» » Аурухананың Тәуелсіздік жылдары қол жеткен табыстары (қысқаша шолу)

Аурухананың Тәуелсіздік жылдары қол жеткен табыстары (қысқаша шолу)

Аурухананың Тәуелсіздік жылдары қол жеткен табыстары (қысқаша шолу)1904 жылы негiзi қаланған Қазалы темір жол ауруханасының ел егемендігі жылдарында толағай табыстарға жетіп, Сыр өңіріндегі іргелі емдеу-алдын алу ұйымының біріне айналғанының куәсі боламыз.

1996 жылы аурухана жаңа ғимаратқа көшіп, медициналық қызметтің аясы кеңіп, жаңа медициналық қызмет түрлерін практикаға енгізуге қол жетті. Осы жылдары жаңа үлгідегі ЭКГ, УДЗ, ФГДС, УЗДГ, ИФА, эндовидеолапароскопиялық аппаратура, барокамера, маммограф, КТ, ультрадыбысты доплерограф, гемодиализ, плазмаферез, нейрохирургиялық және травматологиялық операция жасауға арналған жабдықтар және т.б. алынып, емделушілерге көрсетілетін қызмет сапасы анағұрлым артты. Аурухана зертханасында жасалатын талдаулар ауқымы кеңейді, онда кли­никалық-диагностикалық, бактерио­логиялық, биохимиялық, иммундық-ферменттік талдаулар атқарылады, бір атап өтерлігі,тіпті Қазалы ауданы ғана емес, көршілес Арал және Қармақшы ауданының тұрғындарына да лабораториялық көмек беріледі.

Жан­сақтау бөлімшесі орталықтандырылған отте­гі беру жүйесімен, барокамера, инфу­зия­лық шприц, насос аппа­рат­тары, басқа да озық технологиялармен жасақ­талған.

Бесінші квартал аймағында "Апаттар медициналық темір жол госпитальдары” АҚ Қазалы теміржол ауруханасының жаңа филиалы пайдалануға берілді. Бұған дейін тұрғындар үшін емхананың шалғайлығы күрделі мәселеге айналған болатын.

Аурухананың Тәуелсіздік жылдары қол жеткен табыстары (қысқаша шолу)
Аурухананың Тәуелсіздік жылдары қол жеткен табыстары (қысқаша шолу)
Аурухананың Тәуелсіздік жылдары қол жеткен табыстары (қысқаша шолу)Аурухана 35-49 жас аралығындағы әйелдердің сүт безі ауруларының алдын алу мақсатында Италияда шығарылған «Melodv» маркалы мамограф аппаратымен, жүктіліктің 20 аптасынан бастап шарананың түрлі жұқпалы аурулары мен кемістіктерін, сондай-ақ ересектер арасындағы түрлі жұқпалы ауруларды анықтайтын т.б. функциялы Австрияда шығарылған ИФА аппараты, бас, ми қабатының жабық және ашық жарақаттарынан кейінгі өзгерістер, бас, ми қысымының жоғарылауы, жедел және ми қан айналысының, т.б. бірқатар қан тамырлары, қан айналысының бұзылысы сипаттағы ауру түрлерін анықтайтын АҚШ-та жасалған «Nicolet Companion» маркалы ультрадыбысты доплерограф аппараты, Жапондық сандық УЗИ, гастрофиброскоп, плазмафарез, Ресейде жасалған заманауи үлгідегі электрокардиограф аппараттары, Қытайда жасалған автоматты гемотологиялық сараптама, жартылай автоматты биохимиялық сараптама т.б. жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Аурухана бөлімшелерін түгелдей айтпағанда, бір ғана ірі құрамдас бөлімі – хирургиялық бөлімшедегі ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге қол жетті. Атап айтқанда, онда өт жолдарына, қарынға, тоқ ішекке және т.б. маңызды ағзаларға лапароскопиялық операциялар табысты жасалуда. Оған қоса жоғары мамандандырылған көмек – жамбас буынын ауыстыру, тізе, сан, иық сүйектерінің сынығындағы біріктіру операциялары жүргізілуде.

Операциялық блок екі залдан тұрады. Олар бейнелапароскопиялық құрылғымен, жалпы хирургиялық және травматологиялық аспаптар жиынтығымен жабдықталған.

Жылма-жыл "Денсаулық” поезы жылжымалы емхананың рөлін атқарып, медициналық қызметпен аз қамтылған аудан орталықтарынан алыс орналасқан елді мекен тұрғындарына білікті медициналық көмек алуға мол мүмкіндік береді. Мың жарым-екі мыңдай тұрғын заманауи талапқа сай медициналық қондырғылардан тексеруден өтіп, сала бойынша маманданған дәрігерлерден дертіне байланысты кеңес алады.

Емханада облыс орталығындағы емдеу мекемелерінде ғана кездесетін тар салаға маманданған дәрігерлер шоғарыландырылған. Бұл өз кезегінде емделушілерге алысқа бармай-ақ, білікті маманданған медициналық көмек алу мүмкіндігі деген сөз.

Ауруханада сондай-ақ 2008 жылдан ақылы емдеу бөлімінің қызметі жолға қойылды. 10 төсектік ақылы емдеу бөлімінде терапиялық, травматологиялық, неврологиялық науқастарды оңалту шаралары жасалады.

Аурухананың физиотерапия бөлімі 2010-2011 жылдары жаңа типті жабдықтармен жабдықталды. Сумен емдеу бөлімінде әртүрлі тұздармен, емдік шөптермен емдеу шаралары жүзеге асырылады. Емдік денешынықтыру бөлімі қажетті велосипед, жүгіру жол, швед қабырғасы және т.б. тренажерлермен қамтамасыз етілген.

2010 жылдан бастап компьютерлік бағдарлама және «Портал» арқылы ауруханаға жатқызу бағдарламасы арқылы жұмыс жасалуда. Аурухана бойынша өткізілетін медицианлық кеңестер, семинар-сабақтар мәжіліс залында – интербелсенді тақта арқылы өткізіледі.

Аурухана ғимаратына соңғы кезде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде емделушілерге көрсетілетін қызмет сапасы анағұрлым жақсарды.

 

 

Алтынкүл ДӘРІБАЕВА,

филиал директорының орынбасары

11-12-2015, 15:50
2 316 просмотров
Нашли ошибку?