Медициналық сақтандырудың басым бағыттары

Медициналық сақтандырудың басым бағыттарыБіз қазір Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген міндеттерді атқаруға кірісіп кеттік.

Медициналық сақтандыру қоры осы Жолдаудағы ең маңызды деген үш міндетке басымдық беріп отыр. Оның біріншісі:

 

Ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды дамыту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету

Былтыр қараша айында біз қордың мобильді қосымшасын іске қосқан болатынбыз.«МСҚ: Халықтық бақылау» деп аталатын бұл қосымша еліміздегі ауруханалар мен емханалардың қызметін бағалауға мүмкіндік береді. Қосымшаны ұялы телефонға жүктеп, кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде қызмет көрсететін емханалар мен стационарлардың жұмысына баға беруге болады. Онда дәрігер қабылдауына кіруге кеткен уақыт, көрсетілген қызмет сапасы, дәрігер берген емнің түсініктілігі сынды өлшемдер есепке алынады. Сонымен қатар, қосымшаны пайдаланушылар кез келген медицина ұйымы жайлы пікірін еркін түрде жазып қалдыра алады. Алдағы уақытта осы пікірлер негізінде клиникалардың рейтингі жасалады. Ал, бұл азаматтарға еліміздегі ең үздік деген емханалар мен клиникаларды таңдауға көмектеседі. «Халықтық бақылау» қосымшасын Android және iOS платформаларымен жұмыс істейтін телефондарға көшіріп алуға болады.

Мобильді қосымша үнемі жаңартылып, толықтырылып отырмақ. Алдағы уақытта оған емханаға тіркелу, медициналық қызмет сапасын бағалау, медицина ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, дәрігерге жазылу сынды функционалдарды қосу көзделіп отыр.

Екіншісі – кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін оңтайландыру

Жалпы, бұл құжат үкімет тарапынан бекітіледі. Біз өз ұсыныстарымызды әзірлеп өкілетті органға береміз. Бір сөзбен айтқанда, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады деуге болады. Біздің міндетіміз – мемлекет үшін тиімділігі төмен әрі шығыны көп диспансерлік жүйеден бас тартып, оның орнына қашықтықтан диагностика жасау және амбулаторлық емдеу тәсілдерін пайдалану арқылы созылмалы сырқаттарды емдеу жүйесіне көшу.

Алдағы екі жылда Қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттеріне енетін медициналық қызметтерді іріктеумен айналыспақ. Іріктеу барысында медициналық қызметтерге деген сұраныс пен олардың тиімділігі міндетті түрде ескеріледі.

Үшінші мәселе – стационарлық көмектен профилактикаға (аурудың алдын алуға) және өзге де қызмет түрлеріне көшу

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің бағасы қымбат болып келетін стационарлық емге емес, аурудың алдын алуға ден қоюы керектігін қадап айтты. Бұл өте дұрыс айтылған мәселе. Себебі біздің елімізде науқастардың 70 проценті дәрігерге ауруы әбден асқынғаннан кейін қаралады. Салдарынан азаматтардың шығыны мен мемлекет қалтасынан шығатын қаражат бірнеше есе артады. Біз болашақта стационарды алмастыратын қызмет түрлерін көбейтуге, соған басымдық беруге күш саламыз. 2018 жылдан бастап кепілдендірілген тегін медициналық көмекке бөлінетін қаражаттың 5 проценті осы қызмет түрлеріне жұмсалатын болады. Сонымен қатар профилактикалық іс-шаралар ауқымын едәуір арттыру көзделіп отыр.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жайында ҚР Президентінің биылғы Жолдауында халықты сапалы жұмыспен қамту және лайықты әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыру проблемасы да айтылды. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл мәселені шешу үшін азаматтардың мүмкіндіктерін арттыру қажет. Сондай-ақ, Елбасы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу процедураларын жеңілдету керектігін айтты. Яғни, қолайлы жағдай жасалса, азаматтар үшін мемлекет алдындағы міндеттерін қалтқысыз орындау тиімді болары сөзсіз.

Мемлекеттік органдар Президенттің өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты экономикаға жұмылдырып, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту туралы тапсырмасына сәйкес, бірқатар іс-шараларды әзірледі. Атап айтсақ, заң актілерінде «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» деген түсінікті нақтылау, өз күнін өзі көріп жүрген азаматтарды мемлекеттік табыс органдарында тіркеу тәртіптемесін жеңілдету, олардан салық өндіру тәртібін айқындау, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз азаматтарды тіркейтін мекемелер қызметін толығымен цифрландыру, жергілікті атқару органдары мен орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін бір-бірімен ықпалдастыру көзделген. Оған қоса, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға аз мөлшерде жарна төлеп, МӘМС пакетін толық пайдалануға мүмкіндік берілетінін де айта кеткеніміз жөн.



«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда

облысы бойынша филиалының

«Халықты ақпараттандыру және

өтініштерді қарастыру бөлімі».

http://syrboyi.kz/densaylik/17645-medicinaly-satandyrudy-basym-bayttary.html
10-02-2018, 14:57

МӘМС: БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН ҮШ МІНДЕТ

МӘМС: БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН ҮШ МІНДЕТМедициналық сақтандыру қоры мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында белгілеген міндеттерді атқаруға кірісіп кетті. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімі хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, МСҚ Жолдаудағы ең маңызды деген үш міндетке басымдық беріп отыр. Оның біріншісі:

Ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды дамыту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету.

Былтыр қараша айында біз қордың мобильді қосымшасын іске қосқан болатынбыз. "МСҚ: Халықтық бақылау" деп аталатын бұл қосымша еліміздегі ауруханалар мен емханалардың қызметін бағалауға мүмкіндік береді. Қосымшаны ұялы телефонға жүктеп, кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде қызмет көрсететін емханалар мен стационарлардың жұмысына баға беруге болады. Онда дәрігер қабылдауына кіруге кеткен уақыт, көрсетілген қызмет сапасы, дәрігер берген емнің түсініктілігі сынды өлшемдер есепке алынады. Сонымен қатар, қосымшаны пайдаланушылар кез-келген медицина ұйымы жайлы пікірін еркін түрде жазып қалдыра алады. Алдағы уақытта осы пікірлер негізінде клиникалардың рейтингі жасалады. Ал, бұл азаматтарға еліміздегі ең үздік деген емханалар мен клиникаларды таңдауға көмектеседі. "Халықтық бақылау" қосымшасын Android және iOS платформаларымен жұмыс істейтін телефондарға көшіріп алуға болады.

