота жасалды

Әлеуметтік жоба жұмысы барысында медициналық пойыздар бригадасы алпыс жеті мыңнан астам диагностикалық емшара, үш мың кіші хирургиялық операция жүргізді. Бұл туралы жоба қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Дияс Әзбергенов мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол осы жобаның маңыздылығын атап өтті, себебі оның арқасында шалғайда орналасқан елді мекендерде сапалы медициналық көмек көрсетілгендіктен халықтың өмір сүру деңгейі артып келеді, оның ішінде денсаулықтың жоғары деңгейі шартты болып табылады.

«Жоба қорытындысы бойынша, жұмыс барысында дәрігерлер қырықтан астам (41 360) адамды тексерді. Сонымен қатар, дәрігерлік қаралулардың жалпы саны жүз тоқсан екі мыңдай (192 195) болды», — деп атап өтті Дияс Азбергенов.

Сонымен қатар, «Денсаулық» пойызы медициналық бригадасының бас дәрігері Арзықұл Кенжеев дәрігерлер өз пациенттерін құтқарған жағдайларды атап өтті. Сонымен, оның айтуынша, туберкулез, жіті жүрек-қан тамырлары аурулары, сондай-ақ қатерсіз ісік жағдайлары анықталды.

Айта кету керек, медициналық бригадалардың құрамында терапевттер, тіс дәрігерлері, окулистер, маммологтар және басқа да мамандар бар. Жоба жұмысы барысында кезекпен 10 медициналық бригада іске қосылды.

Жоба аясында 2018 жылы дәрігерлер өңірлерде ең көп таралған 5 ауруды анықтады. Оларға артериялық гипертония, ишемиялық ауру, қант диабеті, созылмалы бронхит және эндемиялық жемсау жатады.

Естеріңізге сала кетейік, «Медициналық пойыздар» жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры»-мен бірлесе 2010 жылдан бастап жүзеге асырды. Оның жұмысына еліміздің 9 аймағы — Алматы, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтитын «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» екі Денсаулық пойызы тартылды.

«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

Қоғаммен байланыс және маркетингтік

коммуникациялар департаменті

https://syrboyi.kz/zedelnews/26979-medicinaly-poyyzdar-leumettk-zhobasy-keznde-3000-ksh-hirurgiyaly-ota-zhasaldy.html

24-12-2018, 11:36

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

Осыдан тура жетпiс жыл бұрын, қараша айында Арал ауданы, Қасқа-Құлан ауылында дүниеге келген Қазалы темiржол ауруханасының директоры Құбыл Ршымбетовты Сыр медицинасының атынан бүгiнгi мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Медициналық антын өмiрлiк ұстанымы етiп, адам денсаулығының сақшысына айналған Құбыл Ршымбетов Қазалы темiржол ауруханасында 1974 жылдан бастап, яғни 45 жылға жуық қызмет етiп келедi.
Кезiнде нарық қыспағына мойымай, жоқтан бар жасап, осы аурухананы жабылу қаупiнен аман алып қалған болатын. Қазiргi таңда Қазалы темiржол ауруханасы республикалық дәрежедегi ауруханалардың деңгейiне қол жеткiзген, ауызбiрлiгi жарасқан қызметкерлерiнiң тынымсыз еңбегiнiң арқасында халықтың ризашылығы мен құрметiне бөленген мекемелердiң бiрi.
Парасатты да байыпты мiнезiмен, бiлiмдiлiгiмен, жұмысқа деген белсендiлiгiмен абыройға кенелiп жүрген мерейтой иесiне зор денсаулық, отбасына амандық, кәсiбiне береке, табыс тiлеймiз!
 
Асқаралы алпыс жастан өттiңiз,
Жетпiс жастың белесiне жеттiңiз.
Құтты болып ақсақалдық жасыңыз,
Сексеннiң де сеңгiрiнен асыңыз.
 
Риза болып Сiзге әркез халқыңыз,
Өмiрде тек бата, алғыс, марапат алыңыз.
Жүзiңiзден күлкi кетпей әрқашан,
Той тойлаңыз, жүзден асып жасыңыз!

«Сыр медицинасы» ұжымы

«Сыр медицинасы» газеті, 16 қараша 2018 жыл.

