» » «Денсаулық» пойызы Шиелі ауданына келді - Қызылорда облысы

«Денсаулық» пойызы Шиелі ауданына келді - Қызылорда облысы

«Денсаулық» пойызы Шиелі ауданына келді - Қызылорда облысыҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Денсаулық» пойызы 8-14 шілдеде Шиелі ауданында болды, осы аралықта 600-ден астам тұрғынынға медициналық көмек берілді.

Шиелі ауданы бойынша медициналық «Денсаулық» пойызының бас дәрігері - Тұңғышбаев Қанат. Пойыздың медициналық қызмет көрсету құрамында барлығы 17 қызметкер жұмыс жасады, оның ішінде 7-дәрігер, 9-мейірбеке және 1-компьютер бағдарламашысы бар. Сонымен бірге, медициналық пойызда невропатолог, терапевт, хирург, кардиолог, гинеколог, флюрография, эндоскопия, ЛОР, педиатр, окулист, стоматолог, УЗИ дәрігерлері және биохимиялық, клиникалық лаборатория қызмет атқарды.

8-14 шілдесінде Шиелі ауданы Сұлутөбе, Майлытоғай, Тартоғай, Бәйгеқұм, Бала би, Жөлек, Ортақшыл, Жуантөбе кентінің 600-ден астам тұрғынына 5 485 медициналық қызмет көрсетілді. Тұрғындар негізінен қан қысымы, жүрек ауруы және көз ауруы туралы көбірек шағымданған. 19 шілдеге дейін аталмыш медицицналық поездың мамандары Жаңақорған ауданы Екпінді, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Сауран, Шорнақ стансалары тұрғындарына медициналық көмек көрсететін болады.

Еске сала кетсек, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, емдеу-диагностикалық пойыздарын құру жобасын іске асырды. Жобаны жүзеге асыру 2010 жылы «Денсаулық» емдеу-диагностикалық пойызын іске қосудан бастау алды. 2011 жылдың басында «Жәрдем» екінші медициналық пойызы өз жұмысын бастады. Жобаның негізгі мақсаты - еліміздің шалғай аймақтарының тұрғындарына медициналық жәрдемді қол жетерліктей ету және ірі көлемдегі төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге мамандандырылған медициналық жәрдем көрсету болып табылады.

http://www.inform.kz/kaz/article/2925815

18-07-2016, 16:00
2 032 просмотров
Нашли ошибку?