1-ші наурыз Алғыс айту күнімен құттықтау

1-наурыз Алғыс айту күнімен құттықтаймын! 


Алғысқа бөлене беріңіздер!

• Алладан рақым болсын!

• Ауызбіршілік болсын!

• Көңілдеріңізді кір шалмасын!

• Бармақтай бақ, шаш-етектен дәулет берсін!

• От басы, ошақ қасы аман болсын!

• Дастарқандарыңызға береке берсін!

• Көйлектеріңіз көк, көңілдеріңіз тоқ болсын!

• Мерейлеріңіз үстем болсын Осыдан артык сыйлық бар ма. Мерекенің басқа мерекелерден артықшылығыда осы да. Алғысқа лық толы күн болсын!


 

Игі ниетпен: Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС директоры 

Кубыл Ршымбетов

1-03-2021, 11:59

2020 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебіне анықтама

2020 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебіне анықтама

8-09-2020, 12:56

Халыққа қызмет – мерейлі міндет

Қазалы жерінде аудандық орталық ауруханадан бөлек теміржол ауруханасы да күн-түн халыққа аянбай қызмет көрсетеді. Ғасырдан астам тарихы бар емдеу мекемесінің өңірдегі алар орны айрықша. Ақхалаттылар ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы мекеме басшысы Құбыл Ршымбетовпен сұхбат жүргізуді жөн көрдік.


– Құбыл Ршымбетұлы, аурухананың 120 жылдығына да аз қалыпты. Сондықтан алдымен өткенге көз жіберсек...


–1904 жылы Қазалы уезінде халыққа медициналық қызмет көрсету мақсатында амбулатория ашылды. Онда ең әуелі фельдшер және акушер жұмыс істеген. 1905 жылы Орынбор теміржол бөлімінің құрылуына байланысты теміржол ауруханасы ашылды. Осы жылы амбулатория 5 орындық болып қайта құрылады. Басында ауруларды фельдшер маманы ат арбамен аралап, медициналық қызмет көрсеткен. 1917 жылы теміржол ауруханасы 40 төсектік орынға көбейтіледі. Бұл сол кездің өзінде теміржол жұмысшыларының денсаулығына көп көңіл бөлінгенін көрсетеді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында теміржол ауруханасы госпитальға айналған. Түрлі жарақатпен түскен солдаттарды қабылдап, ем жасаған. Төсек саны 1970 жылы 220-ға дейін көбейтілді. 2000 жылдан бастап «Көліктік медицина қызметі» АҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы, 2005 жылы қайта тіркеуден өтуіне байланысты «Көліктік медицина қызметі» АҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы болды. 2017 жылдың 20 қыркүйегінде «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» ЖШС филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта құрылды. Қазіргі таңда «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС болып аталады.


– Сіздерде қызмет көрсету аясы шектеулі ме, әлде сырттан келгендерді де қабылдай бересіздер ме?


– Біздің ұжым Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарында тұратын теміржолшыларға, олардың отбасыларына, теміржол зейнеткерлерін көпсалалы мамандандырылған, алғашқы медико-санитарлық, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсетеді. Профилактикалық шаралар жүргізеді. Емделушілердің қолжетімді медициналық көмек алу құқығы қамтамасыз етілген. Жоспарлы емдеу кезінде ауруханаға жатқызбай, бас тарту жағдайлары жоқ. Науқастарды жатқызу «Портал бюросы» арқылы қабылданады, қалғаны күндізгі ауруханада емделеді.

Аурухананың жаңа үлгiдегi ғимараты 1994 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ондағы жер телiмiнiң ауданы 5137,3 шаршы метрді құрайды. Үш қосалқы корпустағы дәрiхана, ас бөлiмі, кiр жуатын үй және басқалары санитарлық талаптарға сәйкес жабдықталған. Жоспарлы түрде 140 кереуетке есептелген. Филиал құрылымында консультациялық-диагностикалық қызмет көрсету үшін бір ауысымда 350 адамды қабылдауға арналған теміржол емханасы жұмыс істейді. Консультациялық-диагностикалық бөлімде 3 терапиялық, 4 педиатриялық, 6 жалпы тәжірибелік және 2 өндірістік дәрігер қызмет етеді. Емханаға қарасты жеті медициналық бекетте 7 фельдшер және Сексеуіл, Төретам денсаулық пункттерінде 2 линиялық дәрігер қызмет етеді.