 

 

 

 

16-11-2018, 17:53

АСА МАҢЫЗДЫ КОНТЕЙНЕРЛЕР

АСА МАҢЫЗДЫ КОНТЕЙНЕРЛЕР
АСА МАҢЫЗДЫ КОНТЕЙНЕРЛЕР

"Сызықтық люменсцентті шамдар үшін орнатылған" контейнерлер өңір тұрғындары үшін тиімді және адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін аса маңызды
15-11-2018, 07:23

Үздік провизор

Үздік провизор

Фармация саласының маманы үшін алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін білу өте маңызды. Фармацевт тағайындалған дәрілік заттар мен медициналық бағыттағы бұйымдарды топтастыра білуі шарт. Оның фармацевтикалық іс негіздері мен қаржы саласын меңгергені абзал. Әрине, мұндай кәсіп иесіне міндетті түрде: ұқыптылық, зеректік, жинақылық және өзін басқару қабілетінің жоғары болғаны маңызды. Осындай талаптар үдесінен шыққан Күлайша Жалиқызы бүгінде Қазалы теміржол ауруханасының дәріхана меңгерушісі болып қызмет атқарады. Білімін Шымкент қаласындағы фармацевтикалық институтында шыңдаған маман қолданыста бар дәрілік құралдарды жетілдіріп және әзірлеп жүргеніне отыз үш жылдың жүзі болды.

Ол қызмет атқарған жылдарында апатты жағдайда қажетті көмек көрсете алатын білікті қызметкер ретінде өзін көрсете білді және дәріхананы заңнамалыққа сәйкес басқарады. Халықты уақытылы және сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында ұжымды біркісідей ұйымдастырады. Ішкі жұмыстардың кедергісіз жүруі үшін басқа да денсаулық сақтау мекемелерімен тығыз байланыс жасайды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес халыққа медициналық көмек көрсету үшін қажетті мөлшерде дәрі-дәрмек түрлерімен қамтамасыз етуде бар күш-жігерін жұмсайды. Дәріхана жұмысына сараптама жүргізе отырып, оның одан да жоғары дәрежеде жұмыс жүргізуі үшін түрлі шаралар қолданады. Оның шаруашылық-қаржылық жұмыстарын жаңа экономикалық тұрғыда қарай отырып, басқару әдістерін қолданады. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету барысында орынды жағдайларға жол берілмейді.

Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетовтың айтуынша, дәріхана меңгерушісі Күлайша Қарабала Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және фармацевтикаға байланысты заңы және басқада заңнамалары мен нормативті актілерді жетік меңгерген.

«Қиын жағдайда өзін ұстай алады, ықтимал дауларды болжай және тоқтата біледі. Кез келген уақытта адамды түсіне де, қолдай да алады. Сол себепті бөлім қызметкерлері жұмысқа ынталана келеді. Себебі оларды қадірлеп сыйлай білетін адам бар. Ол қарамағындағы қызметкерлерімен қуана да, қайғыра да алатын керемет жан. Ұжымда беделі жоғары, сауатты маман саналады. Жастарға білгенін үйретуден жалықпайтын ұстаз. Аурухана өміріндегі әртүрлі мәдени жұмыстарға қатысып, белсене араласады», – дейді теміржол ауруханасының басшысы.

Жуырда ҚР ДСМ Қызылорда облысы бойынша фармация комитеті департаменті ұйымдастырған облыстық «Жылдың үздік провизоры – 2018» конкурсы өтті. Мұнда Күлайша Жалиқызы 5 турдан сүрінбей жеңімпаз атанып, Астана қаласында өтетін республикалық «Жылдың үздік провизоры – 2018» конкурсына жолдама алды. Елорда төрінде өзінің мықтылығы арқасында бірінші орынды иемденді. Оған 100000 теңгенің сертификаты мен арнайы диплом табыс етілді. Сондай-ақ, республикалық фармацевтер ассоциациясының президенті М.В.Дурманова грамота мен «Үздік провизор – 2018» статуясын салтанатты түрде тарту етті.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

https://qazaly.kz/kogam/6388-zdk-provizor.html
13-11-2018, 09:53

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК ҮШІН “1439” БІРЫҢҒАЙ ҚЫСҚА НӨМІРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК ҮШІН “1439” БІРЫҢҒАЙ ҚЫСҚА НӨМІРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫАл жаңа жылдан бастап дәрі-дәрмектің емханаларда бар-жоғы туралы ақпарат беретін электрондық анықтамалық іске қосылады.Қазақстанда "1439” бірыңғай қысқа нөмірі іске қосылды. Байланыс орталығының операторлары диспансерлік тіркеуде тұрған және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаторлық ем алатындарға тегін босатылатын қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімі, көлемі және жоспарланған күні туралы ақпарат береді.

