Емхананың тіркеу орны (регистратура)

Емхананың жұмысы тіркеу бөлімінен басталады, оның жұмыс уақыты 08.00-ден 20.00-ге дейін. 

Емханада әрдайым пациенттер ағынын бөлу ұйымдастырылды. Тіркеу орындары барлық жағынан барынша қол жетімділікті қамтамасыз ете отырып, шыны қалқаларсыз "келушіге жақын" қағидаты бойынша жабдықталған.

Емделушілерге ыңғайлы болу, кезектілікті төмендету үшін дәрігерге жазылудың барлық тәсілдері енгізілді (көп арналы телефон байланысы және өзін-өзі хабарлауы. Себебі емхана егде жастағы тұрғындарға да қызмет көрсетеді. Ілгері басқан, жас тұрғындар үшін жазылу портал арқылы қолжетімді egov.kz; порталға тікелей шығатын емхана сайты арқылы egov.kz және "DamuMed" мобильді қосымшасы арқылы.

Емханада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құрылған -пандустар мен санитарлық тораптар жабдықталған. Арнайы ақпараттық белгілері мен дыбыс сигналы бар шақыру түймелері бар. Тіркеу орнында мүмкіндігі шектеулі адамдардың жүріп-тұруына арналған мүгедектер арбалары, таяқтар бар. 

Емхананың тіркеу орнында 3 мейірбике жұмыс істейді. 

Олар: Ешмуратова Кулмарам – ІІ санатты мейірбике. Жұмыс өтілі – 35 жыл. 

Қаниева Шамшагул, жұмыс өтілі – 39 жыл

Рыстыгулова Миуа, жұмыс өтілі – 39 жыл.



 


10-02-2021, 21:47

Стоматологиялық бөлімше

Қазалы темір жол емханасында стоматологиялық тіс емдеу кабинеті қызмет атқарып келеді. Тіс емдеудің беткей тіс жегісіннен бастап,орташа,терең кариестер, тіс ұлпасының қабынуы, тіс түбірінің асқынуы сияқты ауруларды емдеп, қызыл иек ауруларын (гингивит, пародонтит, пародонтоз, хейлит, глоссит және т.б.) емдеуде. Сонымен қатар шырышты қабыну ауруларын  емдеу жұмыстарын атқарады.

2014 жылдың қыркүйек айыннан бастап біздің емханада балалар стоматологиясы мен жүкті әйелдердің ауыз қуыс ауруларын емдеу  жұмыстары атқарылуда.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 145 бұйрығына сәйкес жас ерекшеліктеріне байланысты ауыз қуысы ауруларының алдын алу және дер кезінде профилактикалық ем жүргізу мақсатында скрининг жүргізіледі. Ауыз қуысы тазалығын, тіс жуу ережелерін үйрету және өз аймақтарымызға тиісті мектептерде сабақтар, дәрістер жүргізіледі.

Стоматология кабинеті қазіргі жағдайда жаңа үлгідегі 2020 жылы жасап шығарылған жапондық  "ajax" стоматологиялық аппаратымен жұмыс істейді.

Стоматология кабинетінде 1-ші санаттағы дәрігер-стоматолог Тілеуқабыл Тұрсынкүл Үйсінқызы 2007 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жұмыс өтілі - 14 жыл.

Стоматология бөлімше үш кабинеттен тұрады.

1. Терапиялық кабинет (емдеу кабинеті)

2. Хирургиялық кабинет (тіс жұлу)

3. Ортопедиялық кабинет (тіс салу).

Терапиялық кабинетте 1-ші санатты дәрігер Тілеуқабыл Тұрсынкүл Үйсінқызы жұмыс істейді.

Хирургиялық кабинетте 1-ші санатты дәрігер Топаев Нүралы Сүйеубайұлы жұмыс істейді.

Хирургия бөлімшесінде шет елдік дәрілермен егу арқылы тіс жұлудан бөлек, амбулаториялық операциялар жасалады және жақ сынығына иммобилизиация жасайды.

Ортопедиялық кабинетте (жасанды тіс салу) 1-ші санатты Топаев Нүралы Сүйеубайұлы және  тіс техник Ешимов Нұрдаулет Шайқысыламұлы жұмыс істейді.

Жасанды тіс салу кабинетінде соңғы үлгідегі метало-керамика, металло-пластика және жұмсақ протездер жасалады.




