ҚР ДСМ Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент ХАБАРЛАМАСЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулысының 142, 153-1 тармақтарына сәйкес, Департаментпен жеке және
заңды тұлғаларға «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге (әкетуге)
келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» және жеке тұлғаларға «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға
біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметтері (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жүзеге асырылады.Осы мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер туралы толық ақпаратпен Департаменттің ресми парақшасының, www.kyzylordamedfarm.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде танысуға болады.
Г.А.БАЙМЕНОВА,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Қазақстан Республикасында әлеуметтіктәуекелдердің туындауына байланыстыжоғалтқан табысының бiр бөлiгiн өтеу үшiн халықты әлеуметтікқорғаудың қосымша нысаны ретінде міндеттіәлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізіліп, жұмыс берушілержалдамалы жұмысшыларға және өзін-өзі жұмыспенқамтыған тұлғалар табыстарынан әлеуметтікаударымдарды төлеуде. Міндетті әлеуметтіксақтандырудың негізгі мақсатыхалықтың әл-ауқатынарттыру болып табылатынәлеуметтік қорғау жүйесініңқосымша деңгейі болып табылады.
Әлеуметтік аударымдар «Мемлекеттікәлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ шоғырландырылып, Қор активтерінен әлеуметтікқатер туындағанда, міндетті әлеуметтіксақтандыру жүйесі қатысушыларына әлеуметтіктөлемдер тағайындалып, төленуде. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтіксақтандыру қорынан еңбек ету қабілетіненжәне асыраушысынан айырылғанжағдайда төленетін әлеуметтіктөлемдердің мөлшері 16% арттырылды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінесалық салу мәселелерібойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №122-VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Міндетті әлеуметтіксақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405 (әрі қарай – Заң) ҚазақстанРеспубликасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Бұл ретте, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтікаударымдарды есептеу объектiсiнің 3,5 процентіаударылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, арнаулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олар өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 процентін, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 3,5 процентін құрайды.
Осыған сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері 990 теңге. (ЕТЖ * 3,5% = 28284 теңге * 3,5% = 989,94 = 990 теңге) және ең жоғары мөлшері 9900 теңге. (10 ЕТЖ * 3,5% = 282840 * 3,5% = 9899,4 = 9900 теңге) болды (ЕТЖ – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшері).
Әлеуметтiк аударымдардың уақытылы аударылмаған сомаларын төлеушi оларды мерзiмi өткен әрбір күн үшiн (Қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі көлемiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиiс.
Заңның 8-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және ел аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.
Бұл ретте, жұмыс істейтін зейнет жасына жеткен, ер кісілер – 63 жас және әйел кісілер – 58 жыл 6 ай жастағыларға әлеуметтік аударымдар аудару тоқтатылады.
Әр азамат өзі үшін ақпаратты мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы тегін алуына болады. Сондай-ақ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру» АҚ gfss.kz сайтынан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толық ақпаратты білуге болады.
Гүлсім ДЕНЕЕВА,
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ
Қызылорда облыстық филиалының директоры
Cурет Жетісу» газетісайтынан алынды
http://syrboyi.kz/akparat/17999-mndett-leumettk-satandyru-zhyesndeg-zgerster.html
"ДЕНСАУЛЫҚ" ПОЙЫЗЫНЫҢ ДӘРЕМЕТІ
«Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» медициналық пойыздары 2017 жылғы
жұмысын аяқтап, қорытындысын шығарды.
«Медициналық пойыздар» жобасы 2017 жылы республикамыздың Қарағанды, Маңғыстау,
Шығыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Оңтүстік
Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарын қамтыды.
Барлығы 442701 дәрігерлік қабылдау тіркелді.
Барлығы 74368 тұрғын, олардың ішінде 11206 бала тексеруден өтті.
854 шағын амбулаториялық ота жасалды. Маммологтар 8145 әйелді қарады.
19332 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.
2017 жылы бүкіл облысқа екі медициналық пойыз барды, 2016 жылы үш пойыз
бекітілген, алайда олардың баратын бекеттері мен жүретін мерзімдері аз болды –
ол кезде 131 бекеттің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетілген болатын.
Жобаны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры мен «Samruk-Kazyna
Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, сонымен қатар Қазақстан Респуликасының
ішкі істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырып жатыр.
ЖЫЛЫ СӨЗ ЖАНДЫ ЖАДЫРАТАДЫ
Фейсбук әлеуметтік желісін тұтынушы Гулнар Жетесалиева Қазалы теміржол ауруханасының
дәрігері Казбек Кушерович Еспаев-қа жүрек жарды тілегін арнапты. Төменде сол
тілек қаз-қалпында келтірілген. Еміле, жазу үлгісі сақталған.
