ТҰРҒЫНДАР САУЛЫҒЫ ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА
Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі М. Ергешбаев БАҚ өкілдеріне өңірдегі медициналық қызмет бағытындағы жұмыстарды да тарата айтты.
Ауданда 1 аурухана, 1 орталық, 2 ауылдық емхана, 1 қалалық құрылымдық бөлімше, 16 дәрігерлік амбулатория және 18 медициналық пункт ел саулығын сақтау жолында жұмыс жасайды.
Биыл сәбилер шетінеуінің көрсеткіштерінде төмендеу тенденциясы байқалды.
Сондай-ақ, жуырда ауданда 150 орындық аурухана пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау мәселелері шешілуде. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен «Ангиограф» медициналық аппараты алынып, Ресей мамандарымен келісім жасалынды. Қазір жаңа ғимаратқа қондыру жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа аурухана жанынан аудандық емхана салу жоспарлануда. 250 келушіге арналған емхана құрылысын салу жобасының құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 16,7 млн.теңге бөлінді.
https://syr-media.kz/news/980-tryndar-saulyy-traty-nazarda.htmlҚАЗАЛЫДА ҚАРҚЫНДЫ ІСТЕР КӨП
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған жолдауында 2050 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігін атап көрсеткені баршаңызға мәлім. расында да, дені сау ұрпақ – қоғамның байлығы.
Сыр өңіріне арнайы іссапармен келген Елбасы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Мемлекет басшысының ұрпақ болашағы үшін білім саласының алдына қойған 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту, үш ауысымдық білім беруді болдырмау, апатты мектептер орнына жаңа мектептер құрылысын салу жөніндегі негізгі үш тапсырмасы Қызылорда облысында мерзімінен бұрын толықтай орындалды.Сонымен қатар, биыл апаттық жағдайдағы мектептердің мәселесі толығымен шешілді. Балабақшалардың 71 пайызы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс жасауда. Соңғы 4 жылда мұндай балабақшалар саны екі есеге артты.Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында бүгінде 452 түлек грант негізінде білім алуда.
Денсаулықсаласы да қарқынды дамуда. Осы жылы «Денсаулық» бағдарламасын орындау аясында медициналық ұйымдардың медициналық техникамен қамтамасыз ету көрсеткіші 45,19% -дан 73,4% -ға дейін өсті.
Мұның бәрі біздің аймақтағы білім мен денсаулық сақтау салаларына ерекше мән берілуінің нақты көрсеткіші. Қазалы ауданының барлық ауылдарында денсаулық сақтау орындары жаңадан салынған. Аудан орталығынан типтік жобадағы 150 орындық аурухана ғимараты бой көтеріп жатыр. Жаңадан салынып жатқан аурухана құрылысының соңғы жұмыстары жүргізіліп жатыр. 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұдан өзге денсаулық сақтау саласында қандай өзгерістер мен жетістіктер жайлы Қазалы аудандық аурухана басшысы Күншығар Әбіловтен сұраған едік.
– Күншығар Әбілұлы, әңгімемізді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасынан бастасақ...
– Аталған бағдарлама аясында Қазалы ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді дәрігерлік көмекпен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары, скринингтік бақылау мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау саласы бойынша жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі күні амбулаториялық-емханалық қызметі бар орталық ауруханаға аурухана, орталық емхана, 2 ауылдық емхана, 1 қалалық құрылымдық бөлімше, 14 дәрігерлік амбулатория және 3 фельдшерлік-акушерлік бекет, 15 медициналық бекет қарайды.
Халыққа 145 дәрігер мен 763 орта буын медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетеді.
Соныменқатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және даму министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігінің арасындағы облыс тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған меморандумының нысаналы көрсеткіштеріне сәйкес Қазалы аудандық орталық ауруханасының мақсатты индикаторлары және көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында халыққақолжетімді жұмысты ұйымдастыру жүзеге асырылуда, «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы алдын ала дәрігердің қабылдауына жазылып, уақытылы кезексіз қызмет көрсетілуде. Жалпыайтқандаденсаулықсақтаусаласыдамыпкеледі.
– Биыл денсаулық сақтау саласына енген жаңалық, яғни, медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі ауданымызда қалай жүзеге асуда?
– Қазалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 4 қарашадағы №345-ші өкіміне сәйкес «100 нақты қадам»Ұлт жоспарының денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму саласы бойынша түсіндіру штабы құрылып, штаб ережесі бекітілді. Штабтың негізгі міндеттерінің бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге, еліміздегі демографиялық ахуалға анағұрлымәсер етуші аурулардың 5 тобы бойынша медициналық көмек көрсетудіңинтеграцияланған моделін енгізу.
«100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылуын ұйымдастыруға штаб мүшелерімен бірге орталықа урухана қызметкерлерінен жұмысшы топ құрылып, тұрғындар арасында ақпараттықтүсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Халықтың әлеуметтік статусын анықтауда да жұмыстар атқарылып жатыр.
– Ана мен бала денсаулығы аса маңызды. Жүкті және босанатын әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру және ана мен бала өлімін төмендету мақсатында қандай шаралар жасалуда?
– Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Отбасын жоспарлау бөлмелерінің жұмысын жетілдіру туралы» және «Жасыл дәліз» бұйрығы негізінде емханада арнайы жүкті әйелдерді тіркеу орны ашылды. Тіркеу бөлмесінде жүкті әйелдерге психолог маман кеңес беруде.
Ауданымызда ана өлімі тіркелмеген. Ұрпақты болу жасындағы әйелдер жыл сайын профилактикалық бақылауданөткізіліп, электронды базаға салынуда. Сәбилер арасында өлім-жітімді азайту және аурушаңдықты төмендету мақсатында емдеу мекемелерінде КЗР, отбасын жоспарлауресурстық орталық, жас аналар мектебі ұйымдастырылып, жұмыс жасалуда.
– Жыл өткен сайын аурухананың материалдық-техникалық базасы жақсарып келе жатқанындығын естіп-біліп жүрміз. Биылғы жылы қандай медициналық аппараттармен толықты?
– Иә, дұрыс айтасыз. Жыл сайын медициналық аппараттардыңжаңа легі алынуда. Мәселен, 2017 жылы 3 ЭКГ аппараты, пациент мониторы, 2 микроскоп, 3 рецикулятор сәулелендіргіші, ИВЛ – HAMILTON – C-1 – 2 дана лизинг әдісі бойынша, ранимациялық балалар керуеті, ВМЗ пациент мониторы, 3пульсоксиметр, ота шарықшамы, жаңа туылған балаларды қайта тазалайтын үстел, ауа реттегіш центратор алынды.
– Тұрғындар асыға күтіп жүрген жаңа аурухана ғимараты қашан пайдалануға беріледі?
– Әйтеке би кентіндегі 150 төсектік орталық аудандық аурухана құрылысының жоба-сметалық құны 4285,3 миллион теңге. Жобалаушы «Крез-Сервис» ЖШС. Техникалық қадағалаушы «СК Энерго-OIL» ЖШС. Бас мердігер «КАЗҚұрылысСервис» ЖШС. 2016 жылға республикалық бюджеттен 200,0 миллион, облыстық бюджеттен 20,0 миллион теңге бөлінді.
Жаңа аурухана пайдалануға берілгенде толық заманауи медициналық құралдар мен жабдықталмақ. Облыс әкімінің қолдауымен «Ангиограф» медициналық аппараты алынып, Ресей елінің мамандарымен келісім жасалынып, жаңа ғимаратқа қондыру жұмыстары жүргізілуде. Аурухана жуық арада ашылады деп күтілуде.
Оқырманға түсінікті болу үшін ангиограмм аппаратына тоқтала кетейін. Бұл құрылғы медицинада ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді. Ангиграф жүрек-қан тамырлары диагностикасына аса қажет. Бүгінгі күні көптеген медициналық мекемелерде ангиограмманың сандық форматтағы түрін көп пайдаланады. Рентген жүйесінде пайдаланылатын құрылғы буын және жұмсақтіндерде болатын түрлі процестерді көруге мүмкіндік береді.
– Жаңалықтарыңызбен бөліскеніңізге рахмет.
Сұхбаттасқан Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
http://syrboyi.kz/suhbat/15621-azalyda-aryndy-ster-kp.htmlЖАС ДӘРІГЕР ЖОҒАРЫ МАРАПАТ АЛДЫ
«Болашағымыз – бірлікте» форумында антына адал дәрігер, облыстық медицина орталығының невропотолог дəрігері - Мараш Жүсіпбекова, "Үміт пен сенім" номинациясымен марапатталды. Бұл марапаттың орны ерекше.
