Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы салтанатында марапатталған әріптестер

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы салтанатында марапатталған әріптестерЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығы салтанатында марапатталған әріптестер

 

«Құрмет» орденімен

 

Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызыоблыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

 

«Шапағат» медалімен

 

Карибаева Раушаноблыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы

 

Қазақстан Республикасының «Құрмет» грамотасымен

 

Құрманбаева Раяш ШәкенқызыҚармақшы аудандық ауруханасының перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі

Ізмағамбетов Құламерген Асылбекұлыоблыстық медицина орталығының ақылы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі

 

«Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағымен

 

Аисина Дина Есжанқызы«Денсаулық сақтау» және «Азаматтық қорғау» салаларының үздігі төсбелгісінің иегері

 

«Еңбек ардагері» медалімен

Есендикова Алия - Қызылорда медициналық жоғары колледжінің оқытушысы
Жундабекова Кулжамал Алиевна - Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығының акушер –гинеколог дәрігері
Нұрхожаев Асылхан - Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының дәрігері
Кульсартов Сагимбай Каракулович - Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласының ардагері
Асанова Саракуль Асановна- Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығының статист дәрігері

 

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі

 

Байхадамов Махмут Мәжитұлы - Қызылорда қалалық №1 емханасының дәрігер травматологы
Нургалиев Габиболат Мендибаевич - Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының дәрігер наркологы
Кушербаева Улпан Касабековна - облыс фармация саласының провизоры

 

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі

 

Байменова Ғалия Әбсадыққызы - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы
Сақтағанова Ғазиза Әбдіғапбарқызы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы
Көрегенов Темірхан Исаханұлы - Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы
Даутбаев Берик Русланович - облыстық медициналық орталығының кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі
Оспанов Шахмарат Есенжолұлы - Қызылорда облыстық онкология орталығының хирургия бөлімінің меңгерушісі
Бердимаганбетов Темирхан Қуанышович - Арал аудандық орталық ауруханасының реанимация бөлімінің меңгерушісі
Ермаханова Индира Елдесовна - №6 қалалық емханасының гинекология бөлімінің меңгерушісі
Исаханова Загира Алиевна - №1 қалалық емханасы бас дәрігерінің ішкі аудит жөніндегі орынбасары
Тлеулеева Гульнара Кожабаевна - Қызылорда медициналық жоғары колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Нальтаева Гульнара Санаковна - Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасының дәрігер эндокринологы
Артықбаев Сейлхан Жакыпбекович - «Қазалы теміржол ауруханасы» жанұялық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері
Нурмагамбетова Гульмайрам Нурмаганбетовна - «Абай» ауылдық емханасының акушеркасы
Таласбай Әбілғазы - Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасының тері-жіңішке аурулар бөлімінің меңгерушісі

 

«НҰР ОТАН» партиясы саяси кеңесі бюросының қаулысы бойынша «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен

Шәмшиев Сағындық - облыстық «жедел жәрдем» стансасының дәрігері

 

«НҰР ОТАН» партиясы Қызылорда облыстық филиалының «Алғыс» хатымен

 

Қартабаева Әлия Жұмағұлқызы - Қазалы ауданына қарасты Бозкөл ауылдық ауруханасының жалпы тәжірибиелік дәрігері
Қыстаубаева Жанымкүл Қыстаубайқызы -ЖИТС орталығының дәрігері
Баешев Рүстем Мәуленұлы - облыстық медицина орталығының нейроинсульт бөлімінің меңгерушісі
Ешпанова Шынар Ақжігітқызы - Қызылорда қалалық №4 емханасына қарасты «Махамбет» ауылдық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері
Бекенов Серік Қалыбайұлы - облыстық стоматология емханасының бас дәрігері
Исаханова Загира Алиевна - №1 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары
Тусупкалиева Ибакыз Шариповна - облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері

 

Облыс әкімінің «Құрмет Грамотасымен»

 

Омаров Ернияз Омарович - денсаулық сақтау саласының ардагері
Маханов Тұрғанбай Маханович - денсаулық сақтау саласының ардагері
Кузденова Раиса Абдешовна - денсаулық сақтау саласының ардагері
Шамшиев Сағындық Шамшиевич - денсаулық сақтау саласының ардагері
Сыздыков Акмырза Сыздыкович - денсаулық сақтау саласының ардагері
Атабаев Базарбай Асанбаевич - денсаулық сақтау саласының ардагері
Балабекова Каракоз Рзатаевна - денсаулық сақтау саласының ардагері
Карибаева Бейсенкуль Утегеновна - денсаулық сақтау саласының ардагері
Беисов Мухтар Беисович - денсаулық сақтау саласының ардагері
Ибраева Азима Балтабаевна - денсаулық сақтау саласының ардагері
Налибаева Сауле Мадельхановна - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының» Қызылорда облыстық филиалының директоры
Қожарипова Жаннат Шайхсламовна - облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары
Мырзағалиева Нұржамал Жұмағалиевна -облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу – алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары
Сарбаева Зауреш Сағатовна - облыстық денсаулық сақтау басқармасының персоналды басқару және ұйымдастыру бөлімінің басшысы
Бурамбаева Баян Уристамбековна - облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы
Жолманов Даулетбек Абдиреевич - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы
Құтыбаева Тәттігүл Қожабековна - облыстық денсаулық сақтау басқармасының персоналды басқару және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы
Әмір Нұрлан Әмірұлы - Шиелі аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері
Усейнов Сакен Алеудинович - Жаңақорған аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері
Төралиева Гүлшара Төралиевна - «Достар-мед» клиникасының дәрігер акушер – гинекологы

 

 

Марапаттарыңыз құтты болсын, қадірлі әріптестер!