Саламатсызба Ағай. Менің ең алғаш
бөпелі болуыма себебіңіз тиген яғни емдеген жансыз. 1997жылы көптен күткен
қуанышымды Узи арқылы қарап бөпелі болатынымды айтып мені бір қуантқан
болатынсыз Еңбегіңіз еленіп елдің алдында абыройыңыз асқақтай берсін.Өмір жасыңыз
ұзақ болсын.Содан бері 20 жыл өтіпті ол ұл қазір университетте оқиды. Сіздің
мына парақшаңызды көріп отырып үндемей қалуыма арым жібермеді. Сіз сияқты
жандар көбейе берсін. Алла сізге қуат беріп халқыңызға еңбек етіп жүре беріңіз.
Жақсының жақсылығын айтса нұры тасиды деген ғой дана халқымыз. Аман болыңыз
аға.
5 Ақпан күні, сағат 15:53
Тегін дәрі-дәрмектер туралы ақпаратты онлайн түрде көруге болады
Диспансерлік емделушілерге тегін босату үшін аймақтарға қандай дәрі-дәрмектер жөнелтілгені туралы ақпартты енді бірыңғай дистрибьютор сайтының "2018 жылға АДҚ бойынша ақпарат" бөлімінен сілтемебойынша көруге болады, деп хабарлайды BNews.kz.
"СҚ-Фармация" сайтының арнайы құрылған бөліміндеемделушілер бірыңғай дистрибуцияжүйесі арқылы дәрі-дәрмектісатып алу жағдайытуралы және дәрі-дәрмектітегін рецепт бойыншабосататын дәріхана туралы барлық қажеттіақпартты таба алады.
Бірыңғай дистрибьютордың басқарматөрағасының міндетін атқарушыШария Исмуханованың айтуынша, бөлімдегіақпарат күнделікті жаңартыладыжәне емделушілер өзіне ұсынылған дәрі-дәрмектердің дәріханаларға түскенінкөре алады.
"Пациенттер өздерінің аймағында қажетті дәрі-дәрмектердің бар-жоқтығын және дәріханаға келгенін білу қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан, бұл деректерді ашық жариялау туралы шешім қабылданды", - деді Шария Исмуханова.
Сондай-ақ, сайтта сіз тегін ақпарат алу үшін дәрі-дәрмектердің мекен-жайы мен байланыстелефондары туралы ақпараттарды таба аласыз.
Сонымен қатар, бөлімдеқазақстандықтар қажетті препараттардың өз аймағына жөнелтукестесі туралы неғұрлымнақты ақпаратты қоңыраушалу арқылы алуға болатын шұғыл байланыс телефондарыжарияланды.
Бірыңғай дистрибьютор ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасыбойынша аймақтардағы медицинажәне дәріхана ұйымдарынадәрі-дәрмектің жеткізілуінің және олардың рецепт бойынша босатылуының ашықтығынқамтамасыз ету үшін жасалып отыр.
http://syrboyi.kz/negizginews/17187-tegn-dr-drmekter-turaly-aparatty-onlayn-trde-kruge-bolady.htmlЖаңа дәуір талабы
Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық саласына айрықша маңыз берді.Онда төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында елдің дамуына арналған 10 негізгі тапсырманы іске асыруды міндеттеді.
Ел Президенті Н.Назарбаев бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып отырғанын алға тартты. Көшбасшының: «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде»,–деген сөздері әрбір қазақстандыққа терең ой салды деп ойлаймын.
Біз белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруға күш-жігерімізді, біліктілігімізді жұмсауға дайынбыз. Халықтың денсаулығын сақтау бағытында аурухана жанынан «Жол картасы» аясында инсульт бөлімі ашылды. Кардиология кабинеті жұмыс істеп тұр. Неврапатолог, травматолог және психолог мамандары тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсетуде.
«Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды»,–деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осы орайда теміржол емханасы мен ауруханасында КМИС цифрлық бағдарламасы қолға алынуда. Науқастың ауру тарихы компьютерге түсіріліп, ортақ базаға енгізіледі. Аталған жүйенің медицина қызметкерлері мен пациенттер үшін көмегі көп. Ең бастысы, қағазбастылықтан арылып, кез келген өңірде сандалмай қажетті ақпаратты бір базадан алу қарастырылған.
Сондай-ақ, бізде е-gov қызметі, call орталық, кезек нөмірін алатын терминал, SOS қызметтері жұмыс істейді. Осыған сай мамандардың білімін арттыру да алдағы уақытта да жүзеге асырылады. Денсаулық саласындағы жаңа леп дәрігерлерді қанаттандырып, құлшынысымызды арттырады.