10-02-2021, 21:41

Емхананың медициналық статисті

Емхананың негізгі міндеті - теміржолшылар мен олардың отбасына, зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету. Жалпы медициналық көмек көрсету мен профилактикалық жұмыс атқару Сексеуіл-Жосалы аралығындағы елді мекен тұрғындарын қамтиды.

Емхана бір күнде 300-350 адамға дейін қабылдай алады.

Бүгінгі таңда 1 қаңтар 2021 жыл қарсаңындағы халық саны - 20980, оның ішінде балалар - 6001, ересектер – 14196 және жасөспірімдер – 783.

Емхана бөлімінің медстатистері емхана бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептер дайындап, аудандық, облыстық денсаулық басшылығына тапсырып отырады.

Көктем, күз айларында халық санағын есептейді, туу көрсеткіші, өлім көрсеткішін дайындайды. Күнделікті қайтыс болғандарды РПН порталына, жүрек қан айналымы сырқаттарынан қайтыс болғандарды БСК порталына салады.

Диспансерлік науқастардың қозғалысына талдау (анализ) жасайды. Күндізгі аурухана есебін, флюорография жоспарының орындалуы, келіп көріну көрсеткіші, аурушаңдық көрсеткіші, күнделікті медициналық тексеру, халықтар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді.

Емхана мед статисті - Шагирбаева Жанат Турмахановна. Ол 1991 жылы Ақтөбе медициналық училищесін бітірген. I-ші санатты мейірбике.

10-02-2021, 21:26

Процедуралық кабинет

Қазалы теміржол емханасының емдік шара бөлмесі үздіксіз қызмет атқарып келеді. Емдік шара бөлмесі барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бөлмеде пациенттер аймақтық дәрігерлердің нұсқауымен берілген дәрілерін алып отырады. Аймақтық дәрігерлер нұсқаған емдік шараларды КМИС бағдарламасы бойынша, дер кезінде салып отырады.

Санитарлық ағарту жұмыстары атқарылады. Лекциялар оқылады, әңгімелер жүргізіледі. Емдік шара егу бөлмесінде бірінші санаттағы мейірбике Менешова Жанымкүл Қуанышбайқызы 1988 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Еңбек өтілі - 33 жыл.



10-02-2021, 13:36

Дәрігерге дейінгі кабинет

Қазалы теміржол емханасының дәрігерге дейінгі бөлмесінде, «Халықтың жекелеген санаттарын алдын алу-медициналық тексерілуін ұйымдастыру туралы» 30-10-2020 жылғы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №174 бұйрығына сәйкес, глаукома ауруының алдын алу мақсатында «Diathera» аппаратымен көзішілік қысым өлшенеді. Көзішілік қысым жоғары болған жағдайда көз дәрігеріне жолданып, есепке алынады. Бой ұзындығы мен дене салмағын өлшеу арқылы Кетле индексі арқылы артық салмағы тексеріледі. Артық салмақ табылған жағдайда есепке алынып, әрі қарай мамандарға жолданады.

Қан  құрамындағы қант деңгейі АTCare құралымен тексеріледі, қан құрамындағы қант деңгейі жоғары болған жағдайда есепке алынып, әрі қарай мамандарға жолданады.

ЭЭГ аппаратымен жолдамамен келген науқастар түсіріледі. Спирограф  аппаратымен демікпе ауруымен жолданған науқастар тексеріледі. Тіркелген азамат, азаматшалардың жас шамасына сәйкес қан қысымы тексеріліп КМИС бағдарламасы бойынша   компьютерге енгізіледі. 

Дәрігерге дейінгі бөлмеде бірінші санаттағы фельдшер Альжанова Гульбану Махамбетжанқызы 2004 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жұмыс өтілі - 31 жыл.



10-02-2021, 13:33

Физиотерапевтік кабинет және массаж

Қазалы теміржол емханасының физиотерапевтік кабинеті келген науқастарға ауруларының түрлеріне қарай түрлі аппараттармен ем жүргізіледі.

Сонымен қатар массаж қызметі де атқарылады.

Кабинетте физиотерапевт-дәрігер Тәжібаев Ғалымжан Темірбекұлы, мейірбике Күнбергенова Ұлзира және массаж мейірбикесі Есбергенова Гүлбаршын жұмыс істейді. 






