Қазалы ст. локомативтік бригадалары қызметкерлерін рейс алдындағы медициналық тексеру пункті

Қазалы ст. локомативтік бригадалары қызметкерлерін рейс алдындағы медициналық тексеру пункті


Локомотив бригадаларының медициналық тексеру пункті санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келетін екі мекен-жайдан тұрады. Локомотив депосының аумағында, ғимараттың бірінші қабатында және депо бойынша кезекші кабинетіне тікелей жақын жерде орналасқан. Депо бойынша кезекшімен және локомотив бригадаларының нарядымен байланысатын телефонмен жабдықталған. Кабинет жиһазбен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бекетте 1-ші санатты 1 фельдшер, 2-ші санатты 3 фельдшер жұмыс істейді.

Локомотив бригадасының барлық мүшелері бір мезгілде келгенде және олар маршруттық қағазды көрсеткен кезде ғана рейс алдындағы тексеру жүргізіледі. Локомотив бригадалары қызметкерлерінің функционалдық көрсеткіштерін медициналық тексеру және өлшеу атқарылады. Шағымдары, сыртқы көріністі тексеру, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы және сенсорлық реакциялардың жеткіліктілігі ескеріледі, қан қысымы, жүрек соғу жиілігі анықталады. Локомотив бригадалары алкогольдік ішімдіктер ішуге және "алкотест-203" аспабымен есірткі заттарын тұтынуға тексеруден өтеді. ИХА-5-мультифакторлық тест арқылы тексерістен өткен адамның есірткі заттарын қолдануын анықтайды, қызметкерлер арнайы жолақтың көмегімен тексеріледі.

Ай сайын фельдшерлер артериялық гипертензияның алдын алу тақырыбында әңгіме өткізеді. Фельдшерлер тексеру сапасы және локомотив бригадалары қызметкерлерінің жұмысқа жарамдылығы туралы қорытынды беруге жауапты болады.

9-02-2021, 14:06

Хирургиялық кабинет

Қазалы теміржол емханасында хирургиялық орталық үздіксіз жұмыс істейді: травматологиялық, хирургиялық, балаларға хирургиялық көмек көрсетіледі. Жарақат, сынық, буындары шыққан науқастарға алғашқы хирургиялық көмек, сынықтарға жабық репозиция, шыққан буындарды қайта орнына салып, гипс таңу көмектері; жарақаттарды, күйіктерді, алғашқы хирургиялық өңдеу, рабиологиялық көмек көрсетіледі. 

Кабинетте науқастарды қарап, тексеріп диспансерлік есепке алу, динамикалық бақылау, күрделі оталарды арнайы мамандандырылған орталықтарға және қайта қалпына келтіру емдеріне жолдау қызметтері атқарылады.

Хирургиялық көмек түрлері: өскен тырнақты, липоманы, фиброманы, атероманы, гигроманы кесіп алу, іріңдіктерді (флегмона, абсцесс, фурункул, карбункул) тілу, күнделікті таңулар.

Санитарлық ағарту жұмыстары атқарылады: лекциялар оқылып, әңгімелер жүргізіледі. 

Бірінші санаттағы дәрігер-хирург Елеуов Жолдас 1978 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жұмыс өтілі – 43 жыл. Хирургия бөлмесінде екінші санаттағы мейірбике Асан Гулзат жұмыс атқарады.


   
9-02-2021, 13:21

Онколог дәрігер

Қазалы теміржол емханасында онколог кабинеті бар. Кабинет облыстық онкологиялық диспансермен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сай бекітілген №452 бұйрығына сәйкес жұмыс атқарады.  

Атап айтқанда, Қазалы теміржол емханасының онкологиялық көмек жағдайын үйлестіру, науқастарды қабылдау, қатерлі, қатерсіз және рак алды ауруларды қабылдау, ерте сатысында анықтау.

Онкологиялық диспансер тағайындаған онкологиялық науқастарға ем жүргізу, науқастарды қатерлі ісікке күдіктенген жағдайда жан-жақты тексеріп жолдама арқылы облыстық онкологиялық орталыққа жолдау. 

