» » «Жәрдем» пойызы жолға шықты

«Жәрдем» пойызы жолға шықты

«Жәрдем» пойызы жолға шықтыТәні саудың-жаны сау. Бұл күні теңіз төскейінің перзенттері ақ желеңді қауымның қызметіне ризашылық білдірді. Оқырмандарға түсінікті болуы үшін оқиғаның желісіне тоқтала кетсек. Қазақстан халқы  Ассамблеясының, Конституциямыздың 20, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті мен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастыруымен консультативтік-диагностикалық пойыздары жолға шыққаны белгілі. Солардың бірі «Жәрдем» болатын. Осы бастамаға үн қосқан «Қазалы теміржол ауруханасы» ұжымы білікті дәрігерлер мен мейіркештерден жасақталған арнайы бригаданы 10 күн мерзімге көршілес Арал ауданына аттандырды.
Филиал директоры, медицина саласының үздігі Құбыл Ршымбетовтың айтуынша, «Жәрдем» пойызы озық үлгідегі аппарат құралдармен жарақталған. Олардың қатарында сандық флюограф, ЭКГ, стомотологиялық аппарат, тест таяқшаларымен жедел зертханалық зерттеу жасау, өзге де қызметтер қарастырылған.

Жұмабек Табынбаев
Қазалы ауданы.

«Сыр бойы» газеті
02 сәуір 2015 жыл «Жәрдем» пойызы жолға шықты
6-04-2015, 12:07
1 647 просмотров
Нашли ошибку?