Мұнда ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, шұғыл алғашқы, ересектер мен балаларға көрсетілетін стационарды алмастыратын, мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және стационарлық медициналық көмектер көрсетіледі. Сондай-ақ анестезиология және реаниматология, нефрология, жалпы терапия, хирургия, акушерлік және гинекология, невропатология, оториноларингология, эндокринология, педиатрия, жалпы дәрігерлік тәжірибе, кардиология, гастроэнтерология, дерматовенерология, стоматология, офтальмология, травматология және ортопедия, аллергология, пульмонология, онкология, рентгенология, гирудотерапия, нейрохирургия, медициналық реабилитология, дәстүрлі медицина, урология, трансфузиология, психиатрия, наркология, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, эксперттік медициналық көмек жасалады. Сонымен бірге ауруханада балалар мен ересек арасында нысаналы мақсаттағы топта «В», «С» гепатитке, әйелдер арасында жатыр обырына, колоноскоптық әдісімен ересектер арасында тік ішек, тоқ ішек обырына, ерлер арасында қуық безі, асқазан, өңеш және бауыр обырына, қан айналым жүйесі ауруларына, су қараңғылыққа, қант диабетіне тексеру жүргізіледі.


– Тағы қандай қызметтерді жүзеге асырасыздар?


– Аурухана құрамында бейінді бөлімшелер қызмет атқарады: хирургия бөлімінде 12, оның ішінде травматологиялық төсек, жоғары технологиялы медициналық көмек төсегі, гинекология бөлімінде 12 терапия бөлімінде 20, неврология бөлімінде 12, балалар бөлімінде 12, нейроинсульт бөлімінде 20, реанимация бөлімінде 8, ақылы қызмет бөлімінің керует саны 12, күндізгі стационарда 40, оның ішінде емханалық 15 төсек қойылған. Сонымен қатар, параклиникалық бөлімдер – клиника-диагностикалық, бактериологилық, биохимиялық, иммун-ферменттік зертхана, функционалдық диагностика жүргізу (рентгенологилық, рентгеноскопиялық зерттеулер, маммография, рентген, компьютерлік томография, «С-дуга» рентгенодиагностикалық аппарат, доплерография, барокамера, УДТ-диагностика, эхо-энцефалоскопиялық, фиброгастроскопиялық, эхоэнцефаллографиялық, доплерографиялық зерттеулер), физиотерапиялық бөлім емдік денешынықтыру, соққылы толқын терапиясы, үгу столы, мойын массажын жасау аппараты, парафин, емдік массаж, емдік тұзды және 10 түрлі дәрілік ванналар, кедр саунасы, су асты массажы, джакузи, мануалдық емдеу, Су-Джок емдеу, барокамера жұмыс істейді. Компьютерлік томография аппаратымен Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының халқына қызмет көрсетіледі. Айта кетсек, ауруханаға бекітілген стационарлық науқастар, мүгедектер, зейнеткерлер, жасөспірімдер, «Батыр ана» орденімен, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған әйелдер және медициналық ұйымдардың жолдамасы бойынша пациенттер тегін өткізіледі.


– Қазалы теміржол ауруханасының дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған білікті мамандар жеткілікті. Соларды атап өтсеңіз...


– Аурухананың даму тарихында көптеген бас дәрігерлер алмасты. Атап айтқанда А.Заколодкин, Глушко, Е.Степанова, Б.Есмагамбетова, Ж.Қазмағамбетов, В.Лим, Қ.Сансызбаев аурухана ісінің ілгерілеуіне тер төгіп, халықтың ықыласына бөленді. Көп жылдар бойы медицина саласында еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан дәрігерлер – А.Сейсенов, Г.Канатова, А.Жұбатов, А.Тлекешова, Қ.Сәрсенбаев, Қ.Каликов та өз ісінің мамандары болды. Ауруханада еңбек ететін тәжірибесі мол дәрігерлер – С.Артықбаев, Ж.Елеуов, М.Төребай, Е.Дәрібаев, С.Ахмет, Ш.Байбазарова, С.Төлегенов, Ш.Медетбаева, Б.Айжарықова, А.Кулбаева, Ж.Досбергенованың есімі теміржолшылар арасында ғана емес, бүкіл ауданға белгілі. Мекеменің есеп бөлімін жүргізетін бас есепші – К.Жақсылықова қаражаттың кіріс-шығысын орнымен реттейді.