Себебі, Мараш Жүсіпбекова жастығына қарамай, медицинаның нағыз майданында еңбек етіп жүр. Ол - инсульт алған науқастарға, әсіресе ауыр науқастарға бар жан-тәнімен, ақ жүрегімен көмек көрсетеді. Күндіз -түні науқастың қасында жүрсе де, аудандардан түскен ауыр науқастарға арналған шақыруларға кете береді. Мараштың дәрігердің бір аптаның ішінде 4 рет ауданға барып көмек көрсетіп, 3 күн бөлімшеде жүргеніне куә болғанбыз. Ешқандай шаршамайтын, өз ісіне белірген дәрігер деп айтуға толық негіз бар.
Мамандығыңызды сүйсеңіз - Мараш Жүсіпбекова сынды сүйіңіз. Жалпы осы Мараш жұмыс жасайтын инсульт бөлімінің дәрігерлері - Баешов Рүстем, Төлепов Асхат, Оспанов Бауыржан, Қаленов Рахымжан, Ибраев Қайрат, Еркін Жаңабайұлы, Зухра Алмасқызын және барлық орта, кіші буын қызметкерлерінің осы құрметке лайық деп бағалауға болады.
https://aqmeshit-aptalygy.kz/kogam/887-zhas-drger-zhoary-marapat-aldy.htmlТөтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді
Ағымдағы жылдың 31 қазанында Қызылорда облысы әкімі Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы болып өтті. Аталмыш отырыс барлық аудан әкімдері мен облыстық әкімшіліктің басқарма және бөлім басшылары және басқа да мүдделі органдардың қатысуымен селекторлық режимде өтті.
Күн тәртібі бойынша ««Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» мемлекеттік бағдарламасы Жол картасының жүзеге асу барысы туралы» мәселе қаралды.
Осы сұрақ бойынша облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.С.Сермағамбетов баяндады: «Ағымдағы жылы көктем айларында «2017-2020 жылдарға арналған ««Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасы қабылданып, 4 министрдің бірлескен бұйрығымен бекітілді. Аталған жол картасына облысымыздан барлығы 19,3 млрд. теңгені құрайтын 155 жоба енгізіліп отыр.»
Одан соң облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы А. Д. Төлешевтің «Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2017-2018 жылдардың қыс-көктем кезеңдеріндегі су тасқынының алдын алу шараларына күш-құралдардың дайындығы туралы», «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының директоры Б. С. Арыстанбаевтың ««Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» мемлекеттік бағдарламасы Жол картасының жүзеге асу барысы туралы» «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының атқарған жұмысы жөнінде» баяндамалары тыңдалды. Сонымен бірге, аудан әкімдері тындалды. Отырыс соңында облыс әкімі аталмыш бағытта бұдан әрі жұмысты жалғастыру үшін нақты тапсырмалар берді.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
http://syrboyi.kz/kogam/14798-ttenshe-zhadaylardy-aldyn-alu-zhne-zhoyu-zhnndeg-oblysty-komissiyany-otyrysy-tkzld.htmlМҮГЕДЕК ЖАНДАРҒА ҮМІТ СЫЙЛАҒАН ОРТАЛЫҚ (video)

Қызылордадағы мүгедектерге арналған оңалту орталығы талай мүмкіндігі шектеулі жандардың үміт отын жағып, оларға екінші өмір сыйлап келеді. Бес жыл ішінде емдеу мекемесінде мүгедек арбасына таңылған 119 адам аяққа тұрып, жүру қабілетіне ие болды.
«Денсаулық фестивалі» мәресіне жетті (video)

Опубликовано: 11 сент. 2017 г.
Сыр өңірінде бір аптаға созылған денсаулық фестивалі акциясы өз мәресіне жетті. Биыл жиырмасыншы мәрте ұйымдастырылған ауқымды шараға қала тұрғындары белсене атсалысты. Ал біздің телеарна «Салауатты өмір салтының жаршысы» номинациясына ие болды.
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ДЕРБЕС ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КҮШЕЙТЕДІ
Қазақстанда 1 шілдеден бастап енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің маңызы зор. Еліміздің барлық аймақтарында бағдарламаның негізгі қағидаларын ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобының мүшесі, «Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Баймахановты әңгімеге тартқан едік.
– Болатбек Бимендеұлы, елімізде МӘМС жүйесін енгізудегі басты мақсат пен оның негізгі себептерін қысқаша түсіндіріп өтсеңіз...
