Соңғы жылдары
ауданымыздағы емдеу мекемелері заманауи құралдармен жабдықталып жатыр. Бұрын
қазалылықтар компьютерлік тексерулерден өту үшін өзге өңірлерге баратын болса, қазір
бұл мәселе шешілді. Бүгінгі таңда білікті мамандар еңбек ететін «Апаттар
медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік коғамының филиалы Қазалы теміржол ауруханасы науқастарға ем-дом жасап, көптің
көңілінен шығып жүр.
Жақында ҚР
Денсаулық сақтау ісінің үздігі ҚұбылРшымбетов басқаратын аурухана оңтүстік кореялық заманауи рентген
аппаратымен толықты. Енді травматолог дәрігерлер түрлі дәрежедегі сынықтарға
отаны ауданымызда да ешбір кедергісіз
жасай береді. Бір айта кетерлігі, құны 40 млн теңге тұратын мұндай аппарат,
республикамыздың өзге аудандарында жоқ екен.
Аталмыш рентген
аппараты науқастарды қазіргі заманға сай әдістермен емдеуге арналған. Емделуші аппаратқа
қаралған соң кескіндемесі бірден копьютерге түседі. Бұдан былай медицина
қызметкерлері бұрынғы ескі аппарат шығарған пленкаларды тасымалдап, уақытты
текке кетірмейді. Жаңа рентген аппараты электрондық нұсқа арқылы файлды қажет
жерге дереу жібере алады. Науқастардың бүгінгі күн талаптарына толық сәйкес
келетін қондырғы арқылы ем алуына мүмкіндік туды.
Жоғары категориялы
дәрігер, травматолог-ортопед Аманкелді Қанатов соңғы үлгідегі шығарылған
заманауи құрал-жабдықты пайдаланып, Қызылорда қаласынан келген азаматқа ота
жасады. Науқас осыдан екі ай бұрын қолын сындырып алып, дәрігерлердің көмегіне
сүйінген болатын. Алайда, салынған сүйек қисық бітіп, қолдың нерв тамырларын
қысқан. Білікті маман жоғары категориялы Сәдуақас Ахмет, уролог Ерболат
Жасановпен бірге жаңа рентген аппаратының көмегімен сынған қол сүйектерін қайта
қалпына келтірді.
Бұл туралы ота
жасаушы травматолог дәрігер Аманкелді Қанатовпен тілдескенімізде: «Техниканың дамыған кезеңі. Жарақаттардың
көбі жол-көлік апаттарынан болып жатады. Көктем-қыс мезгіліндегі көктайғақтың
кесірі тағы бар. Бұған абайсызда алған жарақатты қосыңыз. Кейбір жарақаттар
жеңіл болса, кейбірі аса ауыр. Бірақ, сырқаттың күрделілігіне қарамай, ем жасау
керек. Науқастың қатарға қосылуы үшін барымызды саламыз. Күрделі оталарды жасау
кезінде заманауи техникалардың көмегі көп тиеді»,- деп ағынан жарылды.
Жеңісбек Айымқұлов
«Қазалы» газетінің тілшісі.