МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА

Қазалы ауданында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрме­сін насихаттау мақсатында медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай спорттық ойын түрлерінен спартакиада өтті.

Спартакиаданың ашылу салтанатына қатыс­қан аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев «Экспо – 2017» көрмесінің маңыздылығынатоқтала келе, спартакиадағақатысушы ақ халаттыларғасәт­тілік тіледі. Аудандық аурухананың бас дәрігері К.Әбілов шараның өткізілу мақсаты медицина қызметкерлерінің спортқа ынталылығын арттыру, олардың негізгі кәсіби жұмысымен қатар спортты да қатар алып жүретінін таныту екендігін жеткізді.

Спартакиадаға орталық аурухана, орталық емхана, Қазалы қаласының емдеу мекемелері, «Жетес би» мен «Болат жол» емханалары, перзентхана, ауылдық емханалар, барлығы 7 команда қатысты. Жарысқа қатысушылардың арасында хирургтар, жас мамандар, бас дәрігерлер де бар. Екі күнге созылған жарыс­та дәрігерлер қауымы арқан тарту, дойбы, қол күрес, волейбол, жүгіру, эстафеталықжарыс, мини футболдансынға түсті.

Жоғары деңгейде өткен жарыс қорытындысымен жалпы командалық есепте аудандық аурухана ұжымы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қазалы қаласының емдеу мекемелерінен құралған команда иеленсе, аудандық емхана ұжымы үшінші орынға тұрақтады.

Барлық жеңімпаз командаларға диплом мен арнайы кубоктар табысталды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

http://qazaly.kz/meditsina-yzmetkerleri-arasynda-y-spartakiada/
13-06-2017, 16:10

«Денсаулық» медициналық пойызы Қызылорда облысына жол тартты


«Денсаулық» медициналық пойызы Атырау облысындағы жұмысын аяқтап, Қызылорда облысына бет алды. Кестеге сай бірінші аялдама – Сексеуіл бекеті болмақ. Мұнда «Денсаулық» медициналық пойызының дәрігерлері тұрғындарды 14-17 маусым аралығында қабылдайды, содан соң Абай бекетіне барып, 18–20 маусым аралығында жұмысын жалғастырады. Ары қарай дәрігерлер бригадасы Арал теңізі бекетінің тұрғындарына қызмет көрсетуге кіріседі, пойыз бұл бекетте 21-24 маусым аралығында болады. Қызылорда облысындағы шалғайда орналасқан 28 темір жол бекеті мен жол айырығының тұрғындары темір жолдың жылжымалы дәрігерлер бригадасының қызметіне жүгіне алады.
Қызылорда облысындағы темір жол бекеттерінің тұрғындары екі ай бойы, яғни 21 тамызға дейін денсаулықтарын тексерту үшін дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қажетті алғашқы көмек, кәсіби кеңес және жақын жердегі медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама ала алады.
«Денсаулық» медициналық пойызының 8 вагонында науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған. Медицина бригадасының құрамында келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар, олар: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, стоматолог.
«Денсаулық» пойызы өз жұмысын 2017 жылы 21 сәуірде Маңғыстау облысының Тұрыш бекетінен бастады, пойыз өз жолында Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарындағы темір жол бекеттеріне барады, содан соң 2017 жылы 20 желтоқсанда Алматы облысында жұмысын аяқтайды.
Медпойыз дәрігерлер бригадасының бекеттердегі жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Дәрігерлер демалмай жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз, барлық қызмет тегін көрсетіледі.
Жазда, жол үстіндегі бекеттерде, медицина пойызының жұмыс уақытында балаларға арнайы алаңдар мен аттракциондар ұймдастырылады.
Жобаны жүзеге асырушылар: «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.

http://syrboyi.kz/zedelnews/11907-densauly-medicinaly-poyyzy-yzylorda-oblysyna-zhol-tartty.html

