» » «ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ» - АРАЛ ҚАЛАСЫНДА.

«ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ» - АРАЛ ҚАЛАСЫНДА.

«ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ» - АРАЛ ҚАЛАСЫНДА.

Мемлекеттің басты байлығы - адамның денсаулығын нығайту, әрбір қазақстандықтың қолжетімді дәрігерлік қызметпен қамтылуын қамтамасыз ету екені белгілі. Осы мақсатта сапарға шыққан «Денсаулық» пойызы Арал қаласына да аялдады. Қала әкімі Б.Махатов пойыз дәрігерлеріне сәттілік тілеп, қала тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетіңіздер деген жылы лебізін білдірді.
«Денсаулық» пойызы Арал қаласына 4 күн аялдайды. Құрамы 18 маманмен жарақталған дәрігерлер бригадасы алдымен тұрғындарды тіркеуден өткізіп, кейін денсаулығын тексереді. Дәрігерлік құрамда: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, маммолог, тіс дәрігерлері болса, поезд клиникалық-диагностикалық, рентген және басқа да керекті құрал-жабдықтармен қамтылған. Емделушінің денсаулығы туралы жиналған мәліметтердің барлығы орталық серверге түседі, сол себепті, нақты санақ жүргізіледі.
Құрметті қала тұрғындары!
«Денсаулық» медициналық пойызына қаралу үшін жеке куәлік, балаңызды көрсететін болсаңыз туу туралы куәлік (ИНН) болуы қажет.
Пойыз 25 маусымға дейін тұрады, жұмыс уақыты: 09:00 бастап 18:00 дейін. Түскі үзіліс 13:00 бастап 14: 00 дейін.

«ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ» - АРАЛ ҚАЛАСЫНДА.
«ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ» - АРАЛ ҚАЛАСЫНДА.
«ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ» - АРАЛ ҚАЛАСЫНДА.
«ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ» - АРАЛ ҚАЛАСЫНДА.


Арал Қаласы Әкімінің Аппараты pan>теңгесінмедбикелергетаратыпберугеболады
21-06-2017, 21:45
1 652 просмотров
Нашли ошибку?