ЛОР дәрігері
Қазалы теміржол емханасында ЛОР бөлмесі жұмыс істейді. Бұл бөлмеде науқастарды қабылдаумен қатар теміржол саласындағы қызметкерлері ай сайынғы кезекті профилактикалық байқаудан өткізіледі. Бұл бөлмеде сонымен қатар науқастарға кіші операциялар: гаймор қуыстарын тесу, ЛОР органдарының абсцесстерін тіліп ашу, мұрын қуыстарының полипотомиясы, есіту жолын жуу және т.б. емдік шаралар атқарылады. Сонымен қатар кабинетте аудиометрия аппараты: «Diagnostic Audiometer AD 229 b» бар. Аппараттың қызметі есіту қабілетінің нашарлауын анықтап, дер кезінде диагноз қою. Аппаратпен Уалиева А.У. жұмыс істейді.
ЛОР кабинеті күніне 15 – 20 науқасты қабылдап, емдік процедуралар жүргізеді. Қазіргі таңда ЛОР бөлмесінде 2-ші санатты дәрігер оториноларинголог Тақтаболатұлы Қуаныш, еңбек өтілі - 8 жыл, мейірбике Уалиева Айгүл Мамайқызы жұмыс істейді, еңбек өтілі - 26 жыл.
ЛОР дәрігері Қуаныш Тақтаболатұлы 1988 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған.
2006 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 2006 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан – Ресей медицина университетіне «емдеу ісі» факультетіне конкурс негізінде оқуға түсіп, оны 2012 жылы хирургия мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 2012 – 2013 жылдары Қазақстан – Ресей медицина университетінде хирургия мамандығы бойынша интернатураны бітіріп дәрігер хирург мамандығын алды.
2013 ж «хирург» мамандығы бойынша тестілеу орталығында дәрігерлік тестілеуден өтіп, сертификат иеленді. Одан соң Қазалы ауданындағы «Қазалы темір жол ауруханасы» ЖШС-не хирург дәрігер болып жұмысқа орналасты. 2013 ж ҚОФ ЖШС «Республикалық дипломнан кейінгі білім беру институтында» «оториноларинголог» мамандығы бойынша біліктілігін көтерді. Қазіргі кезде «Қазалы темір жол ауруханасы» ЖШС-де хирург, оторинолоринголог дәрігері болып қызмет етуде.
Көз кабинеті
Қазалы теміржол емханасында көз кабинеті үздіксіз қызмет атқарып келеді. Көз бөлмесі науқастардың көзінде көз қан қысымы жоғары, басталып келе жатқан катаракта, көзден жарақат алған, көздері қашықтан және жақыннан нашар көретін науқастарды, сонымен қатар балаларды да есепке алу, бақылау және әр тоқсанға дәрігер қарауына шақыру, науқастарды қарап "Д" есепке алу, емдеу жұмыстарын атқарады. Кіші операциялық манипуляциялар жасалады.
Келген науқастарға жас шамасына қарай көз әйнекке рецепт жазып беру, «Diathera» аппаратымен көз қан қысымын өлшеу, офтальмоскоп аппаратымен көз түбін (КНД) қарау, Сивцев кестесімен қашықтан көз көру қабілетін тексеру жұмыстары жасалады.
ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің №145 бұйрығына сәйкес жас ерекшеліктеріне байланысты глаукома ауруының алдын алу, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, скрининг жүргізіледі.
Санитарлық ағарту жұмыстары атқарылады: лекциялар оқылады, әңгімелер жүргізіледі, санбюллетеньдер шығарылады.
Көз бөлмесінде бірінші санаттағы көз дәрігері Жадырасын Берік Балдақұлы 2007 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жұмыс өтілі - 14 жыл. Көз бөлмесінің мейірбикесі Жаңыл Күзембай жұмыс істейді.Невропатолог дәрігер
Неврологиялық кабинет теміржол емханасында орналасқан. Кабинет түрлі үнпарақтармен безендірілген. Кабинетте «Денсаулық бұрышы», «Инсульттің алдын алу туралы» ақпарат, «Бел омыртқаның иілуіне және қатаюына арналған жаттығулар», «Инсульттан кейінгі емдік шара туралы» және басқа да көрнекті құралдар ілінген.
Кабинетте I санатты дәрігер Өтеулі Шолпан Қарақұлқызы 2011 жылы аймақтық терапевт, 2013 жылдан бастап невропатолог қызметін атқарып келеді. Еңбек өтілі - 10 жыл. Ізбасқан Бақыткүл Алтынбекқызы 1996 жылдан бастап жүйке аурулар кабинетінде мейірбике болып жұмыс істейді. Еңбек өтілі - 25 жыл.