 

19-12-2016, 23:30

Қызмет сапасы сараланды

Қызмет сапасы сараландыҚызылорда қалалық ауруханасының мәжіліс залында барлық емдеу ұйымдары бас дәрігерлерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша алқа отырысы болып өтті.

Алқа отырысына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н.Мырзағалиева төрағалық етіп, күн тәртібінде облыстық туберкулезге қарсы күрес қызметін және облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметін оңтайландыру бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, облыс бойынша өлім-жітім көрсеткіші қаралды.

Облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметін оңтайландыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы жедел-жәрдем станциясының бас дәрігері А.Құрманғали кеңінен баяндаса, облыстағы өлім-жітім көрсеткіші жөнінде Ш.Ералиеваның хабарламасы тыңдалды. Сонымен бірге, аймағымызда тіркелген суицид жағдайларына А.Негай талдау жасады. Сондай-ақ, жиында Сырдария, Жалағаш, Шиелі аудандық ауруханаларының бас дәрігерлері мен №№1, 5 қалалық емханаларының бас дәрігерлерінің хабарламалары тыңдалды. Олар өздері басқарып отырған мекеме жайын баяндай отырып, шешімін таппай жүрген мәселелерін де айтып өтті.

Жиын соңында алқа мүшелерінің пікірлері мен ұсыныстары қабылданып, басқарма басшысының орынбасары бас дәрігерлерге бірқатар тапсырмалар берді.

Б.БАТЫР.

Суретtengrinews.kz сайтынан алынды

http://syrboyi.kz/zedelnews/9073-yzmet-sapasy-saralandy.html

12-12-2016, 12:35

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қызылорда қаласына аялдайды

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қызылорда қаласына аялдайдыҚұрметті қала тұрғындары!

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қызылорда қаласына аялдайды. Оның құрамында түрлі сала өкілдері тұрғындардың әлеуметтік, медициналық, басқа да мәселелері бойынша кездесулер, кеңес беру және жеке қабылдаулар өткізеді.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қызылорда қаласына аялдайдыБаршаңызды осы республикалық акцияға қатысуға шақырамыз!

 

 

 

 

http://syrboyi.kz/zedelnews/8969-tuelsz-azastan-poyyzy-keled.html

29-11-2016, 17:45

Аудандағы нейроинсульт орталығы

Аудандағы нейроинсульт орталығыДәрігерлерді жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульттен зардап шегетіндердің қатары жылдан-жылға өсіп жатқаны алаңдатуда. Дерекке жүгінсек, аурудың осы түріне шалдыққандар бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды иеленеді екен. Аталған аурулардың салдарынан еңбек қабілетін жоғалтушылар саны күрт өскен. Соған орай, соңғы жылдары мәселені шешудің жолдарын қарастырған Үкімет «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты тармағын қан айналымының бұзылуынан болатын аурулардың алдын алуға арнады. Осы бағытта өткен жылы республикада 16 инсульт орталығы ашылған.

 

Соңғы жылдары Қызылорда облысында да қан қысымының жоғарылығы, жүрек-қан тамыры аурулары тұрғындар арасында жиі кездесетіні байқалады. Облыстық сала басшылары осы жағдайды ескере келе, биылғы жылы Қазалы аудандық теміржол ауруханасының жанынан нейроинсульт бөлімшесін ашуды ұйғарған болатын. Осынау жағымды жаңалық баршаны елең еткізді. Бұрын осы дертпен сырқаттанғандарды шалғайдан облыс орталығына апаратын болсақ, енді ауданның дәрігерлерінің көмегіне жүгіне алатындығымыз қуанышты жайт еді. Осы тұрғыда атқарылған шаруа, аудан көлемінде қан қысымы жоғары науқастарды емдеу барысы туралы нейроинсульт бөлімінің меңгерушісі Дастан Аманбаймен сөйлесуді жөн санаған едік.

