Эндокринолог дәрігер

Қазалы теміржол емханасында эндокринология кабинеті жұмыс істейді. Кабинет ересектер мен балаларға бірдей көмек көрсетеді. Атап айтқанда, эндокринді аурулардың алдын алуға жасалатын шаралар, эндокринді ауруларды (қант диабеті 1-ші және 2-ші тип, қалқанша без аурулары: диффузды токсикалық зоб, гипотиреоз, аутоиммунды тиреоидит, гипофиз аурулары: гигантизм, ергежейлілік, қантсыз диабет, гиперпролактинемия)  ерте анықтау, жоғары технологиялы лабораторлық және диагностикалық шараларды жүргізу, ем тағайындау және науқасты демеу жолын анықтау жұмыстарын жүргізеді. 

Эндокринді аурушаңдықты төмендету, мүгедектік пен өлім көрсеткіштеріне қарсы күреседі. Алғаш анықталған науқастардың барлығын диспансерлік есепке алып, өмір сүру ұзақтығын жақсартуға арналған шаралар жүргізеді. Науқастар жоғары мамандандырылған кеңес алу үшін  Қызылорда қаласы ОКДО-қа жолдама арқылы жіберіледі. «Д» есепте тұрған науқастар портал бойынша Қызылорда қаласы көпбейінді ауруханаға жатқызылады. ҚР ДСМ-нің 29.08.2017 жылғы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілу, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» №666  бұйрығы бойынша тегін дәрі-дәрмек босатылады. 

Санитарлық-ағарту жұмыстары, соның ішінде «Қант диабеті» мектебі өз жұмысын белсенді атқаруда. 

Эндокринологиялық кабинетте 2-ші санатты дәрігер Бердибаева Гульфариза Зулхарнайқызы 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жалпы жұмыс өтілі -6 жыл. Мейірбике – Байнияз Жанерке Темірбайқызы.

1-02-2021, 18:36

Диагностикалық зерттеулерге науқас қалай дайындалуы керек?


Диагностикалық зерттеулерге науқас қалай дайындалуы керек?Спирографиялық зерттеуге дайындық

Спирограф медициналық аппаратына зерттеу аш қарынға жүргізіледі. Зерттеу алдында науқастың кем дегенде 1 сағат (15-20 минут) жатып, тынығуы керек. Зерттеу алдында темекі шегуге, кофе, шай ішуге болмайды.

Сурет IRecommend сайтынан алынды

 


 

 

 



Диагностикалық зерттеулерге науқас қалай дайындалуы керек?ЭХО-КГ- Эхо кардиограф зерттеуге дайындық

ЭХО-КГ медициналық аппаратына зерттеу үшін арнайы дайындық қажет етілмейді.

Өзіңізбен бірге: 3 ай бұрынғы ЭКГ қорытындысын және алдыңғы зерттеулер нәтижелерін, қағаз сүлгі әкелу қажет.

Ескерту: Тексерілу алдында жуынып келген жөн.

Фото Береги сердцесайтынан алынды

 

 



 

 

 

 


Диагностикалық зерттеулерге науқас қалай дайындалуы керек?Холтерлік мониторирлеу (ХМ КГ)

Өзіңізбен бірге:

- 6 ай бұрынғы ЭКГ қорытындысын;

- ЖИА және инфаркттан кейінгі кардиосклероз диагнозы қойылған науқастарға - 1 ай бұрынғы ЭКГ-қорытындысын;

- Миокард инфарктысы бар науқастарға – 6 ай бұрынғы ЭХО-КГ қорытындысын алып келу қажет.

Мақтадан тігілген таза майка киіп келу және сырқат өзінің бой өлшемі мен салмағын білуі керек. Тексерілу алдында көкіректегі түктерді қырып, шомылып келген жөн.

Сурет www.diagnos.ru сайтынан алынды

 

 

 

 


 

Диагностикалық зерттеулерге науқас қалай дайындалуы керек?Электрокардиограмма (ЭКГ)

ЭКГ – 15-20 минуттық тынығудан кейін жүргізіледі.Тексерілу алдында тойып тамақтануға болмайды

 

Фото med88.ru сайтынан алынды

 

 

 

 


 

 

 

Диагностикалық зерттеулерге науқас қалай дайындалуы керек?Колоноскопия

Колоноскопия медициналық аппаратына дайындық реттілігі

1. 3-4 тәулік бұрын жеңіл тамақтану;

2. 1 күн бұрын сағат 15.00 де 50 г зәйтүн майын ішу, егер науқастың іш қаталауы болса бұл препараттарды тәулігіне 2 рет тағайындау;

3. Тексеру алдындағы кеште және ертеңгілік диагностикалық зерттеу алдында тазалау клизмасын жасау;

4. Ем-шараны ашқарынға жүргізу.