Мобильді қосымша үнемі жаңартылып, толықтырылып отырмақ. Алдағы уақытта оған емханаға тіркелу, медициналық қызмет сапасын бағалау, медицина ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, дәрігерге жазылу сынды функционалдарды қосу көзделіп отыр.

Екіншісі - кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін оңтайландыру.

Жалпы, бұл құжат үкімет тарапынан бекітіледі. Біз өз ұсыныстарымызды әзірлеп өкілетті органға береміз. Бір сөзбен айтқанда, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады деуге болады. Біздің міндетіміз – мемлекет үшін тиімділігі төмен әрі шығыны көп диспансерлік жүйеден бас тартып, оның орнына қашықтықтан диагностика жасау және амбулаторлық емдеу тәсілдерін пайдалану арқылы созылмалы сырқаттарды емдеу жүйесіне көшу.

Алдағы екі жылда Қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттеріне енетін медициналық қызметтерді іріктеумен айналыспақ. Іріктеу барысында медициналық қызметтерге деген сұраныс пен олардың тиімділігі міндетті түрде ескеріледі.

Үшінші мәселе - стационарлық көмектен профилактикаға (аурудың алдын алуға) және өзге де қызмет түрлеріне көшу.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің бағасы қымбат болып келетін стационарлық емге емес, аурудың алдын алуға ден қоюы керектігін қадап айтты. Және бұл өте дұрыс айтылған мәселе. Себебі біздің елімізде науқастардың 70 пайызы дәрігерге ауруы әбден асқынғаннан кейін қаралады. Салдарынан азаматтардың шығыны мен мемлекет қалтасынан шығатын қаражат бірнеше есе артады. Біз болашақта стационарды алмастыратын қызмет түрлерін көбейтуге, соған басымдық беруге күш саламыз. 2018 жылдан бастап кепілдендірілген тегін медициналық көмекке бөлінетін қаражаттың 5 пайызын осы қызмет түрлеріне жұмсалатын болады. Сонымен қатар профилактикалық іс-шаралар ауқымын едәуір арттыру көзделіп отыр.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жайында. ҚР Президентінің биылғы Жолдауында халықты сапалы жұмыспен қамту және лайықты әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыру проблемасы да айтылды. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл мәселені шешу үшін азаматтардың мүмкіндіктерін арттыру қажет. Сондай-ақ, елбасы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу процедураларын жеңілдету керектігін айтты. Яғни, қолайлы жағдай жасалса азаматтар үшін мемлекет алдындағы міндеттерін қалтқысыз орындау тиімді болары сөзсіз.

Мемлекеттік органдар президенттің өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты экономикаға жұмылдырып, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту туралы тапсырмасына сәйкес бірқатар іс-шараларды әзірледі. Атап айтсақ, заң актілерінде "өзін-өзі жұмыспен қамтыған" деген түсінікті нақтылау, өз күнін өзі көріп жүрген азаматтарды мемлекеттік табыс органдарында тіркеу тәртіптемесін жеңілдету, олардан салық өндіру тәртібін айқындау, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз азаматтарды тіркейтін мекемелер қызметін толығымен цифрландыру, жергілікті атқару органдары мен орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін бір-бірімен ықпалдастыру көзделген. Оған қоса, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға аз мөлшерде жарна төлеп, МӘМС пакетін толық пайдалануға мүмкіндік берілетінін де айта кеткеніміз жөн.

https://syr-media.kz/news/1695-mms-basymdy-berlgen-sh-mndet.html

7-02-2018, 15:01

Қазалыда медициналық кеңес отырысы өтті

Қазалыда медициналық кеңес отырысы өтті

Қазалы ауданында өткен денсаулық сақтау жүйесі мекемелерінің медициналық кеңесінде үйлестіру жұмыстарының қорытындысы мен алда тұрған міндеттер назарға алынды. Ақ халатты абзал жандармен болған басқосуға аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары медицина ұйымдарының қызмет сапасына байланысты рейтингін қалыптастыру мәселесі өте оңтайлы шешім екендігін айтып, рейтинг нәтижесін тоқсан сайын шығарып отыруды ұсынды. Сондай-ақ, Жол карталары бойынша енгізілген өзгерістерді ескеріп, сапалы жұмыс жүргізуді, суицидтің алдын алуда ведомствоаралық жұмысты жолға қоюды, бастапқы медико-санитарлық ұйым басшыларының тұрғындар алдында есеп беруін ұйымдастыруды тапсырды.

https://qazaly.kz/zanalyk/1238-azalyda-medicinaly-kees-otyrysy-tt.html
5-02-2018, 14:55

ТЕЛЕМЕДИЦИНА ЕЛГЕ ТИІМДІ МЕ?

ТЕЛЕМЕДИЦИНА ЕЛГЕ ТИІМДІ МЕ?

Елбасы «Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге айрықша назар аудару қажет. Профилактикалық жұмыстарды сауатты ұйымдастырған жағдайда ерте сатыда-ақ аурулардың алдын алуға болады» деп үнемі айтып келеді. Нәтижелі болса, қанеки! Өйткені қазір ауыруға болмайды. Дипломды дәрігер көп, білікті дәрігер аз. Дәрі көп, шипасы жоқ. Дәрігерге алдын ала жазылу да «жыр». Апталап, айлап жазылған кезек дәрігердің қабылдауына барған күні қағаз жүзінде қалады. Емделуші ұзынсонар кезекте сағаттап тұруға мәжбүр. Дәріхана дабизнес. Емханаға ем іздеп барған адам ұзынсонар дәрінің тізімін қолтықтап қайтады. Қаражаты бар науқас жүйелі түрде емделер. Қаржысы жоқ адам салы суға кетіп, дертіне дауа іздеп, емші жағалайды. Емханада емделгеннен, елден сандалған халық көп. Себебі, дертінің диагнозын таба алмай, әр емхананың табалдырығын үмітпен тоздырады. Қыруар қаржыға ақылы аппаратқа түсуден шаршаған науқас, берісіТашкент, арысы Еуропаға сабылады. Өйткені елдегі дәрігерге сенуден қалған. Сенімсіздіктің себебі де сан түрлі.
Олөз алдына бөлек мәселе. Бір қызығы, сол Шығыс пен Батыстағы заманауи медициналық аппараттар қазіргі кезде Қазақстанда да бар. Аурудың себебін анықтайтын – аппарат.

