» » Маңғыстау облысында «Жәрдем» медициналық пойызы 13 станса тұрғындарына қызмет көрсетеді

Маңғыстау облысында «Жәрдем» медициналық пойызы 13 станса тұрғындарына қызмет көрсетеді

Маңғыстау облысында «Жәрдем» медициналық пойызы 13 станса тұрғындарына қызмет көрсетедіАСТАНА. ҚазАқпарат - 10 шілдеден бастап «Жәрдем» кееестік-диагностикалық пойызы Манғыстау облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

«Жәрдем» пойызының медицина мамандары Батыс Қазақстан облысының шалғай елді мекендеріндегі 9 стансаның және Атырау облысының 13 стансасының тұрғындарын тексеріп оларға жәрдем берді.

Аудан орталығына тоқтаған пойыз ішіндегі ақ халатты абзал жандар көмекке зәру жандардың сұранысын қанағаттандырды. Таңертеңнен бері пойызға ағылған халық толастар емес. Себебі дертіне шипа іздеген жандарға бұл пойыз шипаханаға айналды. Әсіресе алыс шалғайдан арнайы дәрігерлік қаралуға келе алмайтын жандар, еңбектеген баладан еңкейген ақсақалға дейін ауылына келген жәрдемнен құр қалмауға тырысады. Дәрігерлік көмекке жүгінгендердің көбісі аяғы ауыр әйелдер мен жас балалар. Себебі пойыз заманауи медициналық құралдармен жабдықталған.

2016 жылдың 1 жартыжылдығында «Жәрдем» кенестік-диагностикалық пойызымен 37 күн ішінде Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының 20 стансасының тұрғындары тексерілді, 4 454 ересек тұрғын, сонымен қатар 376 балаға медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлерге келушілер саны 37 217 адамды құрады. 15 635 диагностикалық зерттеулер жүргізілді (4 744 ішкі ағзаны ультрадыбыстық зерттеу, 1 211 миды электроэнцефалографиялық және ультра дыбыстық доплерографиялық зерттеулер, 1 856 электрокардиографиялық зерттеулер, 1 234 көз ішінің қан қысымын өлшеу, 672 эзофагогастродуоденоскопия, 5 918 клинико-биохимиялық зерттеулер). 1 106 тұрғынға стоматологиялық жәрдем көрсетілді.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде пойыз мамандары 8 998 ауру түрін тіркеді, оның ішінде 813-і балаларда. 215 ісік анықталды, оның ішінде 5-уі балаларда.

12 шілдеде «Жәрдем» медициналық пойызы Маңғыстау облысы Өзен стансасының тұрғындарына көмек көрсетіп жүр, ал 15 маусым күні пойыз Жетібай стансасына мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында 3 күнге аялдайды. Осы сапарында барлығы Маңғыстау облысының 13 стансасына қызмет көрсету жоспарланған.

http://www.inform.kz/kaz/article/2924646

13-07-2016, 18:00
1 668 просмотров
Нашли ошибку?