12-06-2017, 10:44

АПАТ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУ

АПАТ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУ

Шиелі ауданындағы "Семізбай-U" ЖШС-нің "Иіркөл" филиалы кенішінде аудандық арнайы-тактикалық оқу-жаттығу шаралары өтті. Облыс әкімі орынбасары С.Сүлейменовтің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 04/1-5/3437 нұсқаулығына сәйкес ұйымдастырылған оқу-жаттығуда Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті аға офицерлері Ж. Жүгінісов пен А. Ибраев кеніште радиациялық апат зардаптарын зардаптарын жою тақырыбында жұмысшыларға түсіндірме жасады. Азаматтық қорғау қызметтерінің болуы мүмкін төтенше жағдайларға әрекет ету бойынша дайындығы пысықталды.

 


С. СЫЗДЫҚ,
азаматтық қорғаныс бөлімінің
бастығы, подполковник

https://kyzylorda-news.kz/news/15361-apat-zardaptaryn-zhoyua-arnalan-zhattyu.html
6-06-2017, 23:11

ТЖД САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ТЖД САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімі біріге отырып медицина күніне орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Үздік медицина қызметкері» атты сайыс өткізілді.

Өзін-өзі таныстырып, тестілеуден өткен үміткерлер практикалық тапсырма аясында (жасанды тыныс беру, жүрекке жанама массаж жасау, қан кеткенде, аяқ – қол жарақаттанғанда көмек көрсету) шұғыл медициналық көмек көрсетуден сайысқа түсті.

Сайыс қорытындысымен ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ филиалының дәрігері Берік Мәдиев 1-ші орынға ие болды. 2-ші орынды ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы бойынша филиалынының бөлім басшысы, дәрігер Азамат Есахаев иеленсе, 3-ші орынға ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ филиалының дәрігері Ақмарал Құланбаева лайық деп танылды.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/tzhd-salasynda-y-zdik-meditsina-yzmetkeri-any-taldy/
6-06-2017, 23:00

ҚАЗАЛЫДА МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚАЗАЛЫДА МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық топ Қазалы ауданындағы халықпен жүздесуде. Топ құрамында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы С.Байкенжеев, облыстық психоневрологиялық аурухананың бас дәрігері А.Медетбаев, Қызылорда қаласының №5 емханасының бас дәрігері С.Рысалдиев, облыстық наркология орталығының бас дәрігері Г.Нысанова, Қазалы аудандық ауруханасының бас дәрігері К.Әбілов, аудандық емхананың бас дәрігері Ғ.Баймаханов, аудандық аурухана дәрігерінің орынбасары Р.Қалуова бар.
Ақпараттық топ мүшелері сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктері туралы айтып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Кестеге сәйкес 15 мамырда басталған түсіндірме жұмыстары 19 мамырда аяқталмақ. Жалпы аудан бойынша 24 кездесу өтті. Оған 16 273 тұрғындар қатысып, 14 000 брошюралар таратылды.

http://qazaly.kz/azalyda-mindetti-leumettik-meditsinaly-sa-tandyru-zh-jesi-t-sindirildi/
19-05-2017, 20:05

АҚ ЖЕЛЕҢДІЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

АҚ ЖЕЛЕҢДІЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде 12 мамыр – Халықаралық мейіркештер күні аталып өтті. Салтанатты жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев мейірбикелерді төл мерекелерімен құттықтады.

– Ежелден дәрігерлік қызмет адамгершілікті ту еткен кәсіп болып саналады. Айтулы мерекені адам тәнінің қиналысын жүрегімен сезіне білетін медбикелердің ерен еңбегінің бағаланатын кезі деуге болады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының төртінші басымдығы адами капитал сапасын жақсартуға арналған. Бұл – денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі жүйелі көзқарас.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық сақтау саласының алдына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру және дәрілік заттардың бағасына реттеу міндеттерін қойып отыр. Өйткені, еліміздің бәсекеге қабілеттілігі дені сау ұлт арқылы жүзеге асырылады.

"Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы” дейді ұлы ойшылдар. Аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолындағы игілікті еңбектеріңіз бен өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін, – деді А.Қаржаубаев.

Мерейлі сәтте аудан әкімінің орынбасары А.Молдабайұлы бір топ медбикелерге аудан әкімінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хаты» мен Құрмет грамотасын табыс етті.

Бұдан соң амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Күншығар Әбілов мереке иелерін айтулы күнмен құттықтап, еңбегімен еленген қызметкерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады.

Мерекелік шара аудандық аурухананың мейірбикелері арасындағы «Үздік мейірбике» кәсіптік байқауына ұласты. Ережеге сәйкес 6 кезеңнен сүрінбей өткен Қожабақы ауылдық дәрігерлік амбулаториясы бірінші орынды жеңіп алды. Аудандық емхана екінші орынға тұрақтаса, қалалық емхана үшінші орынды қанжығасына байлады. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.

http://qazaly.kz/a-zhele-diler-arda-taldy/

17-05-2017, 09:48

«Үздік мейірбике -2017» конкурсы өтті


«Үздік мейірбике -2017» конкурсы өтті

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай, «Үздік мейірбике - 2017» конкурсы өтті.
Кәсіби конкурсқа 10 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, бірінші немесе жоғары біліктілік санаты бар мейірбикелер қатысты. Мейірбикелер екі кезеңдік байқауға қатысты. І кезең бойынша барлық мейірбике қатысып, үздік 8 мейірбике ІІ кезеңге өтті.
ІІ кезең бойынша, конкурсанттар өздерін таныстыра отырып, ситуациялық есептер мен практикалық дағдылар бойынша кәсібилігін көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша І орынды Жанар Байулова, облыстық медицина орталығының кардиореабилитация бөлімінің мейірбикесі, ІІ орынды Замира Аукенова, қалалық №6 емханасының күндізгі стационар мейірбикесі, ІІІ орынды Маржан Ашимова, облыстық онкология орталығының мейірбикесі, Дана Бисембаева, теміржол ауруханасының әйелдер бөлімінің мейірбикесі иеленді. Жүлдегерлерге «Денсаулық» шипажайына тегін және жеңілдетілген жолдамалар берілді.

http://syrboyi.kz/zedelnews/11152-zdk-meyrbike-2017-konkursy-tt.html

4-05-2017, 09:50

«Медициналық пойыздар» мамандары 394 мың ауруды тіркеді

«Медициналық пойыздар» мамандары 394 мың ауруды тіркеді

2017 жылғы 28 сәуір 13:33

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдан бастап «Медициналық пойыздар» кең ауқымды әлеуметтік жобасы іске қосылды, оның аясында шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындары тегін тексеріліп, жоғары білікті мамандардан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр) ем қабылдауда. Пойыз заманауи диагностикалық және емдеу құрылғыларымен (УДЗ, флюорографиялық құрылғымен және т.б.), шағын-операциялық, зертханалық, байланыс құралдарымен және телемедицина конференцияларын өткізу үшін - Интернетке қосылу мүмкіндігімен жабдықталған. Медициналық пойыздар медициналық кабинеттері мүлдем жоқ өңірлерді қамтиды. 2017 жылы «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары өз жұмыстарын бастады:11 сәуірден 6 қарашаға дейін «Саламатты Қазақстан» пойызы орталық, солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде медициналық көмек көрсететін болады. Ал 18 сәуірден 20 желтоқсанға дейін «Денсаулық» пойызы оңтүстік және батыс өңірлерді қамтиды. 2010-2016 жылдар аралығында медициналық пойыздар 1052 шалғай жатқан станцияларды қамтып, 299 мың тұрғынды, соның ішінде 71,5 мың баланы тексеруден өткізді. 1,5 миллион диагностикалық емдеу шаралары, 4 мың кіші амбулаторлық ота жасалып, 19 телемедициналық консультация ұйымдастырылды. Маммологтар 44 мың әйелді қарап, 73 мың тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді. Пойыздардағы мамандардың тиімді жұмыстарының нәтижесінде 394 мың ауру тіркелді.