Фото Stopgemor.ru сайтынан алынды.

13-02-2018, 14:29

Дәрігер қабылдауына жазылу

Дәрігер қабылдауына жазылуДәрігер қабылдауына жазылу http://egov.kz/cms/kk/services/health_care/495pass_mz
5-01-2018, 13:57

Емхана таңдау

Емхана таңдау Емхана таңдау
4-01-2018, 13:58

Теміржол емханасының филиалы

Теміржол емханасының филиалыФилиал 2012 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Бөлімше бір қабатты  ғимараттан тұрады. Бөлімшеде 3 балаларды қабылдау аймақтық кабинеті,   1 егу бөлмесі, «Невулайзер» аппараты, бумен емдеу бөлмесі, 1 тіркеу орны  бар. Бөлімшеде «Денсаулық кодексі», «Дені сау баланы тамақтандыру»,  «Аналарға кеңес», «Баланы ана сүтімен тамақтандыру туралы» ережелер  ілінген.  
      Бөлімшеде 3 аймақтық дәрігер, әрбір аймақта 2 мейіркештен, 1 егу  бөлмесінің мейірбикесі жұмыс істейді. Жедел түскен науқастар шұғыл  қаралып, қажетті көмек көрсетіледі. Науқас балаларға мамандар кеңесі  жасалып, лайықты емдер қосылады. Дәрігердің нұсқауы бойынша  «Невулайзер» аппаратымен ем жасалады. Аптасына 2 рет ана мен балаға    әңгіме-кеңес жүргізіледі.  
     Бөлімше қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстана отырып адал қызмет атқаруда.

Теміржол емханасының филиалы
Теміржол емханасының филиалы
Теміржол емханасының филиалы
Теміржол емханасының филиалы
Теміржол емханасының филиалы
Теміржол емханасының филиалы
Теміржол емханасының филиалы
Теміржол емханасының филиалы
Теміржол емханасының филиалы
12-10-2014, 22:02

«Қазалы стансасы локомативі» АҚ-ның жолсапар алдындағы медициналық тексеру бекеті

«Қазалы стансасы локомативі» АҚ-ның жолсапар алдындағы медициналық тексеру бекетіЛокомотив бригадаларын медициналық бақылап тексеру кабинеті санитарлық нормалар мен ережелерге сай келетін, екі бөлмеден тұрады. Локомотив депосының аумағында, ғимараттың бірінші қабатында және депо бойынша кезекшінің кабинетіне жақын орналасқан. Депо бойынша кезекшімен және локомотив бригадаларының нарядшысымен байланысатын телефонмен қамтамасыз етілген. Кабинет жиһазбен және медициналық құралдармен жабдықталған.
Кабинетте 1-ші біліктілік санатын иеленген 1 фельдшер және 2-ші біліктілік санатын иеленген 3 фельдшер жұмыс істейді.
Тексеру локомотив бригадасының барлық мүшелерінің бір мезгілде келіп, олардың маршуттық қағазды ұсынғанда ғана жүргізіледі. Медициналық тексеру алғашқы сапарға шығар алдында және сапардан соң өткізіледі.
 
 
«Қазалы стансасы локомативі» АҚ-ның жолсапар алдындағы медициналық тексеру бекеті
 
 
Медициналық тексеру сұраудан, қараудан және локомотив бригадалары қызметкерлерінің атқарымдық көрсеткіштерін өлшеуден, сырт көрінісіне, жүрісіне, тексерушінің кейпіне, мінез құлқы мен сезімдік реакцияларының сама-сай келуіне құралады. Шағымдар, сапар арасындағы демалыс пен ұйқының ұзақтығын айқындау, артериялық қысым, тамырдың соғу  жиілігі анықталады. 
 
 
 
 
 
 
 
«Қазалы стансасы локомативі» АҚ-ның жолсапар алдындағы медициналық тексеру бекетіЛокомотив бригадаларының алкогольдік ішімдік ішкенін және есірткі заттарды қолданғанын анықтап, тексеруден өткізеді. Бұл үшін ,,Алкотест-203’’құралы қолданылады. Есірткі заттарын тұтынуын «ИХА-5-мульти-фактор» тест тілімше арқылы тексереді. Фельдшерлер ай сайын зиянды әдеттерден сақтану, қан қысымының артуының алдын алу тақырыбында  әңгіме кеңес өткізеді. Фельдшерлер тексерілудің сапасы мен локомотив бригадалары қызметкерлерінің сапарға жарамдылығы туралы тұжырымдаманы бергенін өз жауапкершілігіне алады.

2-10-2014, 13:41