Ауырып келген науқастарға кеңестер айтылып, ем беріледі. Күніне дәрігерлік бақылаудан 30-дай науқас өтеді, ауырып көрінгендер саны - 15, қайта келіп көрінгендер саны - 15. Невропатолог кеңесіне жүгініп келгендер 15-тей науқас. Келген науқастарға кеңестер беріліп, аурудың түріне қарай ем тағайындалады. Кабинетте салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жемісті қызметтер атқарылады.
Кардиолог дәрігер
Ақбергенова Үміт Қазалы ауданында 1988 жылы дүниеге келген. Жанқожа батыр ауылындағы №94 орта мектепте 1995-2006 жылдары оқып, 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне «емдеу ісі» мамандығы бойынша грант иегері атанып, 2012 жылы «терапия» маманды бойынша бітірген.
2012-2013 жыл аралығында облыстық көпбейінді аурухананың «кардиология» бөлімінде дәрігер-интерн болып жұмыс атқарған.
06.08.2013 жылдан бастап Қазалы теміржол ауруханасына аймақтық дәрігер-терапевт ретінде жұмысқа қабылданған.
2018 жылдан бастап күндізгі стационар дәрігері болып жұмыс істеп, 2020 жылы «кардиология» мамандығы бойынша сертификат алған. Сол жылдың қазан айынан бастап, кардиолог дәрігер ретінде қызмет атқарып келеді.
Емхана бөлімінің кардиология кабинетінде науқастарды қабылдап, электрокардиограмма оқып, ауырып келген адамдарға кардиолог кеңесін жүргізеді және де «велоэргометрия» аппаратымен жұмыс істеу дайындығында жүр.
Емхананың УДЗ (УЗИ) дәрігері
Қазалы теміржол емханасындағы УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУ КАБИНЕТІ
мынадай қызметтер көрсетеді:
- АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ ( бауыр өт жолдары, асқазан, ұйқы безі, талақ, ішек);
- ЖҮРЕК - ҚАН ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ (Эхокардиография - жүрек удз-ы, мойын қан тамырлары – брахоцефальдық діңгек);
- ЗӘР- ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ ( бүйрек, бүйрек үсті безі, несепағар, қуық, қуық асты безі);
- ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕНІ ЗЕРТТЕУ (қалқанша без, жатыр, аналық бездер, лимфа бездері)
- ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ (плевра қабаты);
- I - II – III-ші ЖҮКТІЛІК КЕЗЕҢДЕРІ (ұрықтың ерте кезеңдегі ақаулары және т.б.)
қызмет түрлері бойынша Қазалы ауданы және облыс тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп келеді.
Ультрадыбыстық зерттеу кабинеті соңғы үлгідегі түрлі- түсті «Philips ClearVue 550», «Philips HD7» аппараттарымен жабдықталған.
Ультрадыбыстық зерттеу жүргізу алдын ала ішкі ағза мүшелеріндегі ерте және асқыну кезеңіндегі ауруларды ерте анықтауға, асқынуға жол бермеуге және де басқа медициналық жолмен анықтауға мүмкін болмаған белгісіздік жағдайындағы шағымдарды анықтауға үлкен мүмкіндік береді.
Ультрадыбыстық зерттеу кабинетінде 2014 жылдан бастап 1-ші санатты дәрігер Сырымбаев Наурызбек Утебалиевич тұрғындарға жайлы қызмет көрсетіп келеді. Сонымен қатар кабинетте мейірбике Тлеумбетова Айгерим Мирзабаевна жұмыс істейді.
«Инсульт оңалту» орталығының логопеді
«Инсульт оңалту» орталығының логопед маманының жұмысының негізгі бағыттары:
* Логопедиялық және зондтық уқалау.
* Дыбыс шығару ақаулары түзету жүргізеді.
* Инсультта, бас-сүйек ми зақымданғанда (афазия, дизартрия) сөйлеуді қалпына келтіреді.
* Кекештікті түзету және т.б.
Кабинетте ұсақ бұлшықеттерге арналған, күшін қалпына келтіру жабдықтары, ұсақ саусақ моторикасын дамытатын және оны үйлестіретін, басқаруды қалпына келтіретін бұйымдар бар.
Логопед маманы болып Бирашова Гулдана Бекетқызы жұмыс істейді.