– Негізгі мақсат – мемлекет пен жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы өзара жауапкершілікті, ықпалдастықты қалыптастыру. Бұл әлемдегі озық елдердің тәжірибесінде бар. Қазіргі таңда дүние жүзінде денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың үш жүйесі бар десек, оның бірі мемлекеттік жүйе. Мәселен, Қазақстандағы әлеуметтік саланың, оның ішінде денсаулық сақтау саласына қатысты мәселенің барлық ауыртпалығын мемлекет мойнына алып, қаржыландыру тек бюджет есебінен шешіліп келді. Ауырған жағдайда тегін медициналық көмекке жүгінеді. Демек, халық тарапынан да, жұмыс беруші тарапынан да ешқандай жауапкершілік болған жоқ. Екінші жүйе – сақтандыру компаниясы. Сақтандырудың жеке түріндегі жүйесі Америкада қолданылады. Қазіргі таңда Америкада 30 млн-ға жуық халықтың тегін көмек алу мәселесі күрделі жағдайда. Өйткені, сақтандыру полисін сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Осы қиындықтарды ескере отырып, көптеген елдер мемлекеттік сақтандыру жүйесін енгізіп, оған мемлекетті де, сақтандыру компанияларын да қатыстырған. Елімізде 2018 жылдан енгізілгелі отырған жүйе – осы.
–Бұл жүйе халыққа не береді, қажеттілігі қанша?
– Біріншіден, денсаулық сақтау саласындағы қаржылай тұрақтандыруды қамтамасыз етеді. Сол арқылы халыққа медициналық көмектің барлық түрінің қолжетімділігі артады және түрлі тетіктерді пайдалана отырып, медициналық қызметтің сапасы көтеріледі. Осылайша, болашақта денсаулық сақтау саласының тиімділігі, нәтижелілігі артады. Екіншіден, әр адам қалтасынан өз денсаулығына төлем төлейтін болса, денсаулығына деген жауапкершілігі, мәдениеті жоғарылайды. Сондай-ақ жарна төлеуші емдеу орнынан сапалы қызмет көрсетуді талапетуге құқылы. Құқы болғаннан кейін медицина қызметкерлерінің де, медицина ұйымдарының да жауапкершілігі күшейеді әрі емдеу мекемелері арасында бәсекелестік пайда болады. Үшіншіден, қазір медицина бір орнында тұрған жоқ, жаңа инновация жолға қойылып, өте көп өзгерістер болып жатыр. Есесіне ондай жоғары мамандандырылған кардиохирургия, трансплантация, травматология салалары қомақты қаражатты қажет етеді. Әсіресе, зерттеу, диагноз қою аппараттары, дәрі-дәрмек, құралдар өте қымбат. Жаңа заманға сай ғимараттар керек. Мәселен, біздің орталық ғимаратының 65 пайызының тозығы жеткен. Оның бәрін салуға мемлекеттің жағдайы жоқ. Сондықтан осы жүйе арқылы бұл салаға қосымша қаражат тартып, материалдық-техникалық жағдайды жақсартуға мүмкіндік туады.
– Жүйенің әлеуметтік сақтандыру атануы қандай да бір өзгеріс әкеледі ме?
– Әрине, бұл жерде әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету деген мәселе жатыр. Мәселен, бұл жолды әлемнің қаншама елі таңдап отыр. Себебі, олар әлеуеті жоғары адамдар есебінен әлеуметтік әділдікті шешуді көздейді. Ол біздің қоғамда да бар. Бізде де өте төменгі мөлшерде жалақы алатындар баршылық. Демек, әлеуеті жоғары азаматтардың жарнасы есебінен әлеуеті төмендерді, сау адам ауру адамды емдеуге мүмкіндік бермек.
– Қандай жағдайда бұл жүйенің жүзеге аспауына қауіптууы ықтимал?
– Негізінен төлемдер уақытында түспей жатқан жағдайда. Бес жылдың ішінде үкімет өз мойнына алып отырған қазіргі он миллион адамның көлемі азаяды. Тегін көрсетілетін кепілдендірілген көмектің көлемі де кеми бастайды. Өйткені, уақыт өтіп, жүйе қалыпты жұмыс істеген сайын әлеуметтік маңызы бар науқастар МӘМС жүйесіне өте бастайды. Бұл жерде бақылау тетіктері жақсы ұйымдастырылуы қажет. Ол үшін қорда халықты емдеуге тиісті қаражат болуы тиіс. Өйтпеген жағдайда халықтың дер кезінде медициналық көмек алуға мүмкіндігі болмай, сенімсіздік туады.