Есепте тұратын науқастарды динамикалық бақылау, кезекті химиотерапия еміне анализ қорытындыларымен жолдау, арнайы ем алған жағдайы ауыр науқастарға бақылау жасау, симптоматикалық ем тағайындау. 

2-ші клиникалық топтағы науқастардың арнайы емнен бас тартуын немесе қарсы көрсеткіштерді талдау. 

Қатерлі ісіктің асқынған түрімен тіркелген науқастарды №027-2-Е бұйрығына сәйкес дәрігерлік конференцияда  талдау комиссиясын құрып, хаттамаларын жазу, анализ жазып 10 күнде №027-2у бұйрығына сәйкес толтыру. 

Клиникалық топтарға сәйкес науқастарды бақылау. Есепте тұратын науқастардың 1жылдық өмір сүру жағдайлары болса өлімге алып келген жағдайларды талдау жасау. 

Ерлерді және әйелдерді қарау кабинеттерінің жұмыс барысын тексеру, қадағалау. Есепте тұратын жағдайы ауыр, яғни арнайы емнен шыққан науқастарға актив жасау, 4-ші клиникалық топтағы науқастардан бөлек. Себебі 4-ші клиникалық топтағы науқастарға симптоматикалық көмек жергілікті аймақтық дәрігер бақылауында атқарылады. 

Рак алды ауруларды бақылау, бақылаулы тексеру. 

Скринингтік тексеруді ҚР ДСМ №174/2020 бұйрығына сәйкес 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдерді сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында маммографиялық тексеруден; 

30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдерді жатыр мойны ісігін алдын-алу мақсатында медициналық тексеруден өткізу.  

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ересектерді глаукоманың алдын-алу мақсатында медициналық тексеруден өткізу. 

50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ересектерді  тоқ және тік ішек  қатерлі ісігінің алдын-алу мақсатында медициналық тексеруден өткізу. Тұрғындар арасында онкология ауруы, өзін өзі тексеру, ерте сатысында анықтау туралы дәрістер оқу. 

Дәрігерлер арасында қате кеткен жағдайда жүйелі талдау жасау. Ерлерді қарау және әйелдерді қарау кабинеттерін ұйымдастырып мониторинг жүргізу.

Онколог кабинетінде 2-ші санатты дәрігер Жақсылықова Гульфариза Еділбекқызы 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жалпы жұмыс өтілі - 6 жыл. Мейірбике – Қамбар Айнагүл.

9-02-2021, 13:16

Рентген, флюорография және маммография кабинеттері

 Қазалы темір жол емханасының рентген және маммографиялық кабинетінде пациенттер кезекті профилактикалық флюорографиялық тексеру және рентгендік зерттеу атқарылады. Скрининг бойынша әйелдердің сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтау үшін маммографиялық тексерілу жасалады. Ол «Melodi» маммографиялық аппаратында атқарылады. 

Науқастарға рентгенографиялық тексеру «Siemens» аппаратымен жүргізіледі. Зерттеу бас сүйегінің, өкпе, ішек құрылысының, сүйек буындарының ақауларын анықтау үшін қолданылады. 

Санитарлық ағарту жұмыстары атқарылып келеді. Рентгендік кабинетте бірінші санаттағы рентгенолог дәрігер Тажибаев Ғалымжан 2019 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жұмыс өтілі - 23 жыл. Рентген кабинетінде лаборант Кубенов Жалын, Байбулатов Мұрат, Жалғасбек Мақсат жұмыс істейді. 


9-02-2021, 11:32

Дені сау бала және акустика кабинеті

Дені сау бала және акустика кабинетінде Шамшаева Гулнар Шандақбайқызы қызмет атқарады. 14 жыл еңбек өтілі бар. Кабинетте 0 мен 3 жас аралығындағы балаларды отоакустикалық эмиссия аппаратымен аудиологиялық скринингтен өткізеді. Балалардың ірі және ұсақ моторикасының дамып жетілуіне ата-аналарына кеңес береді 

9-02-2021, 10:58

Емхана педиaтрлары

 

4-ші педиатриялық аймақ


4-ші балалар аймағының дәрігері Ерниязова Зарина Адилжановна 10 жыл еңбек өтілі бар 1 санатты дәрігер. Аймақта 1 санатты мейірбикелер жұмыс істейді. Атап айтқанда Бисембаева Дина Досмурзаевна 34 жыл еңбек өтілі бар және Кожағұлова Перизат Султанаевна 25 жыл еңбек өтілі бар. 