Құбыл РШЫМБЕТОВ,
теміржол ауруханасының бас дәрігері.
https://qazaly.kz/kogam/668-zhaa-dur-talaby.htmlСУ ТАСҚЫНЫ МЕН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАРДА ТҰРАТЫН ХАЛЫҚТЫҢ ЖАСАЙТЫН ІС ӘРЕКЕТТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕРІ
СУ ТАСҚЫНЫНАДЕЙІН
– күрделі құрылыстарды тек мемлекеттік өкілді органдардың рұқсатыбойынша салыңыз;
– қауіпті жерде уақытша тұратынорындарды жасамаңыз;
– азық-түлік, су, қажеттізаттардың, дәрі-дәрмектердің және құтқару құралдарының қорын алдын ала қарастырыңыз;
– құжаттарды дайындаңыз, егер де жас балаларыңыз болса, оларға аты-жөні, туылғанжылы және мекен-жайы көрсетілген бирка жасаңыз;
– өздеріңізге жақын орналасқан қауіптіорынды және оған жететін қысқашажолды белгілеңіз;
– хабарландыру дабылдарына, гидрометеомәліметтеріне назар аударыңыз;
– жергілікті атқарушыоргандарынан көшіру-жиналу пунктініңмекен-жайын анықтапалыңыз.
СУ ТАСҚЫНЫҚАУПІ КЕЗІНДЕ
– газ және электр қуаты көздерін сөндіріңіз, құнды заттарды қауіпсізорынға көшіріңіз;
– электр энергиясының қосымшакөздерін, алғашқы көмек көрсету құралдарын, су және азық-түлік қорын, радиоқабылдағыштарын, от жағу үшін спирттікплиталарды және дабыл беру үшін электршамдарын дайындапқойыңыз, автокөліктердің бактарынмаймен толтырыңыз;
– егер уақытыңызболса, үйіңізді (пәтеріңізді) қорғау шараларын (есік-терезелердімықтаңыз, жоғарғы қабаттарға, үйдің төбесіне, шатырларға үй заттарын, ауыл шаруашылығықұралдарын, жем-шөпті қауіпсізорындарға көшіріңіз) жасаңыз;
– электр құралдарымен желілерді, газды судан қорғауға шараларқолданыңыз;
– көлікпен немесе жаяу болсын биік жерлерге орналасыңыз;
– басқару органдарының қауіпсіз жерге көшіру туралы хабарландыруы мен ескертулерін мұқият орындаңыз;
– көшіру туралы хабарды алысымен міндетті түрде көшіру-жиналу пунктіне барыңыз;
– пәтерден (үйден) шығар алдында өздеріңізбен бірге қажетті құжаттарды, құнды заттар мен ақшаларыңызды, бірінші кезекте қажет болатын заттарды және 2-3 тәулікке жететін азық-түлік пен суды алып шығыңыз;
– қауіпсіз аймақтарға жіберу үшін, осы аудандарда орналасқан көшіру-жиналу пункттеріне барыңыз;
– үйдегі малдарыңызға ен салып, көшіру-жиналу пункттеріне айдап келіп, жауапты адамдарға тапсырыңыз, малдар да қауіпсіз аймаққа көшіріледі;
– көшіру-жиналу пункттері әкімшілігінің барлық нұсқауларын орындаңыз.
СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ
– төмен орналасқан жерден тез арада кету қажет, егер су басқан ауданнан шыға алмасаңыз, жоғарғы қабатқа, шатырдың үстіне, биік ағаштарға орналасыңыз;
– басқару органдарының тиісті нұсқаулары келгенге дейін қауіпсіз орындарда қалыңыз;
– су ағынынан өз бетінше өтуге әрекет жасамаңыз. Су ағынының 15 см тереңдігі адамға қауіпті, ал 50 см тереңдігі әдетте көліктердің қозғалысын қиындатып, өте қауіпті болады;
– қолдағы бар құралдарды: пластикалық заттарды, резинадан жасалынған баллондарды, ағаштарды және т.б. пайдаланып, судан шығу амалын қарастырыңыз;
– көмек қажет болған жағдайда, үрейленбей, тыныштық сақтап, апат белгілерін (жалаушалар, көліктің дыбыс белгілері, оқ атыңыз, от жағыңыз) беріңіз;
– суда қалып қойсаңыз, үстіңіздегі ауыр киім мен аяқкиімдерді шешіңіз. Су баспаған учаскелерге ағын судың бұрышына туралап жүзу қажет, жүзу кезінде су астындағы және судың бетіндегі қауіпті заттардан сақтаныңыз;
– зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек қажеттігі кезінде, су мен азық-түліктің жоқтығы кезінде, жағдайдың кауіптілігі кезінде немесе құтқарушылардан көмек келетіндігі туралы күдіктенсеңіз, су басқан аумақтардан көшіру әрекеттерін жасау керек.
СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЙІН
Өз үйіңізді мұқият тексеріңіз:
– фундаменттің тұтастығын;
– қабырға, терезе, еденнің бүтіндігін;
– газ және электр жүйелерін;
– улы жыландардың болмауы мүмкіндігін;
– зақымданған электр, газ жүйелерін қосуды мамандарға тапсырыңыз;
– үйдің тұрақтылығына күдіктенсеңіз, үйдің ішінде қалмаңыз;
– азық-түліктің жарайтындығын тексеріңіз, суды қайнатып ішіңіз;
– ашық от көздерін пайдалану қауіптігін есте сақтаңыз;
– су тасқыны дүние-мүліктеріңізге үлкен шығын келтірсе, жергілікті атқарушы органдарынан көмек сұраңыз.
Жедел қызметтердің байланыс телефоны: 112.
ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Қыс мезгілінде төтенше жағдайларды алдын алу және адам шығынын болдырмау мақсатында төмендегі жағдайларды және ережелерді ескергеніңіз жөн.
Көмір қышқыл газынан уланудан сақ бол:
Ғимарат немесе тұрғын үй ішіне газ тарағанда қабырғалар мен айналадағы заттарға қонбайды, суға сіңбейді. Адамдардың улы газбен улану жағдайы көбінесе түнгі уақытта орын алып отырады. Түтіндеген кезде ұйықтап жатқан адам үшін, улы газдың мөлшерін алу үшін бірнеше минут жеткілікті, пештің немесе газ қондырғысы орнынан алыс тұрса да, оның салдары адамға зиян келтіріп тұрады. Көбіне улы газдың зардабы балалар және қарт адамдарға тиеді. Аяқ астынан шыққан улы газдың зардабы, орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек.
Қыста жолға шыққанда есте сақтауды қажет ететiн қарапайым ережелер бар:
- метеорологиялық мәлiметтердi тыңдап немесе қоршаған табиғатты бақылап, ауа райының өзгерiсiн байқауға тырысыңыз;
- аязды күні ең алдымен адамдардың аяқтары, қолдары және бетi жиiрек және тезiрек тоңады, сондықтан жылы киімдер киініңіз, аяқ киiм кез келген жағдайда кең болуға тиiс;
- автокөлікпен алыс сапарларға шыққан жағдайда, көліктің ақаулығын жөндеңіз, өзіңізбен бірге қағаз түріндегі картаны алып жүріңіз, автожолдардың бойында орналасқан жылыту пункттерін (қонақ үй, дүкен, кафе және т.б.) және медициналық көмек көрсету бекеттерін нақтылап алыңыз;
Мұзда жүру ережесі:
- тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінетін кезде (тұман, қар басу, жаңбыр) ешқандай жағдайда мұзға шығуға болмайды;
- өзеннен өтерде мұз өткелдерін пайдаланыңыздар;
- аяқ соққысымен мұздың қаттылығын тексеруге болмайды. Егер бірінші қатты соққыдан кейін, шаңғы таяқшасымен қатты ұрғаннан кішкене су көрінсе – бұл мұздың жұқалығын білдіреді, онымен жүруге болмайды. Мұндай жағдайда өз ізіңмен жылжып, мұздан аяғыңды алмай және иықтың өлшемімен салмақ салмай жағаға қайтадан шығу қажет. Мұздың жарылуы кезінде де дәл осылай жасау керек.
- амалсыз су айдындарынан өтер кезде, ең бастысы тапталған соқпақтармен немесе салынған шаңғы жолымен жүру қажет. Егер де ондай жол болмаса, мұзға түспес бұрын, жүретін бағытыңды, ізіңізді нақтылап алыңыз;
- топпен су айдынынан өтер кезде, бір-біріңіздің араларыңыздағы қашықтықты сақтау қажет.(5-6 м)
- қатқан су айдындарында жүкпен бірге соңында ілмегі бар, ұзындығы 20 – 25 м болатын берік бау алып жүру қажет.
Төтенше жағдайлар мен оқиғалар орын алған кезде «101», «112» телефондарына хабарласыңыздар.
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті
https://syr-media.kz/khabarlandyru/1320-ys-mezglnde-aupszdkt-satau-erezhes.html