Ғимараттың барлық бөлімшелері бейне камералармен мен бір жүйеге тіркелген пульттермен жұмыс атқарады. Бұл аурухана облыс орталығындағы ауруханалардан кем де емес хирургиялық,травматологиялық,терапиялық, қалпына келтіру, неврологиялық бөлімшелері мен күндізгі стационар науқастарға қажетті емін жүргізеді. Тәуліктік стационарда бір жылда 2600-2800 науқас ем-домын алып шығады. Сондай-ақ ауруханада 5 төсектік жан сақтау бөлмесі толық құрылғылрымен жабдықталған. Ал параклиникалық бөлімдерінде: Клиника-диогностикалық , биохимиялық, иммун ферментті зертхана мен функциональдық диогностика, компьтерлік томография, ЭКГ, УЗИ, су асты массаж, кедр саунасы,дәрілік ванналардың 10 түрі қызмет атқарады. «Теміржол» деп аты танылған бұл ауруханада қосымша бөлімшелеріде қызмет түрлерін ұсынады: Жалпы терапия бөлімшесі, әйелдер консультатциясы, дені сау бала, ана мен бала және ресурстар бөлмесі, скрининг,стомотология,физотерапия бөлімдерінде ем алушылар саны да жетерлік. Аудандардағы ауруханалардан өзгеше бір ерекшелігі әйелдер арасында кездесетін және жүктілік кезіндегі шалдыққан ауру түрлерінде дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Аурухана басшысы білікті кадрларды жасақтауды басты назарда ұстайды. Түрлі аппараттардың жұмыс жасау әдісін оқу курстары үшін де қаржы бөліп келеді. 2011 жылдардан бері «Барокамера» құрылғысымен жұмыс істеп келе жатқан Баспаев Кенесары дәрігер арнайы оттегі тартатының апараттың қызметтік принциптерін Шымкент қаласында оқып, білімін жетілдірген. Бүгінде тыныс жолы бұзылған, күйіктен иіс тиген, жүрек қан тамыры ауруларына,астан уланғанда, ішек, бауыр,қалқанша безі қызметтері бұзылған науқастарды ауруынан айықтырып келеді.
21 түрлі сұйық препараттарды зертханадан арнайы өздері шығаратын мамандарда бар. Бұл препараттар қолданыста. Аурухана науқастарының емі үшін қолданады. Қәзіргі таңда жие кездесетін науқас түрлері бауырдың жұмысының бұзылуы. Ал бауыр, бүйрек жұмысын реттеудің курстары 26 мың теңгеден жоғары. Бірақ бұл орталықта бұл аппаратпен ем алушы зейнеткер, 18- ге толмаған жасөспірімдер үшін жеңілдіктер қаралып ем алуында қиындықтар туындаған емес. Ал хирургия саласында жеткен жетістіктеріде біршама. Науқастары бірнеше күнде асқынусыз палатға шығарылған.
«Аппатар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ- «Қазалы темір жол ауруханасы» Облыс орталығындағы аурухнадан 340 км қашықтықта. Сол себепті түрлі инсульттық, жүрек талмасына шалдыққан науқастарды қалаға жеткізетін кезде, біраз уақыт жоғалтудың саларынан өмірден өткен оқиғаларыда кездескен. Енді бұл мәселе шешімін тапты. Облыс әкімінің қолдауымен нейрохирургиялық орталықтың бөлімшесі ашылып жұмыс жасайтын болады.
http://kogamtv.kz/emdeu-isi-bojynsha-temirzholshylar-auruxanasy-kөsh-basynda/