Қазалы теміржол ауруханасы жаңа құралдармен жабдықталды
Теміржол ауруханасы жергілікті ауданның тұрғындарына және Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарында тұратын теміржолшыларға, олардың жанұяларына, теміржолшы зейнеткерлерге көпсалалы мамандандырылған, алғашқы медико-санитарлық, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсетеді. Мұнда кәсіби деңгейі жоғары дәрігерлер жұмыс жасайды. Өткен жылы 2 385 емделушіге қызмет көрсетілді. - Осы құрылғылардың арқасында өт қалтасына және кистомаға, аппендицитке лапароскопиялық жолмен, компьютерлік томограф, УДТ және «С-дуга» рентгендиагностикалық кешені көмегімен оталар жасау енгізілді, барлық клиникалық биохимиялық сараптамалар анализаторларда жасалады. Сондай-ақ реанимациялық бөлімшеде шұғыл науқастарға қысқа мерзімде диагноз қою мен оларды уақытылы емдеуге мүмкіндік туды, - дейді аурухананың бас дәрігері Құбыл Ршымбетов. Айта кетейік, биылдан бастап ауруханада нейроинсульттік және оңалту
бөлімшесі ашылмақ. Қазірдің өзінде нейроинсульттік науқастарды дер кезінде
қабылдап, жедел медициналық көмек көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтар мен
құрылғылармен, дәрі-дәрмектермен, тасымалдауға арналған арбалармен және
лифтімен толық жабдықталған. Үлкен және кіші операциялық залдар тәулік бойы
нейрохирургиялық операциялар жасау үшін дайындалып, арнайы жабдықтармен
қамтамасыз етілген. Реанимациялық-анестезиологиялық бөлімше 6 төсекке
кеңейтіліп, осы заманғы қондырғылармен жабдықталған нейрохирургиялық
операциялардан кейінгі 4 төсектік палата ашылды.
Автор:Елубай Әуезов |