Дереккөз:http://www.inform.kz/kz/medicinalyk-poyyzdar-mamandary-394-myn-aurudy-tirkedi_a3021761
28-04-2017, 21:22

Медициналық қызметтердің қолжетімділігі артады

Медициналық қызметтердің қолжетімділігі артадыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері жөнінде кеңесі өтті, ол жерде  жеке медицина, денсаулық сақтау саласын ырықтандыру және қайта реттеу, сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде  (бұдан әрі - МӘМС) жеке медициналық ұйымдарға тең жағдайлар жасау мәселелері қаралды.
Үкімет мүшелері алдында сөз сөйлеген «Қазақстандық жекеменшік медициналық құрылымдар қауымдастығы» төрағасы Гүлнар Өтепова, Мемлекет Басшысы биылғы Жолдауында бәсекелестікті дамыту үшін, МӘМС жүйесінде  жеке медициналық ұйымдарға тең жағдайлар жасау керектігін атап өткен. Денсаулық сақтау Министрлігі бір жарым жылдан бері бизнес-ортамен тығыз жұмыс жасайтынын атап өткім келеді және қаңтар айының соңынан біз ұсынған кедергілерді қайта реттеу бойынша жұмыс топтары құрыла бастады және біздің қатысуымызбен Министрлік жанындағы медициналық қызметтер сапасы бойынша Біріккен комиссия және Бизнес-кеңес белсенді жұмыс істейді»,- деді.
«Бизнес үшін кедергілерді азайту және қайта реттеу бойынша Министрлік қызметінің негізгі бағыттарын анықтау үшін ҚР мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың қазіргі жағдайына және олардың ТМКК шеңберінде көрсететін қызметтер көлеміне талдау жүргізілді. Тұтастай алғанда, талдау көрсеткендей, ТМККК шеңберінде амбулаториялық-емханалық және стационарлық медициналық қызметтерді ұсыну бойынша жеке медициналық бизнес өкілдері мемлекеттік тапсырыс алуға мүдделі», -  деді Үкімет мүшелері алдында сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі мен нарық қатысушылары арасында өзара іс-қимыл тетіктері құрылғанын атап өтті. Атап айтқанда, бір жарым жылдан бері Бизнес-кеңес жұмыс істейді. Қолданыстағы бизнеспен өзара іс-қимыл тетіктерін негізге ала отырып, Денсаулық сақтау министрлігі қайта реттеу үшін 3 негізгі бағыттарды айқындады: Бірінші – институционалдық қайта реттеу. Екінші – процестерді қайта реттеу. Үшінші – Министрліктің бақылау-қадағалау функцияларын қайта қарау» - деді ол.
Сондай-ақ, ол Министрліктің жұмыс жоспарына егжей-тегжей тоқталып, таныстырды. Атап айтқанда, ескірген 19 СанЕжН жойылатынын; бизнеске кедергі болатын талаптарды болдырмау мақсатында негізгі 24 СанЕжН-ға өзгерістер енгізілетінін, - атап өтті.
Бизнесті одан әрі тарту үшін тариф белгілеу әдістемесі қайта қаралатын болады. Атап айтқанда, қымбат емдеуге қоса төлеу мәселесі қаралады, негізгі шығындарды жаңартуға кеткен жеке меншіктердің шығындарын өтеу қарастырылған.
Сонымен қатар, медициналық қызметтер берушілерін таңдау Ережесінен қосалқы мердігерлік ұғымы алынып тасталады, бір учаскедегі жалпы тәжірибелік дәрігерге тіркелген азаматтардың саны төмендеп, қажетті құжаттардың тізімі қысқартылатын болады.
 МЖӘ дамыту шеңберінде жобаларды дайындау рәсімдері жеңілдетіледі, МЖӘ объектілерінің тұтыну қызметтерін кепілдендіру үшін жағдай жасалады, оның ішінде ұзақ мерзімді шарттар жасау арқылы.
«Жекеменшік медициналық ұйымдар үшін қайта реттеу мен кедергілерді азайту нәтижесінде: ТМККК-мен МӘМС бойынша қаржыландыруын амбулаториялық деңгейде 20% - ға дейін, стационарлық деңгейде 15% - ға дейін ұлғаятын болады. Мемлекеттік функциялардың 17-ін бәсекелі ортаға, үкіметтік емес секторға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру. Осылайша, бәсекелестікті жоғарылату есебінен халыққа көрсетілетін сапалы және қауіпсіз медициналық қызметтердің қолжетімділігі артады», - деді министр.
Автор:
ҚР ДСМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