«Бөлімшенің ашылғанына көп уақыт өтпегенімен жұмыс жүйелі де сапалы жүріп жатыр деп толық айтуға болады. Оған қоса облыс аудандарының ішіндегі жалғыз нейроинсульт орталығы әзірге тек Қазалыда ғана орналасқан. Нақты кезеңде аудан тұрғындарынан бөлек, Арал, Қармақшыдан да көптеген науқас келіп ем алуда. Жыл басынан бері 9 айдың ішінде 220 науқас түсіп, оңалып шықты. Алдымен ауруханаға келген науқасқа компьютерлік томография жасалып, нақты диагноз қойылғаннан кейін жан сақтау бөліміне жіберіледі. Жағдайы жақсарған соң жалпы бөлімге шығарылып, емін алады. Медициналық көмектің барлығы тегін жүргізіледі. Ескеретін жай, тромблизис әдісі бойынша науқасты толық айықтырып жіберуге мүмкіндік бар. Ол үшін азамат ауырғаннан бастап үш сағаттың ішінде орталыққа келуі тиіс. Тілі күрмеліп, қан қысымы көтеріле бастағанын сезсе, дереу жедел жәрдем көлігін шақыртып, орталыққа келуі керек. Олай дейтінім, алғашқы үш сағатта тромблисиз әдісі арқылы, яғни арнайы дәрі жіберіп, ми қан тамырындағы тромбты ерітіп жіберуге болады. Бұл дегеніміз қан тамырларында ұйып, түйіршіктелген қанды ерітіп, науқастың жағдайын бұрынғы қалпына келтіру дегенді білдіреді. Осы уақытта жүргізілген емдеу әдісі ғана өз нәтижесін береді. Аурудың алғашқы белгісі білінген сәттен дер кезінде бізге келіп көрінген бес науқасқа жоғарыда айтылған тромблизис жасалды. Соның нәтижесінде бес науқастың баршасы сауығып шығып, отбасына қауышты», – дейді дәрігер Дастан Аманбай.

Тағы білгеніміз, осы бөлімшеде 6 науқастың басына сәтті операция жасалыпты. Осылайша олардың миында ұйып қалған қан алынып, аман қалыпты. Өте қуантарлық жағдай. Сонымен қатар, бөлімшеге қарасты науқасты қалпына келтіру кабинетінде 75 адам ем алған. Сүйсінерлігі, мұндағы дене шынықтыру бөлмесі соңғы үлгідегі спорт құрылғыларымен жасақталынған екен.

Аурухананың нейроинсульт бөлім­шесінде емделуші Айсұлу Сыдық есімді әжемен тілдескенімізде: «Менің басыма қан қысымымның көтерілуіне байланысты осы жерде ота жасалды. Шүкір, қазір сауығып келемін. Жағдайым да біршама жақсарып қалды. Емдеуші дәріргерлер менің жай-күйімді келіп қадағалап тұрады. Дәрі-дәрмектерді уақытылы аламын. Дәрігерлер мен мейірбикелерге аналық алғысым шексіз», – деген лебізін жеткізді.

Айта кетейік, бүгінгі әңгімемізге арқау болған Қазалы теміржол ауруханасының ұжымында кәсіби сауаттылығы, білік-парасатымен жұршылықтың ықыласына бөленіп жүрген медицина саласының майталмандары еңбек етеді. Аурухана 1904 жылы шағын амбулатория есебінде ашылған. Ал бір жылдан кейін Орынбор теміржол бөлімінің құрылуына байланысты теміржол ауруханасы болып өзгертілді. Міне, ғасырдан астам уақыттан бері халыққа тұрақты қызмет жасауда. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң аурухана замана талабына сай ғимаратқа көшіріліп, жаңа үлгідегі қондырғылармен жабдықталды. Талай жанның алғысын арқалаған ұжымды ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі Құбыл Ршымбетов басқарып келеді.

Есет ТАБЫНБАЕВ

Қызылорда облысы

https://www.egemen.kz/2016/11/12/73661

14-11-2016, 18:46

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ 35 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ АЯЛДАЙДЫ

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ 35 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ АЯЛДАЙДЫЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жолға шығатын «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 35 елді мекенге тоқтайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде мерекелік пойыз штабының жетекшісі Әміржан Әлпейісов айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы өз жұмысын ертең, 1 қараша күні бастайды. Мерекелік пойыздың сапары Астана-Қарағанды бағытында басталады. Сосын Шығыс және Солтүстік Қазақстан өңірлерін беттей отырып, батыс аймаққа жол тартады. Ең соңғы нүктесі Алматы қаласы болмақ. Жалпы, 43 күннің ішінде 35 елді мекенге тоқтайды. Жергілікті xалыққа, оның ішінде зейнеткерлер мен мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне және шалғайда тұратын ауыл тұрғындарына қызмет ұсынады», - дейді Әміржан Әлпейісов.
Айта кетейік, акция аясында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету,сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және т.б салалар бойынша консультациялық кеңес беріледі.


http://kyzylorda-news.kz/nezavisimost/11984-tuelsz-azastan-poyyzy-35-eld-mekenge-ayaldaydy.html

1-11-2016, 20:11

ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫҚаншама адамның дертіне дауа тауып, алғыс арқалаған білікті басшы Құбыл Ршымбетов басқаратын «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоға­мының филиалы – «Қазалы темір­жол ауруханасы» үлкен қуанышқа кенелді. Ілгеріректе көмірмен, 2012 жылдан бастап сұйық газбен жылытылған аурухана енді табиғи көгілдір отынның қызығын көретін болды.

«Саламатты Қазақстан» мемле­кеттік бағдарламасын жүзеге асыра отырып, халықтың денсаулығын сақтау жолында аянбай қызмет етіп келе жатқан үлгілі ұжымдағы жағымды жаңалықты естіп, аурухана бас дәрігерінің шаруашылық жөніндегі орынбасары Сатыбай Қосжановпен жолықтық.

