Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларының орындалуы жөнінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы ҚР Президентінің Жарлығына, ҚР 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес жұмыс жасау үшін «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалы - «Қазалы теміржол ауруханасы» бойынша 2018 жылға арналған жоспары жасалып, бекітілген.
Аурухана бөлімдерінде сыбайластық тәуекелділігіне үнемі ішкі талдау жүргізіледі және ол бойынша қажетті шараларды қабылданып отырады.
Мекемеде Әдеп кодексінің талаптарын жүзеге асыру мақсатында әкімшілік ғимараттың және емхананың баршаға көрінетіндей жерлеріне «Әдеп кодексінің» мәтіні, бөлімдерде тегін және ақылы медициналық қызметтердің тізілімі көрсетілген тақталар орналастырылған, пациенттердің құқықтары туралы ескертпелер ілінген.
Қызметкерлердің қызметтік этика нормаларын қатаң сақтауы қамтамасыз етілген. Бұл ретте, тек қана жұмыс уақытында емес, күнделікті жүріс-тұрысында сақтауды және кез келген орын алған жат қылық бойынша тиісті шара көрілуі тәжірибеге енгізілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында қызметкерлердің қызметтік жағдайын жеке мүддесі үшін пайдалануына жол бермеу туралы мәселе үнемі назарда.
Ғимараттардың іргелес жатқан аумақтары, бас және қосалқы кіру есіктері, адамдар көп жиналатын орындар телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қоса бейнебақылау жүйесі өзге де заңсыз деректерді анықтау мақсатында пайдаланылады. Өз кезегінде бейнекамералар арқылы азаматтарды қабылдау барысында бақылау жүргізу, дәрігерлердің заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қою, өтініштерді объективті және жан-жақты қараумен қатар тұрғындар тарапынан медицина қызметкерлеріне қатысты берілген жалған мәліметтерді анықтау мүмкіндігі туындайды.
2017 жылы емхана кабинеттеріне (тіркеу орны, зертхана, флюорография, УДЗ және т.б.) пациенттердің кезегін азайту және арыз-шағымдарды болдырмау мақсатында «электронды кезек», e-gov веб-порталы арқылы «дәрігерді үйге шақыру» және «дәрігерге жазылу» жүйелері енгізілді.
Аурухананың заңгері тарапынан қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясындағы заңнамаларға түсіндірмелік жұмыстарын ұдайы жүргізіліп отырады. Ауруханада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тоқсан сайын пациенттер мен медициналық қызметкерлер арасында жасырын сауалнама жүргізіледі.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңының талаптарының сақталуы қамтамасыз етіліп, келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініші уақытында қарастырылады. Бөлімдерде белгіленген орындарда «Сенім телефондары», пациентті қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі мен Coll-орталығы туралы ақпараттар, арыз-шағымдарға арналған жәшіктер орналастырылған.
Аурухананың «Сенім телефондары» аудандық газет басылымдарына жарияланды. Осы телефондар арқылы және жәшіктерге келіп түскен ұсыныстар мен арыз-шағымдар есепке алынып, белгіленген тәртіп бойынша шұғыл түрде шаралар қабылданады.
2017 жылдың қорытындысымен жалпы аурухана бойынша халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерге байланысты пациенттер мен келушілердің тарапынан 11 ұсыныс пен арыз-шағым тіркелген (2016 жылы -5), оның 4-і негізді деп табылып және сол бойынша жауапты 4 қызметкерге ескерту берілді. Ағымдағы жылдың 3 айында 5 арыз-шағым тіркеліп, оның 3-і негізді деп табылып, 3 қызметкерге бір сөгіс, екі ескерту түрінде әкімшілік шара қолданылды.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінен келіп түскен арыз-шағымдар мәтінінде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар немесе олардың орын алуына ықпал ететін себептер туралы мәліметтер болса, бірінші басшы жеке қабылдауды өткізеді.
Ауруханаға 2017 жылға республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының игерілуі туралы мәселе ауруханалық кеңес мәжілісінде қаралып, тиісті іс-шаралар қабылданды. Мекеме бойынша ақылы қызмет көрсету заңдылықтарының сақталуын және жариялылығын анықтау мақсатында құрылған арнайы комиссия әр тоқсан сайын тосын хронометраждар жасап отырады. Мемлекеттік сатып алу және қаржы мәселесіне байланысты құқықтық актілердің талаптарын катаң сақтау негізінде аурухананың заңгер-кеңесшісі мен экономисі білімін жетілдірген.
Бақылауда тұрған құжаттардың мерзімінде орындалуын қадағалау, оның ішінде медициналық ұйымдардан сұраныстар сұратылған жағдайда мерзімінде жауап жолдау филиал директорының емдеу ісі және ішкі аудит жөніндегі орынбасарларының қатаң бақылауында.
Еліміздің медициналық ұйымдарында қызмет атқаратын мамандардың сот процесінде қаралып жатқан қылмыстық істері туралы ақпараттар болған жағдайда ұжым мүшелеріне тез арада хабарланып отырады.
Алдағы уақытта жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны жою бағытында «Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясымен бірлесіп, шаралар өткізу қабылданды.
Сурет Tengrinews.kz сайтынан алынды.
Серік ЕРДАЛИЕВ
|
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Теміржол емханасында узиге тустім
Теміржол емханасында узиге тустім .Доктор Наурызбек Сырымбаев алдына барсаң кішпейіл ,мейірімді дәрігер .Риза болып
Біздің мақтаулы дәрігер Еркін Ескермесіміздің әкімнен алған алғыс хаты құтты болсын.
Біздің мақтаулы дәрігер Еркін Ескермесіміздің әкімнен алған алғыс хаты құтты болсын.Еркін қандай марапатқада лайықты деп