Қазалы теміржол емханасында эндокринология кабинеті жұмыс істейді. Кабинет ересектер мен балаларға бірдей көмек көрсетеді. Атап айтқанда, эндокринді аурулардың алдын алуға жасалатын шаралар, эндокринді ауруларды (қант диабеті 1-ші және 2-ші тип, қалқанша без аурулары: диффузды токсикалық зоб, гипотиреоз, аутоиммунды тиреоидит, гипофиз аурулары: гигантизм, ергежейлілік, қантсыз диабет, гиперпролактинемия) ерте анықтау, жоғары технологиялы лабораторлық және диагностикалық шараларды жүргізу, ем тағайындау және науқасты демеу жолын анықтау жұмыстарын жүргізеді.
Эндокринді аурушаңдықты төмендету, мүгедектік пен өлім көрсеткіштеріне қарсы күреседі. Алғаш анықталған науқастардың барлығын диспансерлік есепке алып, өмір сүру ұзақтығын жақсартуға арналған шаралар жүргізеді. Науқастар жоғары мамандандырылған кеңес алу үшін Қызылорда қаласы ОКДО-қа жолдама арқылы жіберіледі. «Д» есепте тұрған науқастар портал бойынша Қызылорда қаласы көпбейінді ауруханаға жатқызылады. ҚР ДСМ-нің 29.08.2017 жылғы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілу, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» №666 бұйрығы бойынша тегін дәрі-дәрмек босатылады.
Санитарлық-ағарту жұмыстары, соның ішінде «Қант диабеті» мектебі өз жұмысын белсенді атқаруда.
Эндокринологиялық кабинетте 2-ші санатты дәрігер Бердибаева Гульфариза Зулхарнайқызы 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жалпы жұмыс өтілі -6 жыл. Мейірбике – Байнияз Жанерке Темірбайқызы.