Қазалы теміржол емханасына қарасты халық саны – 20615. Оның ішінде балалар – 4515, ересектер – 16100. Емхана Сексеуіл мен Төретам бекеттері аралығындағы халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Бір күндешамамен 300-350 адамға дейін қабылдай алады. Бүнда терапевтер менпедиатрлар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер жұмыс жасайды.
Емхана заманауи технологиялар ЭЭГ, УДЗ, Жаңғырық-кардиография, «Доплер», рентген, маммография, Холтер мониторы, компьютерліктомографиямен жабдықталған.
Сондай-ақ,ЖПД, иммунологиялық кабинет, дені сау бала бөлмесі, балаларғажеке кіруге арналған фильтр, инфекциялық, ПОР, ресурстықорталық кабинеттері, ҚазақстанРеспубликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтікдаму министрлігінің бұйрығынасәйкес диспансерлік есепте тұрған науқастардытегін дәрі-дәрмектерменқамтамасыз ету үшін дәріхана ашылуына байланысты дайындық жұмыстарын жүргізуде, РПН, екіқабат және туу жасындағы әйелдер, онкологиялықнауқастар, ПБГ (емдеуге жатқызу бюро Порталы), «Д»науқастарды электрондық тіркеу, ИСЛО, «АИС»- емхана, АПП регистрлері енгізілген.
Емхананы «Денсаулықсақтау ісінің үздігі» төсбелгісініңиегері, денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша 1-ші санатты дәрігер, филиал директорының емхана жөніндегі орынбасарыСерік Адаев басқарады.
«ҚАЗАЛЫ»
ақпарат
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Жыл сайын Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту қарыштап дамып,өрелі істер өркендеп келеді. Еліміздіңәрбір аймақтарында ауруханалар мен дәрігерлік-амбулатория үйлері бой көтерді.Жаңа ғимараттар іші заманауи медициналық құралдар, қолайлыаппараттармен жабдықталып, елигілігіне берілуде. Мұндайжағдайды біздің аудан тұрғындары да пайдаланып отыр.
Бүгіндері Қазалыда200-ден астам жоғары білімді дәрігер,
950-дей орта буын медицина қызметкерлері сырқаттарға қызмет көрсетеді. Басыауырып,көңілі жабырқаған жандарға қуаныш сыйлаған барша ақ халаттылар қауымын төл мерекелерімен құттықтаймыз. Еңбектеріңжемісті болып, мерейлеріңөсе берсін!
«ҚАЗАЛЫ»
ақпарат.