Диагноз қоятын – дәрігер. Жаңа технологияларды да қолданысқа енгізуден шет қалып жатқан кезіміз некен-саяқ. Соның бірі – Ұлттық телемедицина жүйесі. Соңғы жылдары Қа­зақстандағы емханаларға телемедицина жүйесі енгізілді. Мақсат – шұғыл көмек қажет науқасты ажалдан арашалап қалу. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде Ұлттық телемедицина желісі министрлік, 14 облыстағы және Астана, Алма­ты қаласындағы денсаулық сақтау басқармалары, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы, 6 медициналық оқу орнында және аудандық, қалалық ауруханалармен қатар, кардиологиялық орталықтарда, Ана мен бала орталығында шоғырландырылған. Тиімділігі – жедел түрде кеңес беру, шалғайдағы ауыл тұрғындарына дер кезінде жан-жақты мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Басты артықшылығы – ауыр халдегі науқастардың өмірін сақтап қалу. Соңғы екі-үш жылда телемедицина көмегімен 30 мыңға жуық көмек көрсетілген. Алдағы уақытта шалғай аймақтарда жетілдіру оң шешімін табуда. Әсіресе, кардиолог, педиатр, невролог дәрігерлердің бейне­кеңесіне сұраныс көп. Яғни, алыстағы елдімекендердегі дәрігер тап­шылығын телемедицина ар­қылы азайтуға мүмкіндік бар. Кеңес беруші дәрігерлер рент­ген түсірілімін талдап, элек­трокардиограммасын талқылап, оған түсініктеме беріп, ультра­дыбыстық зерттеуді қарастыру арқылы диагнозды нақты қою­ға тікелей атсалысады. Телемеди­цинаның жұмыс істеу тәсілі әлі де жетілдіріп, әсіресе, шалғай ай­мақ­тарда кеңінен қолданысқа енсе, нәтижелі болмақ. Ең бастысы, науқасты да, дәрігерді де аман-есен сақтап қалудың бірден-бір жолы. Мәселен, былтыр 3 қазанда Оңтүстік Қазақстан облыстық ауруханасының жан сақтау бөліміндегі науқасқа Алматыдан шұғыл көмекке аттанған Ан-28 санитарлық авиация тікұшағы апатқа ұшырады. Шымкентке бет алған тікұшақ Алматының іргесіне құлады. Ұшақта болған экипаж мүшелері мен екі дә­рігер оқиға орнында қайтыс болды. Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының акушер-гинеколог дәрігері Талғат Патсаев пен Кардиология мен ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог-дәрігері, профессор Жәнібек Артықбаев Шымкент­те­гі ауыр халдегі науқасқа ем көрсету керек еді. Өкініштісі, араға күн салып, Алматыдан дәрігер күткен алты баланың анасы денсаулығы күрт нашарлап, көз жұмған. Осындай қайғылы жағдайларда алысты қас-қағымда жақындататын, шұғыл көмекті дер кезінде көрсететін телемедицина өте қажет. Науқасты аман алып қалуға септігін тигізеді. Бі­лікті дәрігерлердің көмегін қай өңірде болса да ала алады. Онлайн режимде жүйеге қосылып, аурудың себебін анықтап, талдап, дәл диагнозын қойып береді. Медициналық емдеу мекемелері, емделушілер мен дәрігерлер бір уақытта бас қосып, бірігіп жұмыс істеуіне тиімді.
Телекоммуникациялық, ком­пьютерлік технологияларды пай­даланып, жылдам, сапалы меди­циналық қызмет көрсетіледі. Жоғарыда айтылғандай, шұғыл көмек қажет болса, дәрігер де, науқас та сабылмайды. Емделу­шілерге облыстық, республи­калық деңгейдегі білікті дә­рігер­лер қашықтықтан кеңес беру арқылы аурудың себебін анықтап, тиімді емдеу жолдарын нұсқайды. Елдің шығысынан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке дәрігерлер сандалмайды. Астана мен Алматыдан дәрігер күтіп жатып, жантәсілім ететін нау­қастардың қатары азаяды. Шұғыл көмекке кететін шығын да азаяды. Өмір мен өлім арасында арпалысып жатқандарға дер кезінде көмек көрсетіледі. Қазіргі кезде Ұлттық телемедицина жүйесі 200-ден аса денсаулық сақтау нысанында бар.
Кейінгі жылдары телемеди­цина жүйесі жекеменшік емдеу мекемелеріне де енгізілді. Бұ­дан былай жекеменшік емдеу мекемесінің дәрігері еш кедергісіз өзге әріптестерінен көмек сұрай алады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың пікірінше, телемедицинаның артықшылығы көп. «Телемедицина – түрлі дең­гейдегі дәрігерлердің арасында байланыс құралы. Бүгінде те­лемедицина жүйесі дамып, қатты өзгеріске ұшырап отыр. Оның дәлелі, осы жүйеге дәрігерлердің қатарына емделуші де қосылды. Бүгінгі таңда телемедицинада емделуші мен дәрігер арасындағы ынтымақтастық бағыты дамуда. Телемедицина азаматтардың мүддесін қорғауға да бағытталған» деген еліміздің бас дәрігері қазіргі уақытта халықтың техникалық мүмкіндігі өте жоғары. Үйде отырып, дәрігерден онлайн кеңес алуға болады. Смартфонның көмегімен тікелей дәрігермен бейнебайланыс орната алады. Артықшылығы – біріншіден, емханаға барып, уақыт жоғалт­пайды. Екіншіден, кезек күтпейді. Қажетті дәрігерлік кеңесті онлайн режимде алған соң, дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Уақытын белгілеп, кезегі қашан келетінінен хабардар болып отырады. Емделушіге де, дәрігерге де тиімді. Арыз-шағым азаяды. Тиісті дәрігерлік көмекті тиімді пайдаланады. Дәрігерлердің дөрекілігінің басты себебі – жауапсыздық. «Медицина қыз­меткерлерімен кездескен кезде, емделушілер тарапынан болатын үздіксіз агрессияға шағымдана бермей, олардың ығына жығыла білу керектігін де үнемі айтып келемін. Емделушілер та­рапынан агрессия бар екені сөзсіз. Алайда бүгінде күні мұндай агрессиялардың орын алуына өзіміз де кінәліміз. Өйткені адамдармен жұмыс істей алмаймыз» деген министрдің ескертпесі де орынды.
Телемедицина жүйесі бола­шақта кеңес беру, диагноз нақ­тылаумен қатар, «электронды емделуге» бағытталған. Телеме­дицинаның тарихы әртүрлі тәжіри­белерден бастау алады. Радио, телеграф, телефон арқылы кеңес берудің барлығы дами келе, телемедици­наға жол ашқан. Тер­мин ретінде 1905 жылдары қолданысқа енген. Сол жылдың 22 наурызында профессор Вильем Эйтховен үй жағдайындағы зертханасынан 1500 шақырым қашықтықтағы университеттің емханасымен телефон желісі арқылы электрокардиограмма жасап, сынап көреді. Тәжірибесі нәтижелі шыққан соң, 1906 жылы Archives Internationales Physiologie журналына телемедицинаның тиімділігі жайында мақала жариялайды. Вильем Эйтховен «Шын мәнінде, емхана мен зертхананың арасында әркім өз аймағында отырып, науқастың денсаулығын электронды түр­де талқылауға болады» деп жазады. Дәрігер орыс-жапон соғысында жараланған әс­кери­лерді тез арада емдеуде қа­шықтықтан емдеу орасан зор рөл атқарғанын еңбектерінде атап өтеді. ХХ ғасырда телефон арқылы кеңінен қолданысқа ие болған телемедицина ХХІ ғасырда ІТ технологияның көмегімен қарыштап дамуға бет алған.
Телемедицинаның пайда болғанына бір ғасырдан астам уақыт өткен. Тек тәуелсіздік алған соң, 20 жылдан кейін ғана бізге жетті. Оның үстіне, Қазақстандағы телемедицинаның жетілдіретін тұстары көп-ақ. Емдеудің жаңа әдісі болғанымен, шетелге таңсық емес. Телемедицина аппараты былтыр көненің көзіндей болып EXPO көрмесінде тұрды. Шетелде әлдеқашан көне жәдігерге айналған. Өйткені медицина саласы күн сайын дамуда. Елде телемедицина кеңі­нен дамыса, қазіргідей дәрі­гергерге қаралу «жыр» болмас та еді? Онлайн кеңес алу да оңай болар еді. Телемедицинаны орнымен, тиімді пайдаланып, қажетке жаратсақ, қанеки?!

