» » Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)

Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)

Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
          Ардақты ақ халатты абзал жандар!
          
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, қадірлеген. Елеулі еңбектеріңіз ерекше құрмет пен сенімге ие. Себебі сіздерді әрқашан жоғары жауапкершілік, халыққа қызмет жасау,көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге даяр тұру сияқты қасиеттер ерекшелендіріп тұрады.
          Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіптеріңіздің беделін арттыру, тиімді еңбек етуге қажетті барлық жағдайларды туғызу үшін көп жағдай жасауда. Ұлт саулығы, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мен мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналды. Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық –алғашқы медициналық санитарлық көмекті дамыту мақсаты қойылды.
          Дәрігерлер қауымының өңіріміздегі денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесін реформалауға үлкен талпыныс жасалуда. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған  100 нақты қадамы соның айқын көрінісі. Ондағы ортақ мақсатымыз медициналық көмекті қолжетімді, дәрігерлік қызметті сапалы ету. Емдеу мен диагностика жасаудың тың технологиялары енгізіліп жатыр.
    Өткен жылдың соңында, биыл  күрделі аппараттар: екі УДЗ аппараты, стоматологиялық аппарат, екі ота жасау столы, оның біреуі R- негативті стол, екіншісі «С –дуга» рентген диагностикалық аппараты, өкпені жасанды демалу аппараты, тропонин анықтау аппараты, екі гематологиялық анализатор алынды.
           Осы орайда Қазалы теміржол ауруханасы бойынша көптеген іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда,  компьютерлік томограф аппаратымен 3 мыңнан астам тексерулер, эндовидеохирургиялық комплекс арқылы 47 лапароскопиялық ота, лизинг жолымен алынған «С –дуга» рентген диагностикалық аппараттың көмегімен бірнеше травматологиялық-диагностикалық зерттеулер, УДЗ аппаратымен стационарлық науқастарға ақысыз қызмет көрсетіліп,2014 жылы 4779 зерттеулер, оның ішінде 55 эхокардиография, 2015 жылдың 5 айында 1929 кардиография жүргізілді, бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға гемодиализ бөлімінде 5 аппаратпен 200 мыңға жуық емшара жасалды. Жансақтау бөліміне өкпені жасанды желдету аппараты, пульсоксиметрлер, жіті коронарлық синдромдарын, инфаркт белгілерін ерте анықтайтын тропанин экспресс-әдіс анализаторы және 15 параметрлі биохимиялық анализаторлары, ингаляциялық наркоз аппараттары қолданылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қабылдау, жансақтау, терапия бөлімдері мен ЭКГ-кабинетіндегі 3 және 6 арналы 4 электрокардиографпен жұмыс істеуді әрбір кезекші мейіркеш меңгерген. Арнайы дайындықтан өтіп, қажетті аппаратурамен қамтамасыз етілген тәжірибелі маман-нейрохирургтар компьютерлік томографтың көмегімен науқастардың бас ми қан тамырларының ауруларын анықтап, күрделі нейрохирургиялық оталар жасады, барокамера, плазмаферез жұмысы жалғасын табуда.
          Физиотерапиялық бөлімше қосымша жаңа типті биоптрон, аяқ- қол- бас уқалайтын массажерлер, мойын-кеуде-бел омыртқаларын созғыш, Бернар тогы, электроұйқы, акупунктура және оттегі коктейль аппаратураларымен қамтамасыз етілген.  
          Сонымен бірге аурухана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға үлкен көңіл бөлінуде. Биылғы жылдың өзінде 48 маман, оның ішінде 13 дәрігер және 35 мейіркеш қайта даярлықтан және білімін жетілдіруден өтті.
Атап айтатын болсақ қайта даярлықтан өткен мамандар: нейрохирург (ересектер, балалар), гирудотерапевт, трансфузиолог, дерматовенеролог, эндокринолог, эндоскопист, УДЗ дәрігері, балалар невропатологы, дәрігер балалар хирургы, дәрігер педиатр.
Білімін жетілдірген мамандар: дәрігер акушер-гинеколог, дәрігер стоматолог, дәрігер хирург, кардиолог (ересектер, балалар), жалпы тәжірибиелі дәрігер, дәрігер терапевт, жүректі УДЗ, баланың туа бітті ақауларын УДЗ арқылы зерттеу дәрігері, барокамера маманы, пациентті қолдау және аудит қызметі маманы, инженер, есепшілер және орта буын қызметкерлері- физиотерапия мейірбикесі, хирургия мейірбикесі, классикалық массаж, бактериологиялық зертханашы, жалпы тәжірибелі мейірбике, жалпы тәжірибелі фельдшер, акушерка, ЭКГ мейірбикесі.
Мекемедегі 42 дәрігердің 50,5 пайызының, 160 орта буын медицина қызметкерінің 31,4 пайызының біліктілік санаттары бар.
    «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы сәтті іске асуда. Тіркеудегі халық саны 21788 дейін өсті, 3 жалпы тәжірибелік дәрігерлік, 5 терпевтік, 4 педиатрлық және 3 өндірістік аймақтар халыққа қалтқысыз қызмет етуде.
«Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жұйесі» бағдарламасы бойынша осы жылдың 5 айында аурухананың 100 төсектік  тәуліктік бөлімінен 1554 науқас, ал стационар алмастырғыш көмек бөлімінен  650 науқас емделіп шықты.