Балалар аймағында 900 бала бар,оның ішінде 180 бала диспансерлік есепте тұрады, 1 жасқа дейінгі бала саны 59, бала кезден мүгедек саны - 6. 

№885 бұйрық бойынша балаларды уақытылы тексеруге шақырып, тегін дәрілермен қамтамасыз етіледі. БШАЫЕ (ивбдв) бағдарламасы бойынша балаларды бақылау жүргізіледі.



8-02-2021, 20:57

Емхананың қарау бөлмесі

Емхананың қарау бөлмесі
4-02-2021, 21:50

Тері-венерологиялық аурулары процедуралық кабинеті 

Қазалы теміржол емханасының тері-венеролгиялық аурулар процедуралық кабинетінде қаралуға келген адамдардан, екі қабат әйелдерден, скрининг өтетін ересектер мен балалардан венерологиялық ауруларға венадан қан алынады. 

Кабинеттің негізгі мақсаты  - венерологиялық аурулардың алдын-алу. Алынған қандар облыстық АИТВ орталығына АИТВ-ге, облыстық тері-венерологиялық аурулар ауруханасына мерезді (сифилисті), созды (гонореяны) анықтау үшін (Вассерман реакциясы) жолданады. Отадан кейін қан құйылғандарға (рецепиенттерге) 1 ай, 3 ай, 6 ай осы аталған ауруларға қан алынып, тексеріледі. 

Биохимиялық анализдер ауруханада да алынып тексерілуге жіберіледі. Санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі. 

Дәрігер Кульбаева Алтынкул, тері-венерологиялық аурулар процедуралық кабинет мейірбикесі Ибрашова Кенжегул жұмыс істейді. 

4-02-2021, 15:36

Емхана зертханасы

Қазалы теміржол емханасының клиникалық-диагностикалық лабораториясы 21000 халыққа қызмет етеді, оның ішінде балалар мен ересектер де бар. Лабораторияда 2 лаборант жұмыс істейді.
 1. Байнияз Гүлзат, 2-
ші санатты, жұмыс өтілі - 6 жыл.
 2.Рахметолла Жадыра, жұмыс өтілі
 - 3жыл.
 Лабораторияда келесі құрал-жабдықтар бар: 
«Mythic-18» (гематологиялық аппарат), медициналық микроскоп «Микмед-5», құрғақ пісіргіш шкаф. Сонымен қатар лаборатория кабинеті бактериоцидтік кварц шамымен қамтамасыз етілген. 
3-02-2021, 21:20

Уролог дәрігер

                                         Урология кабинеті    


Урология кабинеті жаңа типті ғимараттың 2 қабатында орналасқан. Урология кабинеті «Андро-Гин» аппаратымен жабдықталған. Онда дәрігер Жасанов Ерболат Ермекбайұлы жұмыс істейді.

Ол 1998-2004 ж.аралығында М.Оспанов атындағы БКММА емдеу ісі мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шыққан.

2004-2005 ж.хирургия саласы бойынша интернатурадан өткен.

2006 ж. урология мамандығы бойынша маманданған және 2012 ж. урология саласы бойынша біліктілігін артырған.

2013 ж. Қазақстандық эндоскопиялық хирургтер ассоциациясынын ІІІ –ші сьезіне қатысып, “Урологиядағы эндовидеохирургиялық араласу” мастер – классына қатысып, сертификат алған.

АКФ темір жол емханасында 2005 ж. бері уролог мамандығы бойынша жұмыс істейдыі.

Урология кабинетінде күніне 20-25 науқас қабылданады және «Андро-Гин» аппаратымен ем қабылдайды.

Бұл жабдықты: 1. Пейрони ауруында

                           2. Созылмалы уретритте

                           3. Созылмалы простатит пен т.б сырқаттарды емдеуге қолдануға болады.

3-02-2021, 21:13