» » Күре жол бойы құтқару бекеттері адам өмірі мен денсаулығының кепілі

Күре жол бойы құтқару бекеттері адам өмірі мен денсаулығының кепілі

Күре жол бойы құтқару бекеттері адам өмірі мен денсаулығының кепіліАдам баласының басты байлығы денсаулығы десек, сол денсаулықты күтіп ұстаумен қатар айтып келмейтін апаттардан, оқиғалардан болатын жазымызшқа, бейнетке әрқашанда дайын болу керекпіз. Бұл сақтықты мемлекет тарапы мықтап қолға алып, Төтенше жағдайлар министрлігі жанынан медицина құтқарушыларын жасақтады.
«Жазым қайда аяқ астында» демекші қандайда бір үлкен жағдай орын алып, адам жараланып жатса алғаш жететіндердің, онымен әрі қарай айналысатындардың бірі осы апаттар медицинасы қызметкерлері. Білімді де білікті дәрігерлерден құралған мекеме қызметкерлері ұдайы оқу жаттығудан өтіп, тәжірибелерін дамытып отырады. Соның бірі төтенше жағдайлар министрлігінің «Тамғалы тастағы» өткен оқу жаттығуғы. Аталмыш шараға Сыр өңірінен барғандардың бірі ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалы басшысы Әсия Сүлеймен қызы Сүлейменова барып қайтқан болатын. Осы және өзге да сауалдарды қою мақсатында Әсия Сүлеймен қызына жолыққан болатынбыз
 

- Әсия апай, жақында төтенше жағдайлар министрлігінің үлкен ауқымда өткізген жиынына барып келдіңіз. Әңгімені осы сапарыңыздан бастасақ.

- Осы жылдың 13 мамыры мен 25 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен Алматы облысы, Іле ауданы, «Тамғалы тас» шатқалында орналасқан «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигонында өткен «Қазқұтқару-2013» іс-шарасына қатысып, ТЖМ және Ұлттық медициналық Ассоциациясы ұйымдастырған «Апаттар медицинасы ықпалдастық арқылы» халықаралық ғылыми конференциясына, «Төтенше жағдайлар кезінде жедел медициналық және психологиялық көмек көрсету» тақырыбында конференцияға қатыстым. Конференцияның мақсаты Төтенше жағдайлар кезінде жедел медициналық және психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру, жетілдіру, дамыту болды.
Конференцияға Америкадан, Балгария, Германиядан, Туркиядан және Ресейден меймандар келіп, көптің көңілінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Мәселен Германияның апаттар медицинасы институтының президенті, академик Бренд Дамрес, Ресейдің НИИ директоры балалар хирургі, таравматолгі президенті Рошал Леонид пен жалпы Ресейлік «Защита» апаттар медицинасы президентінің орынбасары Сахно Иван, Түркияның доктор медецинасы наукі, профессері Турхан Софуоглу мен Тургут Арпаджы және өзіміздің еліміздің маңдайалды ғалымдары академик Ормантаев қатысып, адам өмірі мен денсаулығы үшін ауадай керекті ой пікірлер мен ұсыныстар, ғылыми жұмыстар мен жобаларды оқыды.
Мақалаларын газет, журналдардан оқып, теледидардан ғана көріп қалатын бір ғана академик Рошальдың өзінің әрбір айтқан әңгімесі мен мәлметтері біз үшін жерге шашылып түскен жаһұттай болды. Әлемнің қандай жерінде болса да үлкен оқиғалар орын ала қаласа дайын отырған тобымен бірге сол мезетте жолға шығып кете беретін академиктің айтуы бойынша оқиғада зардап шеккен адамдардың өмірі мен денсаулығы, оны құтқаруға барған құтқарушыларға тікелей байланысты дейді ол. Міне, осы мақсатта әлем елдері барынша жағдайлар жасап жатыр.
Біздің еліміздің де осы саласын көтеру мақсатында Елбасы үлкен жұмыстарды қолға алып, халық саулығы мен өмірін сақтауда теңдессіз жұмыстар атқарып жатыр. Бұл жөнінде өздеріңіз жақсы білесіздер, Мемлекет басшысының тапсырмасы мен Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылда. Осы бағдарлама ішінде Күре жолдық медициналық құтқару пункттерін салу тайға таңба басқандай көрсетілген.
Яғни, «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруға, басқару мен қаржыландыруды жетілдіруге» күш салатындығы туралы да айтылған.
Міне, осы жарлық аясында күре жолдық медициналық құтқару пункті ел көлемінде құру жұмысы басталып кетті.

