» » 2016 жылы медициналық пойыздар жобасына 300 миллион теңге бөлінді

2016 жылы медициналық пойыздар жобасына 300 миллион теңге бөлінді

2016 жылы медициналық пойыздар жобасына 300 миллион теңге бөліндіАСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы медициналық пойыздар жобасына 300 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Басқарушы директоры - ресми өкілі Лима Диас мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда «Денсаулық», «Жәрдем» мен «Саламатты Қазақстан» атты үш медициналық пойыз қатынайды.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы әлеуметтік жобаларды қаржыландыру аясында «Денсаулық», «Жәрдем» мен «Саламатты Қазақстан» атты үш медициналық пойыздарын жүзеге асыруға 300 миллион теңге бөлінді», - деді Л.Диас.

Оның айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жобаның техникалық қамсыдандырылуын қамтамасыз етті, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті өңірлерде халыққа қызмет көрсететін мамандарды тартып отыр.

Баспасөз мәслихатында, пойыздар халық арасында үлкен танымалдылыққа ие.

Мәселен, «Жәрдем» диагностикалық пойызы арқылы биыл 23 мамыр мен 25 шілде аралығында Батыс Қазақстан облысының 6943 тұрғыны медициналық тексеруден өткен.


2016 жылы медициналық пойыздар жобасына 300 миллион теңге бөлінді
ФОТО: Виктор Федюнин © 2016 «ҚазАқпарат»

Автор:Жасұлан Жолдыбаев

http://inform.kz/kaz/article/2929341

25-07-2016, 16:28
1 258 просмотров
Нашли ошибку?