» » Медициналық пойыздар дәрігерлері Қазақстанның шалғай аудандарының тұрғындарына тегін көмек көрсетеді

Медициналық пойыздар дәрігерлері Қазақстанның шалғай аудандарының тұрғындарына тегін көмек көрсетеді

Медициналық пойыздар дәрігерлері Қазақстанның шалғай аудандарының тұрғындарына тегін көмек көрсетедіАСТАНА. ҚазАқпарат - Медициналық пойыздар мамырдан тамыз айына дейінгі аралықта Қазақстанның ең шалғай аудандарында болады., мамандар тегін кеңес береді, сондай-ақ 18 дәрігерлік мамандықтар бойынша диагностика өткізеді.

«Пойызда заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтары, шағын-операциялық бөлме, Ғаламтор мен телекоммуникация құралдарына қосылған зертхана бар. Медициналық бригада құрамында жоғары білікті дәрігерлер, тераптевт, педиатр, көз дәрігері, құлақ-мұрын көмекей ауруларының маманы, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, тiс дәрiгерi бар.

«Самұрық - Қазына» АҚ компаниялар тобы мен «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтiк жобалар дамыту қоры қолдауымен «Медицина пойызы» мына бағыттарда жолға шығады: солтүстік аймақта «Саламатты Қазақстан» 10 мамырдан бастап 2016 жылдың 11 шілдеге дейін; батыс аймақта «Жәрдем» 23 мамырдан бастап 2016 жылдың 25 шілдеге дейін; оңтүстік аймақта «Денсаулық» 10 маусымнан бастап 2016 жылдың 11 тамызға дейін сапарда болады.«Саламатты Қазақстан» пойызының бірiншi рейсі Қарағанды стансасынан 2016 жылдың 10 мамырында сағат 10.15-да аттанады. .

Осы жоба 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында 2010 жылдан 2015 жылға дейiн медициналық пойыз 929 мыңнан астам стансаларды қамтып, 280 мыңнан астам адамға медициналық білікті көмек көрсетті.

 

http://inform.kz/kaz/article/2899649

5-05-2016, 14:45
1 526 просмотров
Нашли ошибку?