Ауруханада жалпы саны 410 маман, оның ішінде 66 дәрігер (6 жоғары санатты, 10 бірінші санатты, 2 екінші санатты, 202 (2 жоғары санатты, 38 бірінші санатты, 31 екінші санатты) орта медициналық қызметкер, 78 кіші медициналық қызметкер, 72 өзге қызметкерлер еңбек етеді.


– Білуімізше 2016 жылы нейроинсульттік бөлім ашылды. Бұның қазіргі аяқ алысы қалай?


– 2016 жылдың 15 ақпанынан Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес, аурухананың төсек қоры шеңберінде 24 төсектік нейроинсульттік орталық ашылды. Науқастарды дер кезінде қабылдап, жедел медициналық көмек көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтар, құрылғылармен, дәрі-дәрмектермен, тасымалдауға арналған арбалар және лифтімен жарақталды. Үлкен және кіші операциялық залдар тәулік бойы нейрохирургиялық операциялар жасау үшін дайындалып, арнайы құралмен қамтамасыз етілген. Реанимациялық-анестезиологиялық бөлімше 9 төсекке кеңейтіліп, осы заманғы қондырғылармен қамтылып, нейрохирургиялық операциялардан кейінгі қосымша реанимациялық 4 төсектік палата ашылды.

Сонымен қатар аурухананың травматологиялық қызметі жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге дайын және көрсетілген медициналық қызметті ақылы негізде жасауға толық мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда аурухананың материалдық-техникалық базасы жақсартылған, барлық бөлімдерге пластикалық терезелер орнатылып, жергілікті бу қазандығынан ыстық су келуі қамтамасыз етілді. Газбен жылытылады, ішкі су жүйесі пластикалық құбырларға ауыстырылды. Сондай-ақ стационар ғимаратының сыртқы қабырғасы плиталармен көмкерілді.

Тұрғындар денсаулығын жақсартуда мақсат еткен әріптестердің халыққа қызмет жолында мерейлі міндеттер үдесінен табыла береріне сенім мол.


– Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

https://qazaly.kz/zanalyk/suhbat/15572-halya-yzmet-mereyl-mndet.html 


25-08-2020, 21:03

БАРШАҢЫЗҒА РАХМЕТ!

COVID-19 инфекциясына байланысты пандемия кезінде «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС жатқан науқастарға «Қазалы жолшы» мекемесі директоры Серік ӨТЕГЕНОВ 50 балон кислород, 5 квартал тұрғыны Қалниязов НҰРБОЛАТ 50 балон кислороджәне 5 квартал тұрғыны 

АЙМАҒАМБЕТОВ Бейбіт аурухана қызметкерлеріне 1000 дана бетперде алып беріпауруханада жатқан науқастарға өз көмектерін көрсетті

Қазақ «жақсының жақсылығын айтнұры тасысын» демекшіқысылтаяң сәтте қолдау көрсеткен азаматтардың ерлігін,халыққа жасаған жақсылықтарын айтпай кету әбестік.

«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС әкімшілігі халыққа жасап жатқан көмектеріңіз Алладан қайтсын

Өздеріңіз секілді жаны жылыжүрегі жомартпейілі кеңқамқор азаматтарымыздың барына ризамыз

Сіздерге сәттілікжоғары жетістікмықты денсаулықбақ береке тілеймізЕңбектеріңіз табысты болсын


«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС ұжымы

20-07-2020, 13:58

АБЗАЛ АЗАМАТТАРҒА МЫҢ АЛҒЫС!

COVID-19 жұқпасынна байланысты пандемия кезінде облыстық маслихаттың депутаты Тілеп ИБАДУЛЛА «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС емделіп жатқан науқастарға 50 балон оттегі алып беріп, ауруханада жатқан науқастарға өз көмегін көрсетті.

«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС әкімшілігі облыстық маслихаттың депутаты Тілеп ИБАДУЛЛАҒА алғыс айтып, халыққа жасап жатқан көмегіңіз Алладан қайтсын. Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, отбасыңызға амандық, кәсібіңізге береке, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын деген игі тілегін білдіреді.


Және де аудандағы белгілі кәсіпкер АСҚАРОВА Шакизада жолдасы екеуі бір мал әкеп, күндіз-түні жүрген аурухана дәрігерлеріне және жатқан науқастарға садақа жасап, тамақ үлестірді. 

Алла ешкімге бұл заманда мұқтаждық қылмасын.