– 2012 жылға дейін көмір жақтық. Одан кейін мекемеге котелдер алып, сұйық газбен жылытуды бастадық. Былтырдан бері ауданға табиғи газ келгесін қажетті құжаттарды дайындадық. Нәтижесінде аурухана ғимараты толықтай табиғи газбен қамтылды. Жалпы, аурухана бөлмелері қыс мезгілінде 22 градустан төмен болмауы керек. Бұрындары жылыту жұмыстарымен күндіз-түні айналысып, қиындығын сезетінбіз. Қазір операторлар бір ғана тетікті бұрау арқылы іштегі жылудың жай-күйін басқарып отыр, – дейді ол.

Уақыт талабына сай, бұрынғы от жағушы атауы бүгінде оператор болып ауыстырылды. Шаруашылық бөлімінің басшысымен бірге, Орынбасар Баймұхамбетов, Рауан Аманов, Ринат Қыпшақбаевтар Қызылорда қаласында «ГазТранс­Аймақ» мекемесінде арнайы білім алып, газбен жұмыс жасаудың қыр-сырына қанығып қайтты.

Тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде аудан көлемінде атқарылған игі істер жетерлік. Соның бірі –еңбек тәртібі мен қызмет сапасы қатты қадағаланып, заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтар арқылы емдеудің ең озық тәсілдері қолданылатын аурухана ғимаратының газбен қамтылуы. «Дені сау ұрпақ – ел келешегі» десек, сырқаттардың ем қабылдап, денсаулығын жақсартатын орынның жанға жайлы, жылы әрі таза болғанына көңіліміз марқайып қалды.

Алдағы уақытта ел денсаулығын сақтау жолында аянбай тер төгіп жүрген теміржол ауруханасының асханасы табиғи газбен қамтылып, қысы-жазы ыстық су кедергісіз пайдаланылатын болады.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.

http://qazaly.kz/temirzhol-auruhanasy-tabi-i-gaz-a-osyldy/

ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ


26-10-2016, 16:10

Теміржол ауруханасы газға қосылды


Қазалы теміржол ауруханасының облыстағы медицина саласында өзіндік орны бар. Ауласына қадам басқаннан мұнтаздай тазалықтың, тегеурінді тәртіптің ордасы екенін аңғару қиынға соқпайды. Жаз мезгілінде бас сұқсаңыз, жанарыңыз жайқала өскен жасыл желекке түседі. Самалмен тербетілген көлеңкелі ағаштар, алуан гүлдер мұнда көгалдандыру-көркейту шараларының өз мәнінде екенін аңғартады. Оған қоса ҚР-ның денсаулық сақтау саласының үздігі Құбыл Ршымбетов ұзақ жылдан бері басшылық жасайтын ауруханада заманауи жаңалықтарды игеруге, соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен жұмыс жасауға баса мән беріледі.

Осындай ізденімпаздықтың арқасында жуырда тағы бір игілікті іс жүзеге асты. Тораптық аурухана аудан орталығындағы мекемелер арасында бірінші болып орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды.

- Ғасыр тоғысында жылу бағасының қымбаттауына байланысты теміржол ауруханасы орталықтандырылған жылу қазандығынан ажыратылып, өз алдына жылу қазандығын салып, соған ауысқан болатын. Бұл кезде ғимарат көмірмен жылытылып жүрді. Маусымына 1000-1200 тонна көмір жағылушы еді. Бұрынғы тәсілге қарағанда арзандау көрінгенмен жылуды тұрақты ұстап тұру қиынға түсетін. Ойласа келе жаңадан газбен жылытатын екі қазандық сатып алдық. Осылайша облыс аудандарының профилактикалық мекемелерінің арасында тұңғыш сұйытылған газбен жылытуды қолға алдық. Жылуға кететін шығын біршама азайды. Міне, енді газ жүйесіне қосылдық. Нәтижесі керемет. Қаржылық тұрғыда өте тиімді. Тасымалданатын сұйытылған газға жұмсалатын шығыннан анағұрлым (кемінде 3-4 есе) арзан. Көптеген шаруа тындырылды. Жазатайым газ болмаған жағдайда қосымша көмірмен жылытатын екі жылу қазаны, бөлімдерді орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау үшін тағы бір қазандық орнатылды. Алдағы уақытта аурухананың асханасын газ жүйесіне қосу көзделуде. Сондай-ақ науқастарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын, деңгейін көтеру басты назарда тұр. Аурухана пайдалануға берілгеннен бері жұмыс істемей тұрған жүк лифтісі жөнделіп, іске қосылды. Ішкі электр жүйесінде мін болмауы үшін қосымша қос бірдей авариялық автостанция, әрбір науқастың керуетінің тұсына мейіркешке сигнал беру қондырғысы қойылды, - дейді Қазалы теміржол ауруханасы директорының щаруашылық жөніндегі орынбасары Сатыбай Қосжанов.

«Ұйымдастыра білген ұтады» деген осы.

Жүмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

http://halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=6297:2016-10-24-03-58-32&catid=2:2011-11-18-08-59-27&Itemid=2

24-10-2016, 16:43

Әр аурудың емі бар, бірақ...