Майра ЖАНЫСБАЙ

https://aikyn.kz/2018/01/27/40630.html
2-02-2018, 10:01

Сыр медицинасының жарқын жетістігі

Сыр медицинасының жарқын жетістігі

Мемлекеттің басты байлығыадам десек, ұлт саулығын жақсарту арқылы биік мақсатқа жету барша дамыған мемлекеттер ұстанған бас­ты бағыт екені даусыз. «Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасы Н.Назарбаев «Ұлт денсаулығыбіздің табысты болашағымыздың негізі» деп көрсеткен болатын. Осы орайда елімізде тұрғындардың денсаулығын қорғау бағытында Мемлекет басшысының бастамасымен бірқатар бағдарламалар қабылданып, ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Мемлекет басшысының жыл сайынғы қазақстандықтарға арнаған ­Жолдау­ларында «бірінші байлыққа» барынша көңіл бөлініп, саланы дамыту, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселесіне жіті назар аударылып, қаржы көлемі де артып отырғаны белгілі. Бұл Сыр медицинасына да қатысты. Мәселен, облыстың денсаулық сақтау саласын қаржыландыру кейінгі 5 жылда 26,7 процентке артып, былтыр 44,04 млрд теңгені құрады. Қаржыдан қағажу көрмей келе жатқан салада осылайша жыл сайын алдыңғы қатардағы технологияларды енгізуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, профилактикаға, науқастарды ­диагностикалау мен емдеуге, жалпы, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге жан-жақты мүмкіндіктер тууда. Олай болса, соңғы 5 жыл бедерінде сырбойылықтар саулығын сақтаудағы сала жетістіктерін тарқатсақ...

Байқоңырлықтар көптен күткен қуаныш

Облыс әкімдігітарапынан салаға деген қамқорлықтың артуы Байқоңыр қаласындағыкөпшілікті көптен күпті еткен мәселелердің оң шешімін табуынасеп болды. Атап айтқанда, жұлдызды қалашықта 2010 жылдан бері тұрған перзантхана ғимаратына 2014-2015 жылдары қайта жөндеу жұмыстарыжүргізіліп, тұрғындар игілігінеберілді. Ресей-Қазақстан тараптарыарасындағы ұзақ келіссөзбарысында 2016жылы Байқоңыр қаласындақазақстандық медициналық ұйым ашу туралы келісімге қол жеткізілді. Осының негізіндемұнда тәжірибелік режимдекөпсалалы аурухана – облыстық медицинаорталығының филиалы ашылды. Бұл мекеме Байқоңырқаласы мен Төретам, Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналықкөмек көрсетеді. Көпбейінді стационардың құрамында 30 төсектіктерапиялық бөлімше, 30 төсектік оңалту және 20 төсектік күндізгістационарлық бөлімше бар. Жыл басынан бастап филиал базасындаалғаш рет амбулаторлық көмек көрсету үшін емханалық бөлімшеашылды. 14 мыңнан астам тұрғын аталғанұйымда қызмет алуға ниет білдірген.

Жоғары мамандандырылған көмек қолжетімді бола түсті

Соңғы бес жыл көлеміндежерлестеріміз үшін жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігі артты. Мәселен, облыстыңкардиохирургтарымен жүрек- қанта­мырларынажәне бас миына 2300-ден аса ота жасалды. Сондай-ақ, жоғары мамандандырылған көмектіңқолжетімділігін арттыру мақсатында 2016 жылы Қазалы теміржолауруханасы базасында Байқоңыр қаласы мен Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының тұрғындарыүшін ауданаралық нейроинсульт орталығыашылды. Одан бөлек, Қазалы аудандық ауруханасыбазасында инсульт­пен сырқаттанатын науқастардыоңалту бөлімшесі мен №3 қалалықемханасы базасынан нейрооңалтуорталығының ашылуы көмек көлемін кеңейтугемүмкіндік беріп отыр. Жалпы, соңғы 5 жылда ашық жүреккеота жасау 48,3 процентке (2013ж – 103, 2017 ж – 157), тамырды эндопротездеу бойыншаоталар алты (2014 ж – 25, 2017 ж – 139), нейрохирургиялық оталар екі есеге өскен. Былтырдың өзінде онкологиялық ауруларға – 55, травматологиялық науқастарға – 330, урологиялық ауруға шалдыққандарға 208 ота жасалған.