Әрине, 90-шы жылдардағы экономикалық ахуалды қазіргі жағдаймен салыстыруға келмейді. Онда жалпы ел экономикасы да, медицина саласы да жаңашыл реформаны жүзеге асыруға толық дайын емес еді. Ең бастысы, төлемдер түспеді. Көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылыққа, басым бөлігі банкротқаұшырады. Оған да жиырма жылдай уақыт өтті. Бүгінгі жағдайымыз мүлдем басқаша. Бүгінде жүйенің тұрақты қызмет етуіне қатысты алғышарттар қалыптасқан. Барлық медициналық мекемелердің мәртебесі белгіленді. Ақылы көмек көрсететін, басқа да коммерциялық мәртебелер айқындалды. Әр аурудың өз тарифі, бағасы да белгіленіп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Компьютерлік жүйеміз бар, халықты емдеу мәселесі кімге үкімет төлейді, кімге жоспарлы кепілдендірілген тегін көмек шеңберінде медициналық көмек көрсетіледі, кімге жұмыс беруші төлейді, барлығы жүйеленді. Бұл көмекті бақылайтын Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау және Медициналық қызмет ақысын төлеу комитеттері жұмысқа кірісуге дайын.
– Жеке меншік емдеу орындарын қатыстыру мәселесі де қарастырылып отыр. Бұл қалай жүзеге асады?
– Соңғы кезде елімізде жеке тұлғаларға медициналық мекемелерді жекешелендіру мәселесіне қатты көңіл бөлінуде. Өйткені, үкіметтіңсоншама мекемені ұстап тұруы қиын.Қазіргі медицина мекемелерінің тозу деңгейі – 75, құрал-жабдықтармен жарақтануы 45 пайызға тең. Оның бәрін жақсартуғаүкіметтен 1 триллионға жуықтеңге қажет. Әзірге, бұл мүмкін емес жағдай. Сондықтан жекешелендіруге берілетін, берілмейтін нысандарды белгілеуде мұқияттылыққажет. Оның өз талаптары болады. Мәселен, жеке тұлғаға берілген жағдайда жалпы белгіленген профильді сақтауға міндетті. Өйткені, халық ертеңодан жапа шекпеуі тиіс. Әр аурудың өз коэффициенті бар, соған қарай ақша төленеді. Ертең кәсіпкер «маған мына ауруды емдеу тиімсіз. Беріп жатқан қаражаттарың шығындыөтемейді, болмаса тиісті тарифті көбейтіңдер» деуі мүмкін. Сонда ол ауру қайда барады? Осындай жағдайлар алдымыздан шықпас үшін жекешелендіруге бақылауды күшейту керек.
– Көпшілікті ауруханаға жатып емделудің тәртібі қызықтырады. Порталдық жүйе сақтала ма?
– Иә, порталдық жүйе қалады. Бұл дүние жүзінде бар тәжірибе. Қай мемлекетте де жоспарлы көмек алуда кезек болады. Өйткені, порталсыз науқастарды реттеп жатқызу мүмкін емес. Бір ұтымдысы, адам өз кезегін тізімнен көріп, келеңсіз фактілер кездессе арызданып, тексерте алады. Мәселен, біздің орталықтың мүмкіндігі жылына 3,5 мың адам. Ал қажеттілік 5-7 мыңға жетсе ше? Мұндай жағдайда кезек күтуге тура келеді. Болмаса басқа емдеу мекемелеріндегі стационарлық көмектің деңгейін көтеруге, сондай-ақ облыс орталықтарында жоғары мамандандырылған көмек көрсетуге жағдай жасау керек. Ал негізгісі әрі бастысы, емханалық-амбулаториялықжағдайда медициналық қызмет көрсетуді жолға қою керек. Қазір емханаларға үлкен көңіл бөлінуде, бірақ ондағы қызмет түрі өз деңгейінде болмағандықтан, халықтың сенімділігі төмендеу. Өйткені, емхана жағдайында дәрігерлер жетіспеушілігі орын алған. Бар дәрігерлерге жүктеме көп. Мәселен, шетелде жалпы тәжірибелік дәрігерге бір жарым пациенттен келсе, бізде үш мыңнан асады. Сондықтан ауруды дер кезінде анықтауға мүмкіндік төмен. Содан да шығар, халық бірден стационарда жатып емделуге өте ықыласты. Енді келесі жылдан енгізілетін МӘМС жағдайында осы жүйені жүйелі жолға қою – емханаларға мамандар тарту, сонымен қатар емханалықкөмекті мүмкіндігінше науқастарға жақындату, стационарлық көмекті үй жағдайында алуды ұйымдастыру мәселесіне басты көңіл бөліну көзделген. Егер осының бәрі ескеріліп, емханалық-амбулаториялық қызмет өз деңгейіндеқалыпты жұмыс істейтін болса, онда халықтың 50 пайызға жуығына стационарға бармай-ақ емделуге мүмкіндік тумақ.