Әр аурудың емі бар, бірақ...Жан КЕНЖЕ

Әбу Хурайра жеткізген хадисте Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) «Алла өзі жіберген кез келген аурудың шипасын да жібереді» дегені жайлы айтылады. Яғни, кез келген дерттің дауасы бар деген сөз. Десе де, кей сырқаттардың емі табылса да, ол жайлы ақпарат жеткілікті деңгейде таралмай, құзырлы ұйымдар көбінде ол жайлы үнсіз қалатыны туралы әңгімелер ел арасында көп айтылады. Кейде осы айтылған әңгімелер рас-ау деп қаласың.

Бір кездері дәрі-дәрмек тапшы дүниенің бірі болса, қазір дәріхана сөрелерінен бәрін табуға болады. Ең қызығы – біз үшін дәріханаға бару дүкенге немесе базарға барып, нан сатып алғандай қалыпты дүниеге айналды. Күн сайын теледидардан көретініміз – тағы сол дәрі-дәрмектің жарнамасы. ХХІ ғасырда фармацевтика қалайша табысты бизнес көзіне айналып үлгерді? Біз неге дәріге сонша тәуелді болып кеттік? Жауап біреу – бәріне дәрілік препараттардың жоғары кәсіби деңгейде жасалған әрі кең таралған жарнамасы кінәлі. Ресми мәліметтерге сенсек, фармкомпаниялардың ТВ мен интернеттегі жарнамаға жұмсайтын инвестициясы миллиардтаған долларды құрайды. Былайша айтқанда, ол мемлекеттің денсаулық сақтау саласына бөлетін қаржысының қомақты бөлігіне тең.

Одан бөлек, көптеген жазылмайтын, ауыр науқастардың емі табылған деседі. Оны бізге сұхбат берген дәрігер де растады. «Мысалы, АҚШ, Канада, Германия сияқты алпауыт елдер барлық ауруларды емдей алады, алайда құпиясын айтпайды» дейді дәрігер. Сонымен бірге, дәрі-дәрмектің де құрамын ашық айтпауға тырысады. Көбінде құрамында ингредиенттердің химиялық атауларын жазғанымен, олар негізінен өсімдіктерден және жануарлардан жасалатын көрінеді.

Қарап тұрсаң, химиялық, фармакологиялық өнеркәсіптің өкілдері адамзатқа қарсы бірдеңе ойластырып жатқандай. Ерте ме, кеш пе, олар адамды сиреп кеткен биологиялық түрлердің біріне айналдыратын сияқты. Фармацевтика бизнесінің пайдакүнемдігі мен арамзалығына ХХ ғасырда АҚШ-та орын алған мына оқиға дәлел бола алады.

1901 жылы пенициллинді жасап шығарған Флеминг оны бүкіл адамзаттың игілігі деп атап, патент рәсімдеуге қарсы болған-ды. Бірақ, АҚШ үкіметі оның дегенін болдырмады. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде КСРО сол пенициллинді сұрағанда, Америка бермеді. Сондықтан, оны КСРО өздері ойлап табуға мәжбүр болды. Ол аз болғандай, АҚШ 1946-1948 жылдары пенициллиннің әсерін тексеру үшін 1300 гватемалалық тұтқындар мен ақыл-есі кем науқастарға әдейі соз ауруларын жұқтырып, заңсыз эксперимент жасаған.

Міне, сырқаттың шипасы мен оған қажет дәрілік препараттарды жасыру – әу бастан бар «дәстүр». Айталық, 70-жылдары қатерлі ісік қарапайым В17 дәруменінің жетіспеушілігінен туындайтынын ойлап тапқан Дж. Эдвард Гриффин «Қатерлі ісіктен ада әлем» атты кітап жазды. Алайда, бұл жаңалық насихатталмайды, керісінше халықты химиялық дәрі-дәрмекпен қамтып, үнемі олардың қажеттілігін туғызып отыру, ауруды тек уақытша басатын препараттарды көптеп шығару фармацевтік компанияларға әлдеқайда тиімді. Медициналық сауатымыз кем, тек дәріге сеніп үйренген сорлы басымыз сол компаниялардың дайын жемтігі болып отырмыз. Сондықтан да, құрметті оқырман, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.

https://korrespondent.kz/index.php/kogam-news/item/1968-r-aurudy-emi-bar-bira

20-10-2016, 17:28

Инсульт орталығы оңалтады


 


Дәрігерлерді жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульттен зардап шегетіндердің қатары жылдан-жылға өсіп жатқаны алаңдатуда. Дерекке жүгінсек, аурудың осы түріне шалдыққандар бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды иеленеді екен. Аталған аурулардың салдарынан еңбек қабілетін жоғалтушылар саны күрт өскен. Соған орай, соңғы жылдары мәселені шешудің жолдарын қарастырған Үкімет «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты тармағын қан айналымының бұзылуынан болатын аурулардың алдын алуға арнады. Осы бағытта өткен жылы республикада 16 инсульт орталығы ашылған.