Алайда осындай қиын қыстау кезде, өз еріктерімен көмек қолын ұсынып жатқан аудан белсенділеріне алғысымыз шексіз!! 

Бар жасап жатқан игі істері бір Алладан қайтсын!


«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС ұжымы


9-07-2020, 12:11

МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті "Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС қызметкерлері!


Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – "Медицина қызметкерлері күні" мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі десек, мамандарымыздың сол бағыттағы еңбектері өлшеусіз. 


Құрметті ақ халатты абзал жандар!


Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.


Құрметпен, Құбыл Ршымбетов

21-06-2020, 12:40

12 мамыр - Халықаралық мейірбикелер күні

Құрметті «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС мейірбикелері
 
 

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің ең көп санаты мейірбикелер болып табылатыны және тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда сіздердің жұмыстарыңыздың сапасына байланысты екені белгілі. Қазіргі уақытта мұндай кәсіптің қажеттілігі туралы дәлелдеп жатудың өзі артық, ол кез келген елде денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегіне айналған. Төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Еліміздің, аймағымыздың денсаулық сақтау саласының дамуы жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін,
 
 

Шын мейіргер адамдарға жанашыр,
 Берген анты жүрегінде ол да тұр,
 Қорықпайды ауруыңнан қаймығып.
 
Мұндай жанды кездестірсең сене бер,
 Оған АЛЛА нағыз шипа бере гөр.
 Бар білгенін аямаған мейіргер,
 
 

Алғыс алып, бақыт нұрға бөленер.
 Қолың шипа, дертке дауа сөздерің,
 Жылу берер күлімдеген көздерің.
 
Денсаулығың мықты болсын, мейіргер,


Тілек білдіруші:«Қазалы теміржол ауруханасы»
 ЖШС директоры Құбыл РШЫМБЕТОВ

12-05-2020, 12:04

МӘМС мен ТМККК пакетін анықтау алгоритмі (орыс тілінде)

МӘМС мен ТМККК пакетін анықтау алгоритмі (орыс тілінде)  Скачать файл: osms-pilot-final_ks_ds-dlja-otcheta.zip [575.58 Kb] (cкачиваний: 6)
18-12-2019, 11:03

ДӘРІГЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС

Əкем небəрі 46 жасында қан қысымынан қайтты. Не болғанын бағамдап та үлгірмедік. Қазір екінің бірінің шаужайына жармасқан бұл кесел анамды да айналып өтпеді. Үнемі жоғары қысымда жүруі қорқыныш еді мен үшін. Тамыздың 17 де қорқынышымыздың бекер еместігі білінді, анам инсульт алды. Таңғы 06.30 ұйқылы ояу абдырап қалдық. 

«Жедел жəрдем» күтіп отыратын уақыт жоқ. Жеңіл көлікпен Қазалыға жеткенше асықтық. Кіре берістегі темір жол ауруханасынан нейроинсульт орталығы ашылғанын жеткенде бір-ақ білдім. 

Жансақтау бөліміндегі сегіз күн. Есіктің сыртындағы үміт пен күдік арпалысын басынан өткендер ғана түсінсе керек. Миына қан шашыраған анамның 17 күн дегенде беті бері қарады. Аллаға шүкір!
Қазір осы аурухананың оңалту бөлімінде қалыпқа келтіру ем-домын алып жатыр. Аурухананың қызмет сапасына, мед.персоналдың өз міндеттерін мүлтіксіз орындайтындықтарына риза боласың.

Білікті невропатолог Талғат Жиенқұлов пен реанимация дəрігері Жасұлан Қуанышбаевқа алғысымыз алғаусыз. Талғат Алданұлы анамыз аяққа тұрғанша дəрігерлік уақытын да, тəжірибесін де аямады. 

Қармақшы, Арал, Қазалы аудандарына арналған бұл орталық өте орынды ашылған. Əсіресе осы үш ауданда аталмыш дерт өршіп тұр. Қан қысымының қақпанынан осындай жабдықталған орталық қана құтқарса керек


Үйтолған Жареке

23 қазан күні, сағат 01:46 ·

«Фейсбук» әлеуметтік желісінен 



24-10-2019, 08:32

"Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС туралы фотомонтаж

«Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі
 серіктестігінің қызметі туралы фотомонтаж-презентация.

Презентацияны мына жерге өтіп қарауға және жүктеп алуға болады: 

http://www.myshared.ru/slide/1402629/
25-09-2019, 17:58