АУЫРМАСЫН АНАЛАР, АМАН БОЛСЫН БАЛАЛАР

Аймақта ана мен бала саулығын сақтауғабарынша көңіл бөлініпкеледі. Осы мақсаттакөптеген ауқымды жұмыстардыңатқарылғаны аян. Мәселен, жүкті және жаңа босанғанәйелдерге медициналық көмек көрсетуді жақсартуүшін 5 жыл ішінде 350 төсек-орынға арналған облыстықперинаталдық орталығы, 350 төсектік облыстықбалалар ауруханасы мен Талсуат кентінде 50 төсектікреспубликалық оңалту орталығысалынып, бүгінде тұрғындаригілігіне қызмет етуде. 2016 жылы облыстықперинаталдық орталығында ауыр патологиясы бар әйелдерге арналып 30 төсектікбосанғаннан кейінгі оңалту бөлімшесінің ашылуы талай әйелдіңтез арада аяғынантік тұрып кетуінесебепші болуда. Бірінші деңгейдегістационар дәрігерлері арасындаоперативті техниканы игергенмамандардың үлесін арттырубойынша біршама жұмыстаржасалып, ота жасайтынакушер-гинекологтардың үлес салмағы 45%-тен 67%-ке артты. Атқарылған жұмыстарнәтижесінде нәрестелер өлімі 41,2%-ке азайса, 2017 жылы ана өлімінің тіркелмегені қуантады, яғни, 100%-ке төмендеді.

МЫҚТЫ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА –

САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

Тұрғындардың медициналық қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында соңғы 5 жыл ішінде жалпы құны 27,4 млрд теңге болатын 58 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде 49 немесе 84,5%-і апаттық жағдайдағы нысандар орнына салынды. Атап айтқанда, облыстық перинаталдық орталығы, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы, Қазалы ауданында орталық аурухана, 5 аудандық емхана құрылысы, 2 ауылдық емхана, 36 дәрігерлік амбулатория, 13 фельдшерлік-акушерлік амбулатория және медициналық бекеттер пайдалануға берілді. 2013-2017 жылдар аралығында 28 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2,5 млрд теңге бөлінді. Ал, облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтауға соңғы бес жыл көлемінде 6 279,7 млн теңге қаралып, жаңа үлгідегі қажетті техникалар алынған. Нәтижесінде, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтану көрсеткіші 32,2%-ке өсіп, 2017 жылы 76,5%-ті құрады.

ҚАДІРІН БІЛГЕН

Медицина саласы салғырттықты көтермейді. Сәл ғана сәтсіздік адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Мұнда тек білік пен білімге ғана орын бар. Сондықтан адам өмірінің арашашысы ақ халаттыларға артылар жүктің салмағы да ауыр. Ал медицина қызметкерлері сол сенім үдесінен шыға білу үшін біліктіліктерін арттырып отыруы қажет. Соңғы бес жылда мамандар даярлауға ерекше мән берілгені белгілі. Аймақта денсаулық сақтау саласында кадр мәселесін шешу негізінде 2016-2018 жылдарға арналған дәрігерлер мен орта буынды медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың ұзақмерзімді жоспары жасалды. Қажетті медициналық мамандарды оқытуға (резидентураға) облыс әкімінің арнайы гранттары бөлініп, 2016-2017 жылдары 22 үміткер қабылданды.

Жалпы, облыс бойынша соңғы 5 жылда 705 маман қайта даярлау, 11732 маман білімін жетілдіру курстарынан өтті, олардың ішінде дәрігер – 4056 болса, 7676-сы орта буын медицина маманы. Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде аймақта жетіспейтін неонатолог, травматолог, онколог, реабитолог дәрігер мамандардың тапшылығы жойылды.

Соңғы бес жылда облыс бойынша 569 жас маман жұмысқа орналасқан, оның ішінде ауылдық елді мекендерге 248-і яғни, 43 проценті, бастапқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарына 450 маман (79 проценті) жұмысқа орналасқан. Қазіргі кезде дәрігер мамандармен қамту көрсеткіші бойынша бастапқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарында 95 процентті құрап отыр.

Аймақтың денсаулық сақтау саласындағы осындай берекелі жұмыстардың нәтижесінде облыс халқының өмір сүру ұзақтығы 1,3 есе өсіп, 71,91 жасты құрады, 2013 жылы бұл көрсеткіш – 70,62 болатын. Ал республикада – 72,3 жас. Өлім-жітім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 4 процентке төмендеді. Қатерлі ісіктерден болатын өлім көрсеткіші 22,8%-ке, жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен уланулардан болатын өлім көрсеткіші 39,8%-ке, туберкулезбен сырқаттанушылық 31,2%-ке, туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 2 есеге азайған.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы».

http://syrboyi.kz/negizginews/17341-syr-medicinasyny-zharyn-zhetstg.html
1-02-2018, 14:54

ЖАҢА ТЕСТ АИТВ-ні НАҚТЫЛАУДЫ ЕЛЕУЛІ ТҮРДЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕТЕДІ

ЖАҢА ТЕСТ АИТВ-ні НАҚТЫЛАУДЫ ЕЛЕУЛІ ТҮРДЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕТЕДІ

 

Медиктерге осы кезге дейін АИТВ-ні жұқтырғаннан кейін анықтауға ерік беретін қан талдауының үлгісі мен кеселдің ерте сатыларында онша нақты емес сілекей үлгісінің талдауын таңдауға тура келді. Сілекей үлгісін алу барынша жеңіл.Стэнфорд университетінің химиктері мен олардың әріптестері жаңа тест ойлап тапты деп жазады Deutsche Welle.
Енді нақты нәтижелерді антиденелерге байланысты өзгерістерді анықтауға арналған сілекей үлгілерінің талдауы арқылы алуға болады. Жаңа тест арқылы мамандардың АИТВ-ні 22 адамнан анықтауға қолдары жетті. Зерттеушілер одан ары тексерулердің қажеттігін атап көрсетуде. Болашақта бәлкім, аллергияны, іш сүзегі мен туберкулезді анықтау үшін осындай тесттерді жасаудың да сәті туар.
Сондай-ақ жуықта Йел университетінің қызметкерлері АИТВ-ға қарсы жаңа бұйымды көрсетті. Препарат АИТВ-ға өзін торшаның ДНК-на енуіне көмектесетін ферменттің жұмысын жаншиды. Ғалымдар тышқандарға зерттеу жүргізген. Мамандар бұл бұйымның жануарларды жұқпалардан қорғағанын анықтаған.