- Күре жолдық медициналық құтқару пункті жайында толығырақ айта кетсеңіз. Бүгінге дейін қаншасы құрылды, қай жақта құрылып жатыр. Біздің аймақта құру қашанға жоспарлануда дегендей?

- Бұл медициналық кұтқару пунктінде зардап шегушінің өмірін сақтап қалу үшін, барлық көмек көрсетіледі. Шұғыл құтқару жұмыстары үшін реаномобиль және санитарлық авиациямен толықтай жабдықталған. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүзеге асып отырған әлеуметтік жобаның аясында 2015 жылға дейін елімізде 40 күре жолдық медициналық құтқару орталығы бой көтермек деп жоспарланып отыр.
2012 жылы 12 күре жолдық медициналық құтқару пункті салынса, 2013 жылы 14 күре жолдық медициналық құтқару пункті, 2014 жылы 14 күре жолдық медициналық құтқару пункті салынып бітеді.
Айта кетейік, 2011 жылдан бері медициналық-құтқару бекеттері Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ашылып жатыр. Осы уақытқа дейін олардың қатысуымен апатқа ұшыраған 1377 ересек адамдар мен 55 балаға көмек көрсетілді. Оның 525 ересек адамы мен 35 баласы арнайы пункке жеткізілді.
Күре жол бойындағы құтқару пунктіне берілген арнайы машинаныі ішінде барлық медициналық құрылғылардың түрі бар. Тіпті солар арқылы ота жасап, қан құйып, ранимациялық шаралар қолдана береді. Сонымен қатар тікұшақтармен де қамтылмақ.

- Бұл арнайы топқа жол бойындағы болған оқиға жөнінде хабар түскеннен кейін, қанша уақытта жетуге тиісті?

- Күре жол бойындағы құтқару пункті құтқарушылары өзі орналасқан нүктеден 50 км. қашықтықтағы оқиғаға барады. Одан арғысын өзге нүктелерге не ауруханаларға хабарлайды. Ал осы 50 км ішінде болатын болса аусыммен кезекшілікте тұрған дәрігерлер дабыл келіп түсісімен бір минутта уақытты құр жібермей арнайы машинамен жолға шығады. Одан алыс болса тікұшақпен көтеріледі немесе соған жақын жердегі ауруханаларға хабарлайды.Талап бойынша құтқарушылар оқиға орнына ең кем дегенде 22 минутта жетуі керек. Бұл «Алтын сағат» деп аталады. Ал арада 60 минут өтіп кетсе, онда көмек «орташа» деңгейде болды деп бағаланады. Егер 90 минут немесе одан да ұзақ болса онда көмек өте төмен деңгейде болды деп айтуға болады.
Жедел жеткен топ оқиға орнындағы адамдардың жарақаты ауыр екенін анықтаса, орталықтан арнайы тік ұшақ шақырады. Арнайы тік ұшақ та медициналық көмек көрсеуге арналған жабдықтармен жабдықталған.

- Күре жолдық құтұқару пункті тобында қанша адам болады?

- Күре жолдық пункттердің тиімді жұмыс жасауы үшін 5 адам: 1дәрігер, 1фельдшер, 1 фельдшер-диспетчер және құтқарушы, жүргізуші- құтқарушыдан тұратын қызметкерлердің оңтайлы құрамынан құрылған. Медициналық пункт құрамына құтқарушыларды қосу себебі шұғыл медициналық көмек көрсету мен құтқару жұмыстарын өткізу зардап шеккендердің өмірлерін құтқару бойынша шұғыл жұмыстардың бірыңғай кешені болып табылуы керек. Бұл құтқару жұмыстарын өте жылдам жасауға, сондай-ақ зардап шеккендерді оқшаулау бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетуге және тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп, «алтын уақыт» үрдісін сақтай отырып, емдеу мекемесіне эвакуациялауға мүмкіндік береді. Күре жолдық пункттердің екі жататын және үш отыратын зардап шегушіні эвакуациялауға мүмкіндік беретін, көліктік реанимациялық жүйе кешенімен, иммобилизациялық шиналар жиынтығымен, құтқару құрал-жабдығымен жабдықталған медициналық реанимобильдері бар.
Бұл көлікте апат орнынан адамдарды алып шығу үшін құтқарушыларға керекті құралдармен қамтылады. Яғни, көлік апаты кезінде зардап шеккен адамды көлік ішінен босатып алу үшін құралдар керек етеді. Осы кезде арнайы кесетін, қиятын құралдарды пайдаланады. Міне, осы үшін топта дәрігерлермен қоса құтқарушыларда еріп жүреді.