Инсульт орталығы оңалтадыСоңғы жылдары біздің өңі­рімізде қан қысымының жо­ғарылығы, жүрек-қан тамыры аурулары тұрғындар арасында жиі жолығып жүргені көпке мәлім. Облыстық сала басшылары, ел ағалары осы жағдайды ескере келе, биылғы жылы темір­жол ауруханасының жанынан нейроинсульт бөлім­шесін ашуды ұйғарған болатын. Осынау жағымды жаңалық баршаны елең еткізді. Бұрын осы дертпен сырқат­танғандарды шалғайдағы облыс­ орталығына апаратын болсақ, енді аудан дәрігерле­рі­нің көмегіне жүгіне алатындығымыз қуанышты жайт. Осы тұрғыда атқарылған шаруа, аудан көлемінде қан қысымы жоғары науқастарды емдеу бары­сы туралы нейроинсульт бөлімінің меңгерушісі Дастан Аманбаймен сөйлесуді жөн санағ­ан едік.

- Бөлімшенің ашылғанына көп уақыт өтпегенімен, жұмыс жүйелі де сапалы жүріп жатыр деп толық айтуға болады. Оған қоса облыс аудандарының ішіндегі жалғыз нейроинсульт орталығы әзірге тек Қазалы ауданында ғана орналасқан. Нақты кезеңде аудан тұрғын­дарынан бөлек, Арал, Қармақшыдан да көптеген науқас келіп ем алуда. Жыл басынан бері 9 айдың ішінде 220 науқас түсіп, оңалып шықты. Алдымен ауруханаға келген науқас­қа компьютерлік томография жасалып, нақты диагноз қойылғаннан кейін жансақтау бө­ліміне жіберіледі. Жағдайы жақсарған соң жалпы бөлімге шығарылып, емін алады. Емдеу ұзақтығы науқастың жағдайына байланысты он күннен жиырма тәулікке дейін со­зылуы мүмкін. Егер науқас толық айығып кетсе, үйіне, ал әлі де емді қа­жет ететін болса, қайта қалпына келтіру бөліміне жібереміз. Медициналық көмектің барлығы тегін жүргізіледі. Ескере­тін жайт, тромблизис әдісі бойынша науқасты толық айық­тырып жіберуге мүмкін­дік бар. Ол үшін азамат ауыр­ғаннан бастап үш сағаттың ішінде орталыққа келіп болуы тиіс. Тілі күрмеліп, қан қысымы көтеріле бастағанын сезсе­, дереу жедел жәрдем көлігін шақыртып, орталыққа келуі керек. Олай дейтінім, алғашқы үш сағатта тромболизис әдісі арқылы, яғни арнайы дәрі жіберіп, ми қан тамырындағы тромбты ерітіп жіберуге болады. Бұл дегеніміз қан тамырларында ұйып, түйіршіктелген қанды ерітіп, науқастың жағдайын бұрынғы қалпына кел­тіру дегенді білдіреді. Осы уақытта жүргізілген емдеу әдісі ғана өз нәтижесін бере­ді. Ал науқас кешігіп келсе, ми қан тамырларында қалпына келмейтін өзгерістер туындап, аталған әдісті қолдану тиімсіз болуы ықтимал.Аурудың алғаш­қы белгісі білінген сәт­тен дер кезінде бізге келіп көрінген (тілі күрметіліп, аяқ-қолының қозғалысы нашарлай бастаған) бес науқасқа жоғар­ыда айтылған тромболизис жасалды. Соның нәтиже­сінде бес науқас та сауығып шығып, отбасына қауышты, - дейді білікті дәрігер Дастан Аманбай.

Тағы білгеніміз, осы бөлім­шеде 6 науқастың басына сәтті операция жасалыныпты. Осылайша олардың миында ұйып қалған қан алынып, аман қа­лыпты. Өте қуантарлық жағдай. Сонымен қатар, бөлім­шеге қарасты науқасты қалпына келтіру кабинетінде 75 адам ем алған. Сүйсінерлігі, мұн­дағы дене шынықтыру бөлмесі соңғы үлгідегі спорт құрылғыларымен жасақталынған екен.

Аурухананың нейро­ин­сульт бөлімшесінде емделуші Ай­сұлу Сыдық есімді әжеймен тілдестік.

- Менің басыма қан қысымымның көтерілуіне байла­нысты осы жерде ота жасалынды. Шүкір, қазір сауығып келе­мін. Жағдайым да біршама жақсарып қалды. Емдеуші дәрігерлер менің жай-күйімді келіп қадағалап тұрады. Дәрі-дәрмектерді уақытылы аламын. Дәрігерлер мен мейір­бикелерге аналық алғысым шексіз, – деген лебізін жет­кізді.

Оқырмандарымызға түсі­нікті болуы үшін «Инсульт дегені­міз не? Оған адамдар қалай ұшырайды?» деген сұрақтарға жауап іздеген едік. Көпшіліктің көкейінде жүр­ген бұл сұрақтарға дәрігер Дастан­ Аманбай:

- Инсульт тез пайда болады, алдын ала сезу қиын. Сондықтан қан қысымы жоғары, жүрегі ауыратын, қант диабеті бар адамдар өз денсаулығын күтіп, жиі қан қысымынөлшеткендері жөн.Адамдардың жүйке жүйесіне түсетін салмақ көп. Әрі артериялық қан қысымы, қант диабеті, жүрек ауруымен ауыратындар саны ұлғайып кетті. Бұған қоса адамдардың көпшілігі спортпен шұғылданбайды, дұрыс тамақтанбайды. Соңғы жылдары сыраға құмарлардың қатары көбейіп кетті. Ал сыра семіздікке душар етеді. Бауырды зақымдап, бүйрек пен қуыққа кері әсерін тигізеді. Бұл өз кезегінде адамға салмақ қосып, қан қысымының көтерілуіне әкеледі. Сөйтіп, инсульттің қаупін күшейтеді. Қозғалыстың аздығы мен құнарсыз тамақ – барлық аурудың бастамасы. Қазір тұрғындардың көпшілігі жартылай дайын тағамдарды пайдала­нады. Аурудың астан екенін ескер­сек, газдалған сусындар мен түрлі қуырылған қытырлақтардың денсаулыққа тигізер зияны болмаса, пайдасы жоқ. Инсульттің алғашқы бастамасында адамның көңіл күйі бұзылады, басы айналады, тілі күрмеледі, бір жақ аяқ-қолы жансызданады, –деп жауап қайтарды.

Сонымен қатар теміржол ауруханасында еліміз бойынша барша аудандардың ішінде компьютерлік томографияның тек Қазалыда бар екенін атап кету ләзім. Аталмыш кабинет меңгерушісі 35 жылдан бері денсаулық саласында тынымсыз тер төгіп келе жатқан Ербол­ат Дәрібай есімді тәжірибелі дәрігер.

- Ауруханаға түскен науқасты жедел түрде КТА аппаратына салып, рентген арқылы дене мүшесін мұқият тексеріп, ауру белгілері қай жерде екенін анықтап беру - біздің міндеті­міз. Айта кетерлігі, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы мүшелерін, зейнеткерлерді, «Алтын», «Күміс» алқа иегерлері, көп балалы аналарды, мүгедек жандарды тегін тексеріп, мейлінше тиімді қызмет көрсетеміз, – дейді Е.Дәрі­бай.

Айта кетейік, бүгінгі әңгімемізге арқау болған Қазалы темір­жол ауруханасының ұжы­мын­да кәсіби сауаттылығы, білік-парасатымен жұрт­шы­лықтың ықыласына бөленіп жүрген медицина саласының майталмандары еңбек етеді. Аурухана 1904 жылы шағын амбулатория есебінде ашыл­ған. Ал келесі жылы Орынбор теміржол бөлімінің құрылуына байланысты теміржол ауру­ханасы болып өзгертілді. Міне, ғасырдан астам уақыттан бері халыққа тұрақты қызмет жасау­да. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң аурухана замана талабына сай ғимаратқа көшіріліп, жаңа үлгідегі қондырғылармен жабдықталды. Талай жанның алғы­сын арқалаған ұжымды ұзақ уақыттан бері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі Құбыл Ршымбетов басқарып келеді.

Есет ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы ауданы

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=6238%3A2016-10-13-04-31-09&catid=5%3A2011-11-18-09-02-24&Itemid=5

13-10-2016, 17:20

МҮМКІНДІГІ МОЛ АУРУХАНА

МҮМКІНДІГІ МОЛ АУРУХАНАБиыл Қазалыда теміржол ауруханасының жанынан нейроинсульт бөлімшесі ашылғаны көпшіліктің құлағын елең еткізді. Оның себебі де бар. Бұрын қан қысымымен ауыратын науқастарды шалғайдағы облыс орталығына апаратын едік, енді аудан дәрігерлерінің көмегіне жүгіне алатынымыз қуанышты жайт. Жаңадан іске қосылған осы бөлімнің жұмысы бүгінде қызу. Дертіне шипа тапқандар да жетерлік. Дәлірек айтсақ, тоғыз айдың ішінде екі жүзден астам науқас оңалып шыққан.

 

Осы орайда, біз аудан көлемінде қан қысымы жоғары науқастарды емдеу барысы және оның алдын алудың жолдары туралы білгіміз келіп, нейроинсульт бөлімінің меңгерушісі Дастан Аманбаймен тілдескен едік.