 

«Сыр медицинасы» газеті.

Дереккөз:http://www.meddaily.ru/article/24jan2018/HI

31-01-2018, 13:10

Мамандар жасөспірімдердің психикалық денсаулығына алаңдаулы

Мамандар жасөспірімдердің психикалық денсаулығына алаңдаулы

Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту мен өмірлік дағдыларын қалыптастыруға арналған алғашқы халықаралық конференциясы өтуде. Жиын барысында мамандар жасөспірімдердің психикалық денсаулығына көбірек назар аударуға шақырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Конференцияны ҚР Білім және ғылым министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі қолдауымен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), қазақстандық «Bilim Foundation» қоры, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы және әл-Фараби ат. ҚазҰУ ұйымдастырып жатыр.

Конференция жұмысына балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы бойынша қазақстандық және беделді халықаралық мамандар, психиатрлар, педагогтар, денсаулық сақтау мен білім беру саласының және ҮЕҰ өкілдері қатысуда. Конференция қатысушылары арасында Халықаралық психиатриялық ассоциацияның президенті Афзал Джавед пен ұйымның маманы профессор Владимир Карли, конференция президенті, конференцияның ғылыми комитетінің жетекшісі Марко Саркьяпоне, Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының өкілдері: доктор Кьяра Сервили мен доктор Дан Чишолм, ЮНИСЕФ өкілі доктор Нина Ференчич сынды сала мамандары бар.

ДДСҰ деректері бойынша әлемде жыл сайын жасөспірімдердің 10%-ы өздерін зақымдайды, соның 67 мыңға жуығы көз жұмады. Жасөспірім қыздар мен ұлдар көз жұмуының себептері арасында суицид әрдайым басты орындардың бірінде. Жасөспірімдердің психикалық денсаулығындағы мәселелерді тудырушы фактор ретінде депрессия, мазасыздық, мінез-құлық мәселелері мен өз-өзіне зақым келтіру жатады.

Дүниежүзі бойынша соңғы жылдары жасөспірімдердің ғана емес, жалпы жастардың психикалық денсаулығы мәселелеріне баса назар аударылып келеді. Мамандардың айтуынша, жастарға уақытылы көмек көрсету үшін мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен бизнес тарапынан арнайы шаралар қажет. Дамыған елдердегі сияқты, дамушы елдерде де жастар психикалық денсаулық мәселелеріне ұшырауда. Мысалы, табысы жоғары елдерде 11-15 жас аралығындағы балалардың төрттен бірі күніне 2 не одан да көп рет мынадай психологиялық белгілерді сезеді: әлсіреу, ашушаңдық, күйгелектену немесе ұйқының болмауы. Оларға уақытылы көмек көрсетілмесе, психикалық денсаулық мәселесі одан бетер асқынып, өмір сүру сапасының төмендеуі мен суицидтік мінез-құлыққа әкелуі мүмкін.

Қазақстан үкіметі суицидті қоғамдық денсаулықтың маңызды мәселесі ретінде мойындап, жағдайды тыңғылықты зерттеу, ЮНИСЕФ-ті тарта отырып арнайы бағдарламалар әзірлеу, халықаралық мамандарды, үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру және психикалық денсаулық саласындағы жергілікті мамандарды тарту секілді шараларды іске асырып келеді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде кәмелетке толмаған жастар арасында суицидтің алдын алуы бойынша пилоттық жоба әзірленіп, іске асырылды. Осының негізінде жасөспірімдер арасында психикалық денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, суицидтің алдын алу бағдарламасы жасалып, Қазақстан Республикасының бірнеше облыстарында енгізілді.

Бұл жобаға қатысқан жасөспірімдер қорқыныш, стресс пен көңілсіздік деңгейі төмендегенін хабарлады. Жоба басталғалы 12 айдан кейін сауалнамаға қатысқан, суицид туралы ойлап жүрген жастардың 80%-ы ол туралы ойлауды доғарғанын атап көрсеткен. «Мектепке жаңа психолог келгенде мен өлетін уақытымды анықтап қойғанмын. Бірақ психологтың сынып сағатында ол маған назар аударып, мені кейін өзіне шақырды», - деп ой бөлісті жобаға қатысушы 16 жасар Мария. «Психологпенболған ашық, әрі шынайы әңгімеден кейін мен үйге келдім және өлетін уақытымды сызып тастадым. Мен өзімді жеңіл сезіндім. Сезімдерім мен отбасымда өзгерістер болды. Бір-бірімізге жақынарық болып, көбірек көңіл бөле бастадық. Мен қазір кешкі мектепте оқимын және визажист курсын өтіп жүрмін, болашаққа жоспарлар құрып жатырмын». Бұл – жобаға қатысушылардың басынан кешірген өзгерістерінің бірі ғана.

Бұл оқиға және жобаны тәуелсіз бағалау деректері барлық тараптардың – орталық және жергілікті билік органдары, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, ЮНИСЕФ пен «Bilim Foundation» сынды халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен әрекеті балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсарта отырып, стресске қарсы тұру деңгейін арттырып, оларға мәселелерді шешуге көмектесе алады.

Қазақстанның осы саладағы тәжірибесін үйрену және өз елдерінде қолдану үшін Еуропа мен Орталық Азия елдерінің жауапты органдарының өкілдері конференцияға қатысып жатыр.

«Bilim Foundation» қорының президенті Ерлан Айтмұхамбетовтың айтуынша, Қазақстанда суицидті алғашқы кезеңдерінде анықтайтын, профилактикалық шаралар жүргізетін және жасөспірімдерді психикалық денсаулыққа байланысты ақпараттандырып отыратын бірегей жоба жасалды. Қазірдің өзінде жоба тиімділігін көрсетіп келеді. «Bilim Foundation» қоғамдық қоры осы сәтті тәжірибені еліміздің барлық өңірлеріне енгізу бағытында жұмыс істеп келеді. Қор инновациялық шешімдер мен жаңа мазмұнмен жобаны ары қарай дамытуда. Мысалы, кәмелет жасқа толмағандардың денсаулығын жақсарту мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру бойынша модульдер әзірленді.

