» » Еселі еңбегіміз мерекеге арналады

Еселі еңбегіміз мерекеге арналады

1 желтоқсанҚР Тұңғыш Президентінің Күні

Еселі еңбегіміз мерекеге арналады


Биыл еліміз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күнін үшінші рет атап өткелі отыр. Республика Парламенті Тәуелсіз ел тарихында 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен алғашқы Президент сайлауына орай осындай тарихи шешім қабылдаған еді.
Қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған азаттығына қол жеткен, жоғының табылып, тіліміз төрден орын алған бақытты шақтары және көптеген игілікті істер Президент Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.
Бүгінде елімізді әлем елдері түгелге жуық таниды, республика дамуының жетістіктеріне қуана куә болуда, еліміздің бас қаласы Астана өз көркімен, сәулетімен бірқатар елдерді таң қалдырды.
Жуық арада Елбасы "Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” атты өз Жолдауын Қазақстан халқына жолдады. Жолдауда көрсетілген көптеген міндеттер жүзеге асатын болса, еліміздің одан әрі көркейері даусыз.
300-ге жуық адам жұмыс істейтін «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ-ның филиалы – Қазалы темір жол ауруханасының ұжымы осы жылы да іскер басшы Қ.Ршымбетовтың басшылығымен елге медициналық қызмет ету бағытында жаңа емдік-диагностикалық әдістерді практикаға енгізді, аурухана базасы жаңартылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары ойдағыдай атқарылды. Мамандар біліктілігін арттыруға да жете мән берілді. Алғаш рет миға, жамбас буынын ауыстыру бойынша операциялар жасалды. Ауруханадан 2,5 мыңдай, күндізгі стационардан 1 мыңға жуық сырқат емделіп шықты.       

Серік АДАЕВ,
«Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ-ның филиалы –
Қазалы темір жол ауруханасы директорының емхана бойынша орынбасары,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы,
Қызылорда облысы

Сурет www.zharar.com сайтынан алынды
28-11-2014, 12:44
1 931 просмотров
Нашли ошибку?