» » 1 наурыз - Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні

1 наурыз - Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні

1 наурыз - Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніХалықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Бас ассамблеясының бұрыштамасына сәйкес жыл сайын 1 наурыз - Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні болып аталып өтіледі.

Жыл сайын Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні нақты ұранмен атап өтіледі. Оның биылғы жылғы таңдалған тақырыбы: «Тұрақты даму тұрғысынан азаматтық қорғаныс және зілзалалар қатерін азайту». Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан тұрғындарды қорғау және әрекет етуге дайындығы — кәсіпорындар және шаруашылық нысандарында құрылған азаматтық қорғаныс құрылымдарының, аумақтық төтенше жағдайлар органдарының негізгі міндеті болып табылады.     

ҚР 11.04.2014 жылғы №188-V  ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың зардаптарын жоюға, азаматтық қорғаныс ұйымдастыруға және жүргізуге, төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жедел іс-қимылдарын жасау мақсатында «АМТГ» АҚФ- «Қазалы теміржол ауруханасы» бойынша барлығы 36 адамнан тұратын азаматтық қорғану құрылымдары құрылған. Олар: азаматтық қорғау басқару органы, обьектілік деңгейдегі жергілікті құлақтандыру жүйесі, эвакуациялық орган, өртке қарсы ерікті құралым, авариялық-құтқару қызметі.

2017 жылдың наурыз айында мекеменің азаматтық қорғану құрылымдарының жедел іс-қимылдарға дайындығын арттыруға бағытталған семинар-сабақ өткізілді.

Азаматтық қорғаныстың маңызына жұртшылықтың назарын аудару мақсатында және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ауруханада ашық есік күні ұйымдастырылып, медициналық, мамандандырылған техника мен қондырғылар көрмесі көрсетілді. Көрмеге Әйтеке би кентіндегі №165 және №204 мектептердің оқушылары шақырылды.                                                        

                   

Серік ЕРДАЛИЕВ

 

 

 

1-03-2017, 16:28
3 119 просмотров
Нашли ошибку?