Сонымен қатар, конференцияда Zhastar.org ақпараттық платформасының алғашқы нәтижелері таныстырылды. Платформа мектеп психологтары, денсаулық сақтау мамандары мен білім беру және денсаулық сақтау саласы бойынша өкілетті органдарды суицидтің алдын алу бойынша өзекті ақпарат ұсына отырып, жұмыс тиімділігін арттыра алады. Қор жетекшісі осы тәжірибені мемлекет деңгейінде бір стратегия ретінде енгізу жасөспірімдердің психикалық денсаулығын арттырып, суицид деңгейін төмендетіп, дені сау, бәсекеге қабілетті, прагматикалық ұрпақ өсіретінін атап өтті.

«Конференция үкімет пен ЮНИСЕФ-тің балалар мен жасөспірімдердің психикалық мәселесін түсіну мен шешу бойынша ұзақ бірлескен жұмысының нәтижесі. Қазақстан жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту бойынша жаңа әдістерді жасап, енгізу арқылы глобалды деңгейдегі психикалық денсаулық саласына баға жетпес үлес қосты. Біз конференция мен жобаның осындай қызығушылық туғызғанына қуаныштымыз. Маңыздысы, әрбір бала мен жасөспірімге бағытталған әрекетке және нәтижеге алып келгені», – деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный.

Әлемдік психиатрлар қауымдастығы мен Еуропа психиатрлары қауымдастығы конференцияны балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтау мәселелерін осы өңірде және әлемде ілгерілету бағытындағы маңызды қадам ретінде қолдады.

Конференцияны ұйымдастырушылар мен қатысушылар барлық үкіметтерді балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайтығуға бағытталған шараларға баса назар аударуға, психикалық денсаулық саласындағы зерттеулерге бөлінетін қаржыны арттыруға, соңғы жаңалықтар мен білімге сүйенетін осы саладағы инновацияларды дамытуға, сапалы қолдау мен күтімді қамтамасыз етуге шақырды. Конференцияға қатысушылар психикалық денсаулық мәселесін нығайтуға түрлі секторларды жұмылдыру, мектептердің денсаулық сақтау мен психикалық денсаулық қызметтерімен, қоғам мен отбасының өзара тығыз байланысы маңызды екенін атап өтті.

Фото NewsRussia.Today сайтынан алынды

https://baq.kz/kk/news/ult_sauligi/mamandar_zhasospirimderdin_psihikalik_densauligina_alandauli20180119_135400

22-01-2018, 12:29

Үсу. Үсу кезіндегі алғашқы көмек.

Үсу. Үсу кезіндегі алғашқы көмек.

Үсу дегеніміз– төменгі температураның ұзақ әсер етуі нәтижесінде тіндердіңзақымдануы.

Үсудің пайда болу себептері:

суықтың;

желдің;

жоғары ылғалдылықтың;

тар және дымқыл аяқ киімнің;

науқастың жалпы жағдайының нашар болуы (қандай да бір ауруға шалдығу, алкогольдік масаю, көп қан жоғалту) және т.б. себептерәсер етеді.

Дене бөліктерінен аяқ пен қолдың саусақтары, құлақ пен мұрын үсікке шалдығуға бейім келеді. Өйткені суықтыңәсерінен дененің осы бөліктеріне қан келу тежеледіде, егер дер кезінде көмек көрсетілмесе ол бөліктердің жасушаларыөле бастайды. Тар аяқ киім, тар киім, тар қолғап, ылғал киім мен аяқ киім адамныңтез үсуіне бірден-бір себеп.
Үсудің төрт кезеңі бар

І деңгейліүсік, үсудің жеңіл түрі - терінің түсініңөзгеруі, жылынғаннан соң ісу, қызару, ауырсыну сезіледі.

ІІ деңгейліүсік теріде мөлдір түсті күлдіреуік пайда болады.

ІІІ деңгейліүсік, теріде қанды күлдіреуік пайда болады, сезімталдық жоғалады. Жазылу өте ұзақ болады, артынша тыртық қалуы мүмкін.

IV деңгейліүсік, үсіктің ең ауыр түрі - тері терең зақымдалады.

Үсу кезіндегі алғашқы көмек.

Алғашқы көмек ең алдыменсуықтың ағзаға әсерін тоқтату керек. Үсік шалған дене бөліктерін белсендітүрде жылыту қажет. Ол үшін науқастыжылы бөлмеге кіргізу, жылыту әсіресе үсіген аймақтарына көңіл бөліп, сол аймақтыңқанайналымын қалпына келтіру. Науқасқа ыстық шай, сүт беруге болады.

Бірінші деңгейлі үсікке шалдыққанда теріні таза матамен қызарғанша сүртіп, зақымдалған жерлерді спиртпен, вазелинмен, маймен сүрту керек. Аяқ пен қол үсісе оларды жылы суда сабындап жуып, спиртпен сүртеміз. Аяқты жеңіл уқалаған пайдалы. Саусақтың ұштары үсісе қолыңызды жылы суға малып (37-40 °С), қызарғанша уқалаймыз.

Үсу кезінде не істеуге болмайды?

Науқасты жылту мақсатында кофе немесе спиртті ішімдіктерді беруге болмайды.

Сонымен қатар үсіген адамды алдын ала жылы температурада жылтып алмай, ыстық сулы ваннаға түсіруге болмайды.

Тері аумағында пайда болған көпіршікті түзілістерді қолдан жаруға болмайды.

Науқасты жылту үшін ашық лаулап тұрған отты пайдалануға тиым салынған.

Осы аталған жылту әдістері үсіген аумақта температураның бірден жоғарылауына алып келіп, ол өз кезегінде кіші капиллярлардың жарылуына, ішкі қан ағудың көріністеріне, тіпті ауыр жағдайға дейін алып келеді.

Үсіктің профилактикасы:ағзаны суық сумен шынықтыру. Бұл қанайналымды жақсартып, суыққа төзімділікті арттырады. Жылы киімдерді кию.

ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы»

ММ Қызылорда облысы бойынша филиалдың

фельдшері Мирамбекова Ақмарал.