- Бүгінде жұмыс жасап жатқан жол бойы құтқарушылары жұмысы қалай болып жатыр. Сіздер олармен байланыстасыздар ма?

- Әрине, біз олардың атқарып жатқан жұмыстарынан құлақдар болып отырамыз. Сараптама жасаған дәрігерлердің мәлімдеуінше жол бойында жарақат алғандар алғашқы сағат ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетілгендіктен бұрынғымен салыстырғанда қайтыс болуы немесе мүгедек болып қалу қаупі 2 есеге кеміген.
айталық, өздеріңіз білесіз, 2011жылғы 20 желтоқсаннан бастап Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының күре жолдарында медициналық құтқару пункттері жұмыс істей бастады. 2012 жылғы 14 тамыз бойынша олардың бригадалары 255 оқиғаға шығуды іске асырған. 513 зардап шегушіге, оған қоса 22 балаға медициналық көмек көрсетілген. 231 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жатқызылған.
Қарағанды облысындағы «Ақшатау» күре жолдық медициналық құтқару пунктінің де атқарған жұмыстары орасан. Оларда дер кезінде көмекке барып, қанша адамның өмірін сақтап қалды
Жалпы ел көлемінде 2013 жылға қарай жол көлік оқиғасы нәтижесінде қайтыс болғандардың санын 2009 жылғы деңгейден (2 898 адам) 10 %-ға, 2015 жылға қарай 14 %-ға төмендету, 2013 жылға қарай жол көлік оқиғасынан зардап шегушілерді 2009 жылғы деңгейден салыстырғанда (14 788 адам) 8 %-ға, 2015 жылға қарай 10 %-ға қысқарту көзделіп отыр.
Ал келу уақытын және шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсетудің басталуын ЖКО туралы дабыл келіп түскен сәттен бастап 30 минутқа дейін қысқартуды мақсат етуде.

- Осы жол бойы құтқару пунктерінің Қызылорда облысы аймағында қаншасы салынады және қазірде қаншасы қолға алынбақ?

- Негізі Қызыорда облысы үстінен өтетін Батыс-Қытай, Батыс-Европа дәлізі бойынан 4 құтқару пункті түседі деп белгілеген. Соның екеуі биыл іске қосылмақ. Оның біреуі Қармақшы ауданы Иіркөл ауылы маңынан түссе, екіншісі Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылы тұсынан салынады. Қазірде 0,30 гектар жер дайын тұр.
Айта кету керек бұл пунктер тек ғана техногендік және жол көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге ғана емес, жақын жатқан ауыл адамдарына шұғыл медициналық көмек көрсете береді.

- Жолаушылар жол көлік оқиғасы орын алған кезде нені ескере бермейді деп ойлайсыз?

- Ең бірінші үлкен трасса бойына шыққан уақытта көбіне жүргізушілер көлікті шамадан тыс жылдамдықпен жүргізу адам өміріне қауіпті екенін ескере бермейді дер едім. Ал оқиға орын алғаннан кейін оқиғаға қатысқан адамдар психологиялық тұрғыдан дайын болмай шығады. Әрине, соққы, қан көру деген өте қиын жай, есіңнен адасауың әбден мүмкін, алайда өз-өзін тез жинап алу керек. Өйткені оның өзін өзі қолына алғаны өзі және өзгелер өмірі үшін қымбыт. Себебі есін жиған адам дереу 112, 136 номерін теріп құтқарушыларға хабарласу керек. Содан соң өзге есін жинай алмай, көмек керек болып жатқан адамға алғашқы жәрдем көрсетуге көшуі міндетті. Алайда көп адамдар сол қарапайым алғашқы көмек шарттарын біле қоймайды.
Тіпті кейде жолдан шығып кетіп жатқан көлікті көрген кейбір жүргізушілер тоқтағысы да келмей, мүсіркеп бір қарап өте шыға беретіні бар. Ал егер ол сол жерде аз ғана уақытын қиып, қанша асығып келе жатса да тоқтап, оларға барса, бағасы жоқ өзгеріс болуы мүмкін. Яғни, оның бір қоңырауы қанша адамның өмірін алып қалуы мүмкін. Сондықтан «кемедегінің жаны бір» демекші жол бойында бір-бірімізге көмектесуден ерінбейік.