 

"СҚ-Фармация” ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, байланыс орталығы дәрі жеткізу туралы халықты хабардар ету үшін ғана емес, сонымен бірге дәрі жеткізудің не себепті кешіктірілетінін түсіну үшін де қажет.

Дәрі-дәрмекті жеткізудегі кідірістер туралы шағымдар үнемі туындайды. Сондықтан халықтың дәрі алуындағы кідіріс себептерін түсіну емделушілер үшін ғана маңызды емес. Бізге осы мәселелерді жүйелі түрде шешу және болашақта оған жол бермеу үшін кідірістердің қай кезеңде болатынын түсіну керек, – дейді Берік Шәріп.

Бірыңғай дистрибьютор басшысының айтуынша, байланыс орталығының қысқа нөмірін іске қосу – бұл денсаулық сақтауды цифрландырушеңберінде компания жүзеге асырған бірнеше жобаның бірі. Тағы бір жоба – емханаларда дәрі-дәрмектің бар-жоғын білдіретін электрондық анықтама.

Анықтама емделушілердің өздеріне онлайн режимде дәрілік қамтамасыз ету бойынша барлық деректі: қандай дәрі-дәрмекке медициналық ұйым өтінім бергенін, онда қашан және қандай көлемде дәрілер түскенін, қазіргі кезде олардың бар не жоқ екенін, дәрі-дәрмектің келесі жеткізу мерзімі қашан екенін көруге болады, – дейді Берік Шәріп.

Жоба бірыңғай дистрибьютордың сайтында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.

baribar.kz

1-11-2018, 10:03

ЕМХАНАҒА ТІРКЕУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

ЕМХАНАҒА ТІРКЕУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Республика бойынша осы жылдың 15 қыркүйегінен бастап емханаға тіркеу науқаны басталды. Бұл науқан екі айға созылып, 15 қарашада аяқталады. Науқанның мақсаты – қаралып жүрген емханасына көңілі толмайтын тұрғындар емдеу мекемесін ауыстыруға, қалауынша тіркелуіне мүмкіндік беру. Сондай-ақ, аймақта медициналық қызмет көрсету үшін жаңадан қосылған медицина ұйымдарының келер жылы халыққа қызмет көрсетуге тапсырыс алуына жағдай жасау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Атап өтсек, аталмыш шара өңір үшін маңызды. Аймақта жеке медициналық орталықтар мен клиникалардың саны көбейген. Тіркеу тәртібіне үш өзгеріс енгізілген.

«Жалпы, өткен жылдың тіркеу науқанында облыстың 750 мыңнан астам тұрғыны емхана таңдау құқығын пайдаланған. Халықтың бұл науқанға деген қызығушылығының артқанын, емхананы еркін таңдау құқығы туралы хабардар екенін білдіреді. Айта кету керек, тұрғындар науқан кезінде таңдаған емхана қызметін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалана алады. Оған дейін бұрынғы емхананың пациенті болып қала береді»,- деді «Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Б.Исмағамбетов.

https://syr-media.kz/news/5636-emhanaa-trkeu-nauany-bastaldy.html
20-09-2018, 04:35

МӘМС: ЕМХАНАЛАРҒА ЕРКІН ТІРКЕУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

МӘМС: ЕМХАНАЛАРҒА ЕРКІН ТІРКЕУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ


15 қыркүйек күні емханаларға халықтың еркін тіркеу кампаниясы басталады. Бұл МӘМС жүйесіне қатысу үшін маңызды, деп атап өтті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қызылорда филиалы мамандары. Өйткені, емхана арқылы медициналық қызмет топтамасына қол жеткізу ашылады: МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру( және ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілді көлемі).

Қызылорда облысында және Байқоңыр қаласында барлығы 19 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету объектілері (соның ішінде 6 жеке меншік) 797 293 адамға қызмет көрсетеді.

Емханаларға еркін тіркеу кампаниясының науқаны барысында әрбір тұрғын ең ыңғайлы емхананы таңдай алады және өзінің категориясы туралы мәлімдеуге мүмкімдік бар. Сіз кім – жалдамалы қызметкер, кәсіпкер, өзін-өзі қамтушы азамат немесе жұмыссыз? Бұның маңыздылығы медициналық көмек алғанда ешқандай қиындықтар туындамауы қажет.