Фотосурет Википедия сайтынан алынды

http://syrboyi.kz/akparat/16356-su-su-kezndeg-alashy-kmek.html
29-12-2017, 12:27

Денсаулық» медициналық пойызы Алматы облысындағы жұмысын аяқтады

Денсаулық» медициналық пойызы Алматы облысындағы жұмысын аяқтады

 

20 желтоқсанда «Денсаулық» медициналық пойызы Жетіген бекетінде биылғы ең соңғы жұмыс аялдамасын жасады.35 күнде 7876 адам олардың ішінде 291 бала әртүрлі ауруын анықтау үшін тиісті тегін тексеруден өтті. Науқастарға алғашқы көмек көрсетіліп, кәсіби кеңес берілді, стоматологиялық жәрдем жасалып, жақын жердегі медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама берілді. Алматы облысының 966 тұрғынына стоматологиялық көмек көрсетілді. Осы аймақта жұмыс істеген уақытында дәрігерлер науқастарды 33851 рет қабылдап, 8845 диагностикалық іс-шара жасалды, олардың қатарында ультрадыбыстық зерттеу, рентгенография және ЭКГ бар. Сондай-ақ маммологтар 1928 науқасты қарады.«Денсаулық» медициналық пойызы осы аймақтағы жұмысын 15 қарашада Қопа бекетінен бастады. Осы өңірде жұмыс істеген уақытында келесі бекеттердің тұрғындары дәрігерлердің көмегіне жүгіне алды, олар:Қопа, Достық, Жайпақ, Бескөл, Ақтоғай, Лепсі, Матай, Егінсу, Көксу, Айнабұлақ, Малайсары, Жоламан, Дала, Қосқұдық, Іле, Алтынкөл, Құндызды, Тасқарасу, Шелек, Жетіген.Бір жыл жұмыс істеген уақытында медпойыз шалғайда жатқан бекетердің 42719 тұрғынына медициналық қызмет көрсетті. Пойыз Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары арқылы жүріп өтті. Медицина бригадаларында «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ-ның облыстық филиалдарының 82-ден астам бірінші және жоғары санаттағы дәрігері мен көмекші персоналы (мейірбикелер, бағдарламашылар, операторлар), «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның аймақтық бөлімшелері, «Қазпошта» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің аймақтық басқару органдары еңбек етті.«Алматы облысындағы 20 бекеттің тұрғынына «Денсаулық» пойызы көмек көрсетті. Тұрғындар кезекке тұрып, жеке куәлігі болса, толық тексеріліп, кеңестік-диагностикалық көмек ала алды. Медицина пойызы Алматы облысында болған уақытында мамандарымыз тұрғындардың әртүрлі ауруларын анықтады, атап айтсақ: невропатолог белгілерді талдай отырып, остеохондроз ауруын жиі тапса, көзі нашар көретін көптеген жандар окулистке көрініп жатты, сонымен қатар әр екінші науқастамиопия, зоб, аурулары, сондай-ақ дерматит, фарингит және басқа аурулар анықталды. Диагностикалық іс-шараларды, соның ішінде УДЗ-ны орындау барысында өт жолы мен несеп жолында тас жиналу байқалып, ФГДС кезінде үш рет қатерлі ісік күмәні анықталды, науқастың кеуде тұсы ауырған соң ЭКГ жасалып, шұғыл көмек көрсетілді. Осы мерзімде балаларға суық тию де көп байқалды. Ауруларына сай, тиісті заманауи диагностикалық-емдеу шаралары жүргізілді»,- деп пойыздың бас дәрігері Владимир Назаренко пікір білдірді. «Медициналық құрамның 8 вагонында науқастарды толық тексеруге, шағын амбулаториялық оталарды жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және олар зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған, сонымен қатар персоналдың жайлы жүріп-тұруына толық жағдай жасалған. Медицина бригадасының құрамында келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар, олар: терапевт, педиатр, кардиолог, офтальмолог, невропатолог, гинеколог, хирург, тіс дәрігері, рентгенолог және арнайы шақырылған УДЗ диагностикасы, ФГДС дәрігері мен терапевт-дәрігер. Жазда және жылы айларда медицина пойызы жұмыс істеген уақытта балаларға арналған ойын-сауық алаңы болды.Пойыздағы дәрігерлер кабинетінің жұмыс уақыты – 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыссыз, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Дәрігерлердің барлық емдеу шарасы мен кеңесі тегін.«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» пойыздарының жүретін бағытымен толығырақwww.medpoezd.kzсайтында танысуға болады.Жобаны жүзеге асырушылар: «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.Жоба жаңалықтары, баратын бағыттары, фото- және видео-материалдарwww.medpoezd.kzсайтында.Жобаның Facebook желісіндегі ресми парақшасы -https://www.facebook.com/medpoezd/,Instagram - @medpoezd.kzҚосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады:8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7701526 3050, e-mail:media@askredpoint.comАнықтама:Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасында 2010 жылы 9 наурызда жасалған, медициналық қамсыздандыру мәселелерінде өзара жұмыс істеу туралы меморандум аясында жүзеге асырылған жоба.«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.

Автор:

«Денсаулық» медициналық пойызы

http://zhardem.kz/news/10074

25-12-2017, 11:30

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ 29 АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ 29 АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Облыстық денсаулық сақтау мекемелері үшін жылжымалы флюро-қондырғылар, арнайы көліктер және жеңіл автокөліктер сатып алынды.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев дәрігерлерге 29 санитарлық автокөліктің кілтін табыстады.

«Біз халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетудің барлық талаптарын басшылыққа алып отырмыз. Мәселен, жаңа туылған нәрестелер үшін жасанды тыныс алдыру аппараттарын аудандарға, Ана мен бала орталығына алдырдық. Барлық аудандар жүрек қан тамырлары ауруларын ерте анықтайтын кардиостандарттар, онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік беретін эндовидеостойкалармен қамтамасыз етілді. Тәуелсіздік күні қарсаңында Сыр өңірінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған 400 орындық емхана пайдалануға берілсе, Жаңа жыл мерекесіне тарту ретінде денсаулық сақтау мекемелері үшін жылжымалы флюроқондырғылар мен ыңғайлы автокөліктер сатып алынды», - деді аймақ басшысы.

Денсаулық сақтау саласының ардагері Тұрғанбай Маханов әріптестерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Атап өтейік, соңғы 2 жылда медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Барлық аудандарда ауысымына 250 келушіге арналған емханалар жаңадан салынып, жуырда Жаңақорған аудандық емханасы мен Қазалы аудандық орталық ауруханасы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 2018-2019 жж. мемлекеттік–жекеменшік әріптестіктің шеңберінде облыс ауруханаларына компьютерлік томограф және ангиографиялық қондырғылар сатып алу бойынша 5 ауқымды жоба қарастырылып отыр.

http://syrboyi.kz/negizginews/16193-yzylordada-medicinaly-mekemelerge-29-avtoklk-tabystaldy.html
22-12-2017, 22:41