3-04-2017, 14:12

АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР ЖАНАШЫРЫ

АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР ЖАНАШЫРЫДенсаулық сақтау саласында бір мезетте екі бірдей адамның өмірін қауіп пен қатерден қорғап, ана мен бала денсаулығына жауапты болатын акушер-гинекологтарға қойылар талап жоғары. Адам жанына араша болып, қос бірдей тағдыр жауапкершілігін мойнына жүктеп, жұмысыменөрілген уақытын бақытына балайтын дәрігер Шолпан Есекееваныңесімі көпке мәлім.

Арын ақ халатындай кірлет­пеген аяулы жан аудандық аурухананың перзентхана бөліміне жас маман болып қабылданып, бүгінде отыз бес жыл ғұмырын осы мекемеде өткізген, тәжірибесі толысқан бөлім меңгерушісі.

Көбіміз жүкті әйелдердің бойында жүктіліктен тыс сырқаттардың кездесетінін біле бермейміз. Оған аналардың ауруының алдын алмай, уақыт өткізіп алатынын қосыңыз. Осындайда ана мен бала өлімінің себептері, оларды болдырмаудың жолдарын жан-жақты қарастыруға ұсыныс жасап, кеңес беру, соңғы кесімді шешім қабылдау, кесір тілігімен босанатын келіншектер отасына қатысу тікелей міндетіне саналатын Шолпан Шарапатдинқызының шарапатымен бақытқа бөленгендер қатары көп. Жүзі жылы, жүрегі мейірімге толы ақ халатты жанның ісіне, әсіресе, аналар қауымы дән риза. Ұдайы білімін жетілдіріп тұратын дәрігер бөлімдегі өзге әріптестері мен орта буын қызметкерлерінен білгенін аямайды. Тәжірибесімен бөлісуді, үйретуді дағдыға айналдырған.

«Қоғамның басты байлығы саналатын адамды дүниеге әкелу – ең үлкен жауапкершілік. Бала өмірге сау келуі үшін алдымен ананың жайына алаңдаймыз. Жүкті әйел босанғанға дейін де, босану кезінде де шұғыл көмек қажет болған жағдайда әрқашан дайын болу – дәрігерлік антымыз бен мамандығымызға деген жауапкершілігіміз. Мұндайда нар тәуекелге бел буу аздық етеді, тез ойды жинақтау, дұрыс тұжырым жасау маңызды. Дәрігерлерде демалыс деген болмайды. Оның демалысы да, қуанышы да аман сау аналар мен бақытты балалар. Еліміздің қай қиырына барсақ та, «апайлап» алдымыздан шығып жататын қыз-келіншектердің ақ көңілінен шыққан алғысын көргенде өзіңнің бекер өмір сүріп жүрмегенді іштей топшылайсың», – дейді кейіпкеріміз .

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА

http://qazaly.kz/analar-men-balalar-zhanashyry/
9-03-2017, 13:01