Сонымен, емханаға калай тіркеледі? Бұл үшін Сіз жеке куәлікпен қоса және бас дәрігерінің атына өтініш жазасыз. Ешқандай атаулы анықтама талап етілмейді.

Басқа нұсқасын таңдау – емхананы сайт egov.kz. арқылы тандау. "Электрондық үкімет" порталы арқылы азаматтын ЭЦҚ-мен куәландырылған деректерді көрсететін электронды құжат түріндесұратуды ұсыну қажет.

«Осы порталда «Емхана таңдау» бөлімінде сіз қай жерде орналасқаныңызды тексере аласыз», - деп атап өтті қордың мамандары. Бұрынғы алғашқы емханадан автоматты түрде тіркеуден шығарады. Тіркеу және тіркеуден шығару бір реттен жиі емес.

Емханаларға еркін тіркеу науқаны 15 қарашаға дейін жалғасады.

Әлеуметтік мәртебеңізді анықтаңыз, бұл медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасау және медициналық көмек алу үшін өте керек.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлім

https://syr-media.kz/news/5491-mms-emhanalara-erkn-trkeu-nauany-bastalady.html
14-09-2018, 05:18

«ДЕНСАУЛЫҚ» ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

«ДЕНСАУЛЫҚ» ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» меди­циналық пойыздары жолға шықты. Қыр­күйектің 3-де «Қарағанды» және «Алматы-2» бекетінен шыққан пойыздар үш ай бойы еліміздің шалғайдағы теміржол бекеттеріне тоқтап, елді мекен тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

Медициналық бригада құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог дәрігерлер бар. Пойыз диагностикалық құралдармен жабдықталған, оның ішінде компьютерлік спирометрлік жүйемен, эхоэнцефалографпен, диагностикалық жүктеме сынақтарын жүргізу үшін кардиологиялық мониторинг жүйесімен, сонымен бірге, рентген, стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық жабдықтардың соңғы үлгілерімен қамтамасыз етілген.

«Денсаулық» пойызы Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстары бойынша барлығы 71 бекетке тоқтайды деп күтілуде. Ал, «Саламатты Қазақстан» пойызы Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарының шалғайдағы 57 станциясының тұрғындарына көмек көрсетпек. Тұрғындар жоғары білікті медициналық көмек, соның ішінде шағын хирургиялық операция­лар, жоғары сапалы стоматологиялық көмек ала алады.

Айта кету керек, «Медициналық пойыздар» жобасы алғаш рет 2010 жылы жүзеге асырылған болатын. Осы уақыт ішінде консультациялық-диагностикалық пойыздардан 1326 станция тұрғындары тексеруден өткен. Мамандар 379000 қазақстандықты тексерістен өткізген, оның ішінде 83806-сы бала.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, сонымен қатар «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның «Әлеуметтік жобалар» корпоративтік қоры арқылы жүзеге асырылады.

«Денсаулық пойызы» өңірімізде 14 қазан мен 1 қараша аралығында болады деп күтілуде.



Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы»

Кесте (орыс тілінде)

«ДЕНСАУЛЫҚ» ЖОЛҒА ШЫҚТЫ 

http://www.syrboyi.kz/negizginews/24517-densauly-zhola-shyty.html
13-09-2018, 05:13

СУДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!

СУДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!


Қала маңындағы суға түсуге тиым салынған аймақтарда кезекшілік жұмыстары жолға қойылған. Оған төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен күш құрылымдары тартылған. Алайда ескертуді елемейтіндердің кесірінен суға кету фактісі азаймай отыр. Осылай деген қала әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында тілсіз жаумен күресте жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Жыл басынан қала бойынша суда қаза болғандардың саны 9 адамға жеткен. Оған себеп белгіленбеген жерлерде мезгілсіз суға түсумен байланысты дейді төтенше жағдай қызметкерлері. Дария бойында суға түсуге қауіпті аймақтарда қалалық жергілікті полиция қызметі, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы, Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы және қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен рейд жұмыстары жүргізілуде.

Рейд жұмыстары барысында қауіпті деген су айдындарында шомылып жатқан 500-ден астам азаматқа ескерту жасалып, үйлеріне қайтарылды және 2 азамат суға батып бара жатқан жерінен құтқарылды.

https://syr-media.kz/news/4639-suda-abay-bolyyzdar.html
26-07-2018, 09:49