- Әсия апай, өзің басшылық етіп отырған ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының жұмысына көшсек.
 - Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесі күнделікті ақпарат алып, облыс көлемінде төтенше жағдайда халыққа дер кезінде жедел медициналық көмектің көрсетілуін қадағалайды. Төтенше жағдай туралы түскен ақпараттарды Денсаулық сақтау басқармасына, Төтенше жағдай департаментінің «Біріңғай шұғыл кезекші-диспетчерлік пунктіне», Республикалық «Апаттар медицинасы орталығына» жедел хабарлама, мәліметтер беріп отырады.
Сонымен қатар филиал Денсаулық сақтау басқармасы, Санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау мекемесі, Төтенше жағдай департаменті және ТЖД бағынысты мекемелерімен, Ішкі істер департаменті, Ұлттық қадағалау комитеті департаменті және т.б. бірлесіп жұмыс жасайды.
2013 жылдың І-жартыжылдықта филиалға тіркелген мәліметтер саны- 324 (2012 ж-295 ), зардап шеккендер – 415 (2012ж-637 ). Оның ішінде: ТЖ саны–48 (2012-47), зардап шеккендер–52 (2012-45), оның ішінде– 5 бала (2012ж-11), қайтыс болғандар және қаза тапқандар-30 (2012 ж-26), оның ішінде -5бала (2012ж-4). Шұғыл әрекет ету бригадасының барлық шығу саны -30 (2012 ж- 35), оның ішінде ТЖ шығу-3 (2012-5) қала ішінде, басқа да шақыртулар (КШОЖ, ТОЖ, оқу-жаттығу, жарыстар) – 24 (2012 ж- 10), жалған шақырту-2. Қызылорда облысы бойынша шұғыл әрекет ету бригадасы 2013 жылғы І-жартыжылдығына 30 шығулар болды, көмек көрсетілгендер саны-14.

- Сіздерде жалған шақыртылулар бол ма?

- Әрине, шақыртылулардың барлығына жедел түрде баруға міндеттіміз. Талап бойынша орындалып келеді. Алайда сол шақыртылулардың ішінде жалғандары да кездесіп жатады. Мәселен 2013 жылы 28 наурыз күні сағат 13.00-де ТЖД кезекші диспетчерлерінен филиалдың кезекші диспетчеріне 12.55 сағатта облыстық прокуратора ғимаратында қара жәшік табылғандығы туралы мәлімет түсті. Оқиға орнына филиалдың шұғыл әрекет ету бригадасы дер кезінде шығып, нәтижесінде жалған шақырту болып шықты. Мұнымен арнайы мекемелер айналысып, кінәлә дер кезінде іздестірілді. Мұның арты жақсылыққа апармайтыны анық.

- «Жаттығуда қиналсаң, майданда жеңіске жетесің» демекші әр саланың өз жаттығуы болады.