Әңгімелескен Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«ЕгеменҚазақстан».
http://syrboyi.kz/suhbat/13148-medicinaly-satandyru-derbes-zhauapkershlkt-ksheyted.htmlМЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН АЛУ ҮШІН БІР АУРУХАНАҒА ТІРКЕЛУ КЕРЕК
Қазақстандықтар медициналық көмектен тысқары қалмау үшін таңдау жасауы тиіс. Бірінші айдың қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 70 млн теңге түсті. Бұл сіз бен біздің ақшамыз.
Ол қаражатқажеке меншік емханаларқызмет көрсететін болады. Ол үшін медициналық мекемеге тіркелу керек, деп хабарлады 31 арна.
Нақты бір ауруханаға қабылдану үшін жеке куәлік пен мекен жай анықтамасын беріп, өтініш жазу керек.
Медициналқ сақтандырудың міндетті талабы бойынша, әрбір қазақстандық нақты бір ауруханаға тіркелуі тиіс.
«Әрбір азамат өзінің қандай категорияға жататынын білуі керек. Ол үшін мемлекет есебінен сақтандыру ақысы төленуі де мүмкін. Мемлекет халықтың әлеуметтік, тұрмысы төмен азаматтарына 14 категория бойынша ақысын төлейді», – дейді Павлодар облысының әлеуметтік медициналы қорының директоры Нұрлан Насимов.
Қазақстандықтар жолда келе жатқанда денсаулығымыз сыр берсе немесе өзге қалада болып қалған жайғдайда ауырсақ қайтеміз де алаңдайды.
Мамандардың айутынша, тегін қызмет түрі арта береді. Мемлекеттік мекемелер ғана емес, жеке меншік емханалар да тегін қызмет көрсетеді. Ол үшін әр адам ай сайын 780 теңге төлеп тұруы керек.
http://zhalagash-zharshysy.kz/meditsinaly-sa-tandyru-yzmetin-alu-shin-bir-auruhana-a-tirkelu-kerek/Дүйсенова: Медициналық сақтандыру көмегі жалақы көлеміне қарамайды
Дилара ИСА
Тамара Дүйсенова, еңбек және халықтыәлеуметтікқорғау министрі. Шымкент, 2 тамыз 2017 жыл.
СЫР МЕДИЦИНАСЫ өзге өңірлерден көш ілгері
Үкімет басшысы бастаған делегация құрамында облысқа келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұмыс сапары барысында бірқатар денсаулық сақтау нысанын аралады.
Министр алдымен жылына 11-12 мыңнан аса нәресте өмірге келетін облыстық перинаталды орталықтың жұмысымен танысты.
Орталық 2014 жылы пайдалануға берілді. Өткен жылы қалалық перзентхана мен облыстық перинаталды орталық біріктіріліп, үш деңгейлі өңірлік әйелдерді босандыруға көмек ұйымы ретінде тіркелді. Орталықтың жалпы төсек қоры 440 болса, оның 200-і босану бөлімінде, 60 төсек патология бөлімі, гинекология 60 төсекке арналған, нәрестелер патологиясы 50 төсек және 100 төсек нәрестелер бөліміне қарасты. Өткен жылы 30 төсектік босанғаннан кейінгі оңалту бөлімі қосылды. Мұнда 238 медицина қызметкері жұмыс жасаса, оның 32,1 пайызы дәрігерлер, 67,8 пайызы орта буын қызметкерлері. Былтыр сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер гинекологиясы кабинеті мен жаңа туылған нәрес¬телердің офтальмология кабинеттері ашылды.