– Бөлімшенің ашылғанына көп уақыт өтпегенімен жұмыс жүйелі де сапалы жүріп жатыр деп толық айтуға болады. Оған қоса облыс аудандарының ішіндегі жалғыз нейроинсульт орталығы әзірге тек Қазалы ауданында ғана орналасқан. Нақты кезеңде аудан тұрғындарынан бөлек, Арал, Қармақшыдан да көптеген науқас келіп ем алуда. Жыл басынан бері 9 айдың ішінде 220 науқас түсіп, оңалып шықты. Алдымен ауруханаға келген науқасқа компьютерлік томография жасалып, нақты диагноз қойылғаннан кейін жан сақтау бөліміне жіберіледі. Жағдайы жақсарған соң жалпы бөлімге шығарылып, емін алады. Емдеу ұзақтығы науқастың жағдайына байла­нысты он күннен жиырма тәулікке дейін созылуы мүмкін. Егер науқас толық айығып кетсе үйіне, ал әлі де емді қажет ететін болса, қайта қалпына келтіру бөліміне жібереміз. Медициналық көмектің барлығы тегін жүргізіледі. Ескеретін жайт тромблизис әдісі бойынша науқасты толық айықтырып жіберуге мүмкіндік бар. Ол үшін азамат ауырғаннан бастап үш сағаттың ішінде орталыққа келіп болуы тиіс. Тілі күрмеліп, қан қысымы көтеріле бастағанын сезсе, дереу жедел жәрдем көлігін шақыртып, орталыққа келуі керек. Олай дейтінім, алғашқы үш сағатта тромблисиз әдісі арқылы, яғни арнайы дәрі жіберіп, ми қан тамырындағы тромбты ерітіп жіберуге болады. Бұл дегеніміз қан тамырларында ұйып, түйіршіктелген қанды ерітіп, науқастың жағдайын бұрынғы қалпына келтіру дегенді білдіреді. Осы уақытта жүргізілген емдеу әдісі ғана өз нәтижесін береді. Ал науқас кешігіп келсе, ми қан тамырларында қалпына келмейтін өзгерістер туындап, аталған әдісті қолдану тиімсіз болуы ықтимал. Аурудың алғашқы белгісі білінген сәттен дер кезінде бізге келіп көрінген (тілі күрметіліп, аяқ-қолының қозғалысы нашарлай бастаған) бес науқасқа жоғарыда айтылған тромблизис жасалды. Соның нәтижесінде бес науқастың баршасы сауығып шығып, отбасына қауышты, – дейді білікті дәрігер Дастан.

Тағы білгеніміз, осы бөлімшеде 6 науқастың басына сәтті операция жасалыныпты. Осылайша олардың миында ұйып қалған қан алынып, аман қалыпты. Өте қуантарлық жағдай. Сонымен қатар, бөлімшеге қарасты науқасты қалпына келтіру кабинетінде 75 адам ем алған. Сүйсінерлігі, мұндағы дене шынықтыру бөлмесі соңғы үлгідегі спорт құрылғыларымен жасақталынған екен.

Аурухананың нейроинсульт бөлімше­сінде емделуші Айсұлу Сыдық есімді әжеймен тіл­де­скенімізде: «Менің басыма қан қысы­мымның көтерілуіне байла­нысты осы жерде ота жасалынды. Шүкір, қазір сауығып келемін. Жағдайым да біршама жақсарып қалды. Емдеуші дәрігерлер менің жай-күйімді келіп қадағалап тұрады. Дәрі-дәрмектерді уақытылы аламын. Дәрігерлер мен мейірбикелерге аналық алғысым шексіз», – деген лебізін жеткізді.

Оқырмандарымызға түсінікті болуы үшін «Инсульт дегеніміз не? Оған адамдар қалай ұшырайды?» деген сұрақтарға жауап іздеген едік. Көпшіліктің көкейінде жүрген бұл сұрақтарға дәрігер Дастан Аманбай: «Инсульт тез пайда болады, алдын ала сезу қиын. Сондықтан қан қысымы жоғары, жүрегі ауыратын, қант диабеті бар адамдар өз денсаулығын күтіп, жиі қан қысымын өлшеткендері жөн. Адамдардың жүйке жүйесіне түсетін салмақ көп. Әрі артериялық қан қысымы, қант диабеті, жүрек ауруымен ауыратындар саны ұлғайып кетті. Бұған қоса адамдардың көпшілігі спортпен шұғылданбайды, дұрыс тамақтанбайды. Соңғы жылдары сыраға құмарлардың қатары көбейіп кетті. Ал сыра семіздікке душар етеді. Бауырды зақымдап, бүйрек пен қуыққа кері әсерін тигізеді. Бұл өз кезегінде адамға салмақ қосып, қан қысымының көтерілуіне әкеледі. Сөйтіп, инсульттің қаупін күшейтеді. Қозғалыстың аздығы мен құнарсыз тамақ – барлық аурудың бастамасы. Қазір тұрғындардың көпшілігі жартылай дайын тағамдарды пайдаланады. Аурудың астан екенін ескерсек, газдалған сусындар мен түрлі қуырылған қытырлақтардың денсаулыққа тигізер зияны болмаса, пайдасы жоқ. Инсульттің алғашқы бастамасында адамның көңіл-күйі бұзылады, басы айналады, тілі күрмеледі, бір жақ аяқ-қолы жансызданады», – деп жауап қайтарды.

Айта кетейік, бүгінгі әңгімемізге арқау болған Қазалы теміржол ауруханасының ұжы­мында кәсіби сауаттылығы, білік-параса­тымен жұртшылықтың ықыласына бөленіп жүрген медицина саласының майталмандары еңбек етеді. Аурухана 1904 жылы шағын амбулатория есебінде ашылған. Ал келесі жылы Орынбор теміржол бөлімінің құрылуына байланысты теміржол ауруханасы болып өзгертілді. Міне, ғасырдан астам уақыттан бері халыққа тұрақты қызмет жасауда. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң аурухана замана талабына сай ғимаратқа көшіріліп, жаңа үлгідегі қондырғылармен жабдықталды. Талай жанның алғысын арқалаған ұжымды ұзақ уақыттан бері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі Құбыл Ршымбетов басқарып келеді.

Есет ТАБЫНБАЕВ.

http://qazaly.kz/m-mkindigi-mol-auruhana/

МҮМКІНДІГІ МОЛ АУРУХАНА

16-09-2016, 18:29