- Түсіндім, бұл салада да ұдайы іс тәжірибелік жаттығулар өтіп тұрады. Мәселен ҚР ТЖМ, ТЖД және ҚР «Апаттар медицинасы орталығы» ММ бекітілген жоспарына сәйкес «Көктемгі кезеңде тасқын жағдайының қолайсыз күшеюі кезінде төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша құтқару және басқада шұғыл жұмыстарға дайындық және оны жүргізу» тақырыбында 2013 жылғы 15 наурыз күні «Көктем-2013» Республикалық Командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысты. «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалы 11 наурыз 2013 жылы № 12-Ө бұйрығын шығарып, дайындығы туралы баяндама жіберілді.
Оқу жаттығу барысында кезекші фельдшер-диспетчер «Азан-111», «Үзіліс-222», «Барыс-333» шартты белгілерін хабылдағаннан кейін 2-3 минут аралығында алынған шартты белгілерді растап 1PS №1 үлгісіне сәйкес оперативтік штабқа жіберіп, алынған шартты белгіні емдеу алдын-алу мекемелерге жіберді. АҚ және ТЖ медициналық қызметінің ТЖ бойынша комиссиялары құлақтандырылып, дайындыққа келтірілді. Басқа да төтенше жағдай кезіндегі қызмет атқаратын қызметтермен қарым-қатынас орнатылды. Сағат 10.30-11.30 аралығында «Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру» ММ ғимаратында Қызылорда облысының төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою комиссиясының жиналу мәжілісіне филиал басшысының міндетін атқарушы А.К.Салқынбаева қатысып, баяндама жасады. Атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар РАМО, ТЖД электронды түрде жіберілді.
Сонымен қатар түрлі семинар кеңестер болып тұрады. Айталық І жартыжылдықта филиалдың медициналық қызметкерлері арасында техногенді және табиғый ТЖ кезіндегі шұғыл алғашқы медициналық көмек тақырыбында 6 семинарлық сабақ өткізілді. Мәселен, 2013 жыл 1 наурыз күні Азаматтық қорғаныс күніне орай ТЖД-мен бірлесе отырып облыстық білім беру басқармасында 744 мектеп оқушыларымен «Өрт кезінде, күйік алған кездегі алғашқы медициналық көмек» тақырыбында интерактифтік сабақ өткізілді. Сол сияқы 29 қаңтар айында ТЖД –нің авариялық құтқару жасақтар арасында : «Күшті әсер ететін улы радиоактивті заттармен және биологиялық қауіпті құралдармен зақымдалу кезінде, сондай-ақ қан ағу, сыну,буын шығу, күйік және өзге де оқыс жағдайлар кезінде өз-өзіне және өзара көмек көрсету» тақырыбында семинарлық сабақ болды.
Сәуір айында «Өркениет» медициналық колледжінің студенттеріне «Ашық есік» күні өткізілді. Онда Мемлекет басшысының 2011ж 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге калаймыз» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өтілген тапсырмасын орындау мақсатында және ҚР Президентінің 2010 жылғы 29 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» жарлығы жайында кеңінен түсіндірілді.

- Айтып келмейді. Сондықтан апат бола қалған жағдайда өзіңіз айтпақшы адамдар көбіне абдырып қалады. Тіпті кейде не істеу керектігін білмей сасқалақтайтындар бар. Бұдан арылуымыз үшін не істеуіміз керек?

- Апаттық жағдайда алла адамның басына салмасын. Дегенмен сақтықтар қорлық жоқ демекші тағыда қайталап айтатыным апаттың алдын алу керек. Ең бірінші жүргізушілердің асықпай көлік жүргізуін, жол ережесін білгені жөн. Табиғи, техногенді төтенше жағдайлар кезінде қалай сақтану керектігін үйрену керек. Сонымен қатар әрбір адамды қандайда бір оқиға алуы мүмкін екенін психологиялық тұрғыдан дайындау керек. «Жаман айтпай жақсы жоқ» демекші мектептегі балаларға егжей тегжейлі түсіндіруді нығайтқан дұрыс. Тіпті жұмыстағы адамдарға да жаттығулар жүргізіліп отырылу шарт. Мәселен су алғанда, үскірік аяз, боран болғанда, күн шамадан тыс ысып кеткенде, көлік оқиғасына душар болғанда не істеуге т.б, үйреніп отыру керек. Мұндай жаттығулар, түсіндірмелер қазірде жүріп жатқанымен көпшілік оған көңіл бөле қоймайды.

 - Оқырмандарға айтар ұсыныс-пікіріңіз.

- Мен бір ғана нәрсе айтар едім, әркімнің өз денсаулығы, амандығы өз қолында. Сондықтан қандай іс еткендеде талаппен жүрген дұрыс. Ал Алланың жазуына шара не, тек ол үшін бір бірімізге жақсы тілектер тілеуіміз керек.

- Уақыт бөліп сұхбаттасқаныңызға рахмет
 
Сәкен Алдашбаев
"Сыр дидары” газеті
24 Шілде 2013
26-07-2013, 12:04
2 226 просмотров
Нашли ошибку?