          Аурухананың материалдық-техникалық базасын одан ары нығайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Аурухана, емхана  негізгі ғимараттарының сыртқы қабырғалары 1500 ш.м. сыланып, әрленіп және кафельденді, бөлімшелерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, қол жуғыш крандары ауыстырылып,бөлімшелерге ыстық су кіргізілді, екі сұйық отынмен жылытылатын жылу қазандығы және үш автоматты кір жуғыш машина жаңадан орнатылды.
           Мекеменің заманауи құралдармен жабдықталуы, жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, әр отбасының, әр азаматтың денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде.
           Алдағы уақытта да халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын және мекеменің материалдық-техникалық базасын одан ары жақсарту бағытындағы іс-шаралар өз жалғасын табады. «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» бағдарламасына сәйкес кіші кәсіпкерді қолдау аясына байланысты емханаға қосымша диагностикалық ғимарат салынып беріледі, флюорокабинеттерге сандық флюорографиялық аппараттар орнатылады, отоларингология, офтальмология және гинекология кабинеттеріне диагностикалық-емдеу комплекстік аппараттары қойылады, мамандарды қайта даярлау және олардың білімін жетілдіруге қаржы бөлінеді, негізгі және шаруашылық ғимараттарының жөндеу жұмыстары жалғасады.
          Әріптестеріміздің көп жылғы қажырлы еңбектерінің нәтижелері жоғарғы басқару, жергілікті атқару және саяси-қоғамдық органдары тарапынан ескеріліп, медицина қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 28.05.2015 жылғы № 400 бұйрығымен филиал директорының орынбасары Дәрібай А.А. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, 13 қызметкер, оның ішінде: Байбазарова Ш.К.- аймақтық дәрігер педиатр, Сейтмамбет Қ.Қ.- реанимация бөлімінің мейірбикесі, Мырзагулова Г.Т.- балалар бөлімінің мейірбикесі «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» Акционерлік қоғамының құрмет грамотасымен, Утеулиев Ж.- дәрігер стоматолог, Ерниязова З.- жалпы тәжірибиелі дәрігер, Алмагамбетова  Р.- қабылдау бөлімінің жауапты мейірбикесі, Уриналиева Г.- емхана бөлімі хирургия бөлмесінің мейірбикесі  Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамотасымен,  Куанышбаев Ж.- дәрігер анестезиолог реаниматолог, Сырымбаева Ф.- есепші Қызылорда бөлімшелік теміржолшылар  кәсіподағының  құрмет грамотасымен марапатталып,  Досбергенова Ж.- аймақтық дәрігер педиатр, Орманова С.- емхана мейірбикесі Қазалы ауданы әкімінің алғыс хатына, Елюбаева И.- неврология бөлімінің жауапты мейірбикесі, Оржанова Г.- емхана бөлімінің аймақтық мейірбикесі «Нұр Отан» партиясының алғыс хатына ие болды. Сонымен бірге аурухана әкімшілігі мен кәсіподағы тарапынан  35 қызметкер 5000-15000 тенге аралығында ақшалай сыйлықпен, 15 қызметкер құрмет грамотасымен, 40 қызметкер «Қазалы» газетінің басылымына тегін жазылумен марапатталды.   
          Құрметті әріптестер!    
          Біздің биылғы кәсіби мерекеміз Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы, еліміздің Конституциясының 20 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты тарихи маңызды оқиғалардың қарсаңына тұспа-тұс келіп отыр.                                                       
          Біздің әрқайсысымыз өмір мен денсаулықтан артық құндылық жоқ екенін түсінеміз. Дәл осы баға жетпес құндылықты сақтап қалуға негізделетін аса жоғары жауапкершілік Сіз бен бізге жүктеледі.
          Қазақта «Тәні саудың жаны сау» аталы сөз бар. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып табылады. Бұл жолда Сіздер аянбай тер төгіп келесіздер. Сіздердің шипалы қолдарыңыздың арқасында өмірден күдер үзген талай науқас жарық дүниеге қайта оралды. Бүгінгі мерекеде осындай игілік нұрын сеуіп, халық денсаулығын жақсарту жолындағы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Сөзсіз Сіздердің толассыз қызметтеріңіздің өлшемінде қуанышымен қауышқан талай адамдардың тағдыры тұр. Алдағы уақытта адам тәнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін Сіздерді халыққа қалтқысыз еңбек етеді деп сенемін.
           Барлық медицина қызметкерлері мен өз әріптестерімді кәсіби төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, дендеріне саулық, баянды бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш-қайрат, отбасыларына береке-бірлік,  амандық тілеймін. Игілікті істеріңізге деген адалдықтарыңыз, азаматтардың денсаулығы үшін аянбай жасап отырған қызметтеріңіз баянды болсын.
          
Құрметпен, Құбыл Ршымбетов,
«Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» Акционерлік қоғамының филиалы- Қазалы теміржол ауруханасының директоры
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
19-06-2015, 14:59
1 967 просмотров
Нашли ошибку?