Хирургиялық кабинет
Қазалы теміржол емханасында хирургиялық орталық үздіксіз жұмыс істейді: травматологиялық, хирургиялық, балаларға хирургиялық көмек көрсетіледі. Жарақат, сынық, буындары шыққан науқастарға алғашқы хирургиялық көмек, сынықтарға жабық репозиция, шыққан буындарды қайта орнына салып, гипс таңу көмектері; жарақаттарды, күйіктерді, алғашқы хирургиялық өңдеу, рабиологиялық көмек көрсетіледі.
Кабинетте науқастарды қарап, тексеріп диспансерлік есепке алу, динамикалық бақылау, күрделі оталарды арнайы мамандандырылған орталықтарға және қайта қалпына келтіру емдеріне жолдау қызметтері атқарылады.
Хирургиялық көмек түрлері: өскен тырнақты, липоманы, фиброманы, атероманы, гигроманы кесіп алу, іріңдіктерді (флегмона, абсцесс, фурункул, карбункул) тілу, күнделікті таңулар.
Санитарлық ағарту жұмыстары атқарылады: лекциялар оқылып, әңгімелер жүргізіледі.
Бірінші санаттағы дәрігер-хирург Елеуов Жолдас 1978 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жұмыс өтілі – 43 жыл. Хирургия бөлмесінде екінші санаттағы мейірбике Асан Гулзат жұмыс атқарады.
Онколог дәрігер
Қазалы теміржол емханасында онколог кабинеті бар. Кабинет облыстық онкологиялық диспансермен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сай бекітілген №452 бұйрығына сәйкес жұмыс атқарады.
Атап айтқанда, Қазалы теміржол емханасының онкологиялық көмек жағдайын үйлестіру, науқастарды қабылдау, қатерлі, қатерсіз және рак алды ауруларды қабылдау, ерте сатысында анықтау.
Онкологиялық диспансер тағайындаған онкологиялық науқастарға ем жүргізу, науқастарды қатерлі ісікке күдіктенген жағдайда жан-жақты тексеріп жолдама арқылы облыстық онкологиялық орталыққа жолдау.
Есепте тұратын науқастарды динамикалық бақылау, кезекті химиотерапия еміне анализ қорытындыларымен жолдау, арнайы ем алған жағдайы ауыр науқастарға бақылау жасау, симптоматикалық ем тағайындау.
2-ші клиникалық топтағы науқастардың арнайы емнен бас тартуын немесе қарсы көрсеткіштерді талдау.
Қатерлі ісіктің асқынған түрімен тіркелген науқастарды №027-2-Е бұйрығына сәйкес дәрігерлік конференцияда талдау комиссиясын құрып, хаттамаларын жазу, анализ жазып 10 күнде №027-2у бұйрығына сәйкес толтыру.
Клиникалық топтарға сәйкес науқастарды бақылау. Есепте тұратын науқастардың 1жылдық өмір сүру жағдайлары болса өлімге алып келген жағдайларды талдау жасау.
Ерлерді және әйелдерді қарау кабинеттерінің жұмыс барысын тексеру, қадағалау. Есепте тұратын жағдайы ауыр, яғни арнайы емнен шыққан науқастарға актив жасау, 4-ші клиникалық топтағы науқастардан бөлек. Себебі 4-ші клиникалық топтағы науқастарға симптоматикалық көмек жергілікті аймақтық дәрігер бақылауында атқарылады.
Рак алды ауруларды бақылау, бақылаулы тексеру.
Скринингтік тексеруді ҚР ДСМ №174/2020 бұйрығына сәйкес 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдерді сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында маммографиялық тексеруден;
30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдерді жатыр мойны ісігін алдын-алу мақсатында медициналық тексеруден өткізу.
40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ересектерді глаукоманың алдын-алу мақсатында медициналық тексеруден өткізу.
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ересектерді тоқ және тік ішек қатерлі ісігінің алдын-алу мақсатында медициналық тексеруден өткізу. Тұрғындар арасында онкология ауруы, өзін өзі тексеру, ерте сатысында анықтау туралы дәрістер оқу.
Дәрігерлер арасында қате кеткен жағдайда жүйелі талдау жасау. Ерлерді қарау және әйелдерді қарау кабинеттерін ұйымдастырып мониторинг жүргізу.
Онколог кабинетінде 2-ші санатты дәрігер Жақсылықова Гульфариза Еділбекқызы 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жалпы жұмыс өтілі - 6 жыл. Мейірбике – Қамбар Айнагүл.