Онан соң министр №3 қалалық емханада болды. Ауысымында 500 ке¬лушіге арналған ем¬ха¬наның 113 кабинетінде 25 дәрігерлік көмек көр¬се¬тіледі. Материалдық-тех¬никалық базасы толық жарақтандырылған. 58 мың тұрғынға медициналық қызмет көрсететін емдеу-алдын алу мекемесінде 6 терапевтік, 4 педиатрлық, 5 гинекологиялық және 20 жалпы тәжірибелік аймақ орналасқан. Ағымдағы жылы емханада амбулаторлы-хирургия орталығы ашылса, былтыр қала тұрғындары үшін нейрореабилитация бөлімшесі, «Отбасын жоспарлау», «Жас аналар», «Дені сау бала» және «Ресурс орталығы» кабинеттері ашылып, жұмыс жасауда.
Министр Елжан Біртанов МӘМС жүйесіне байланысты республика көлемінде «Емханаға тіркел де, өз мәртебеңді анықта!» ұранымен өткізіліп жатқан науқанның қалай жүргізілгенін сұрап, тұрғындардың әлеуметтік мәртебесінің қаншалықты анықталғанына назар аударды.
Бүгінде емханада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты тұрғындарды тіркеу аяқталып, мәртебесі анықталған. Атап айтқанда, «мәртебесі жоқ азаматтар» 16 пайызды құраса, жұмыс істейтіндер – 27,9, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 4,6, әлеуметтік осал топтар 54,4 пайызды құраған.
Республикада екінші болып пилоттық жобаға енген облыстық жедел жәрдем көрсету орталығының қазіргі жұмысымен танысқан Елжан Амантайұлы бірқатар мәселені талқылады.
Жалпы, пилоттық жоба аясында облыстың жол картасы бекітілген. Осыған орай бірқатар жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, жедел жәрдем стансасының материалдық-техникалық базасы жақсартылса, орталық жанынан бірыңғай медициналық СаІІ орталығы және санитарлық авиация орналастырылды. Онан бөлек, Қызылорда қаласы мен 7 аудан тұрғындарының байланысу қоңыраулары АСУ «Көмек» бағдарламасы арқылы «103» бірегей диспетчерлік орталығына енгізілген, ол үшін жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Сондай-ақ, қалалық, аудандық жедел жәрдем бөлімшелеріндегі барлық көлікке GPS навигаторы орнатылған.
Денсаулық сақтау министрі сонымен бірге «NOVA» жекеменшік медициналық орталығында болып, ондағы МРТ, УЗИ, рентген диагностикасы, ЛОР, невропатолог, функционалды диагностика секілді бөлімдерінің жұмысымен танысты және бәсекелестік ортаның дамуына оң бағасын берді.
Елжан Біртановтың облысқа жұмыс сапары «ҚазГерМұнай» кәсіпорнында ірі компания өкілдерімен, кәсіпкерлермен кездесумен қорытындыланды. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов жүргізіп отырды. Жиында министр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің маңыздылығы жайында кеңінен түсіндірді. Сонымен бірге, жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ төрайымы Елена Бахмутова қатысты.
– МӘМС жүйесі мемлекет, жұмыс беруші және азаматтар арасындағы ынтымақтастық қағидаларына негізделген. Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарына, жұмыс берушілер – жалдамалы қызметкерлеріне, ал жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздеріне жарна төлейтін болады. Осылайша, бірлескен жауапкершілік негізінде қаражаттарды тиімді бөлу қағидасы іске асырылады. Жүйенің әрбір қатысушысы өзіне қажетті медициналық және дәрі-дәрмек көмегін алады, бұл азаматтардың жарнасының сомасына байланысты емес, міндетті медициналық сақтандыру пакеті барлығына бірдей. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап, яғни, бір-екі күннен кейін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды төлей бастайды, ал 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет пен белсенді емес халық, 2019 жылдан бастап жалдамалы жұмыскерлер жарна төлейтін болады,– деді Е.Біртанов.
Жалпы, министр журналистерге берген сұхбатында облыстың денсаулық сақтау саласында оң өзгерістердің, біршама жетістіктердің барын айтты. «Мәселен, аймақта ана өлімінің тіркелмеуі, бала өлімінің төмендеуі сала жұмысының негізгі көрсеткіштері, осыған қарап облыстың денсаулық сақтау саласында ілгерілеушіліктің барын көріп отырмыз»,– деді Е.Біртанов.
Айнұр БАТТАЛОВА.
http://syrboyi.kz/negizginews/12287-syr-medicinasy-zge-rlerden-ksh-lger.html