9-02-2021, 21:16

Қазалы ст. локомативтік бригадалары қызметкерлерін рейс алдындағы медициналық тексеру пункті

Қазалы ст. локомативтік бригадалары қызметкерлерін рейс алдындағы медициналық тексеру пункті


Локомотив бригадаларының медициналық тексеру пункті санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келетін екі мекен-жайдан тұрады. Локомотив депосының аумағында, ғимараттың бірінші қабатында және депо бойынша кезекші кабинетіне тікелей жақын жерде орналасқан. Депо бойынша кезекшімен және локомотив бригадаларының нарядымен байланысатын телефонмен жабдықталған. Кабинет жиһазбен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бекетте 1-ші санатты 1 фельдшер, 2-ші санатты 3 фельдшер жұмыс істейді.

Локомотив бригадасының барлық мүшелері бір мезгілде келгенде және олар маршруттық қағазды көрсеткен кезде ғана рейс алдындағы тексеру жүргізіледі. Локомотив бригадалары қызметкерлерінің функционалдық көрсеткіштерін медициналық тексеру және өлшеу атқарылады. Шағымдары, сыртқы көріністі тексеру, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы және сенсорлық реакциялардың жеткіліктілігі ескеріледі, қан қысымы, жүрек соғу жиілігі анықталады. Локомотив бригадалары алкогольдік ішімдіктер ішуге және "алкотест-203" аспабымен есірткі заттарын тұтынуға тексеруден өтеді. ИХА-5-мультифакторлық тест арқылы тексерістен өткен адамның есірткі заттарын қолдануын анықтайды, қызметкерлер арнайы жолақтың көмегімен тексеріледі.

Ай сайын фельдшерлер артериялық гипертензияның алдын алу тақырыбында әңгіме өткізеді. Фельдшерлер тексеру сапасы және локомотив бригадалары қызметкерлерінің жұмысқа жарамдылығы туралы қорытынды беруге жауапты болады.

9-02-2021, 14:06

Рентген, флюорография және маммография кабинеттері

 Қазалы темір жол емханасының рентген және маммографиялық кабинетінде пациенттер кезекті профилактикалық флюорографиялық тексеру және рентгендік зерттеу атқарылады. Скрининг бойынша әйелдердің сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтау үшін маммографиялық тексерілу жасалады. Ол «Melodi» маммографиялық аппаратында атқарылады. 

Науқастарға рентгенографиялық тексеру «Siemens» аппаратымен жүргізіледі. Зерттеу бас сүйегінің, өкпе, ішек құрылысының, сүйек буындарының ақауларын анықтау үшін қолданылады. 

Санитарлық ағарту жұмыстары атқарылып келеді. Рентгендік кабинетте бірінші санаттағы рентгенолог дәрігер Тажибаев Ғалымжан 2019 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жұмыс өтілі - 23 жыл. Рентген кабинетінде лаборант Кубенов Жалын, Байбулатов Мұрат, Жалғасбек Мақсат жұмыс істейді. 


9-02-2021, 11:32

Емхананың қарау бөлмесі

Емхананың қарау бөлмесі
4-02-2021, 21:50

Тері-венерологиялық аурулары процедуралық кабинеті 

Қазалы теміржол емханасының тері-венеролгиялық аурулар процедуралық кабинетінде қаралуға келген адамдардан, екі қабат әйелдерден, скрининг өтетін ересектер мен балалардан венерологиялық ауруларға венадан қан алынады. 

Кабинеттің негізгі мақсаты  - венерологиялық аурулардың алдын-алу. Алынған қандар облыстық АИТВ орталығына АИТВ-ге, облыстық тері-венерологиялық аурулар ауруханасына мерезді (сифилисті), созды (гонореяны) анықтау үшін (Вассерман реакциясы) жолданады. Отадан кейін қан құйылғандарға (рецепиенттерге) 1 ай, 3 ай, 6 ай осы аталған ауруларға қан алынып, тексеріледі. 

Биохимиялық анализдер ауруханада да алынып тексерілуге жіберіледі. Санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі. 

Дәрігер Кульбаева Алтынкул, тері-венерологиялық аурулар процедуралық кабинет мейірбикесі Ибрашова Кенжегул жұмыс істейді. 

4-02-2021, 15:36